Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет22/46
Дата25.04.2023
өлшемі1,83 Mb.
#86691
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
Safari

«Жақсы» субстантивтенген сын есімі келесі жолдағы «ер» сөзіне 
контекстік синоним ретінде жұмсалған, осы риторикалық сұрауды 
сентенцияға апарар баспалдақ ретінде бағалауға болады, ал көп нүкте 
арқылы ақын халық өміріндегі әр қилы айтылмаған, айтылмас әділетсіз сыр, 
оқиғаларды қамтиды және бұл сөздердің мағынасын келесі жолдағы «халық» 
сөзіне жинақтайды. 
Әйел монологіндегі «Ертеңі жоқ – ақыны жоқ халықтың» сентенциясы 
ақынның халық, қоғам өмірі, мүддесі үшін жаны ауырар адам екенін 
көрсетеді. Сентенцияның құрылымы тілге жеңіл, есте тез сақталып, қайта 
қолдануға лайық. Логикалық екпін, анықтауыш, инверсия, параллель 
конструкциялар сентенциядағы ойдың әсер, қуатын күшейте түскен. «Ертең» 
сөзінің семантикасы кеңейіп, болашақ, келешек мағынасына ауысқан, яғни 
ішкі ырғақ, буын сәйкестігі, «жоқ» сөзінің қайталануы әсерлі шыққан. 
Баллададағы сентенция осы контексте жалпы көпке белгілі ойды айтқанмен, 
басқа контекске түсіп, ойды өрбіту, ойды дәлелдеу қызметін де атқаруы 
мүмкін, яғни сентенцияны баяндау желісінде де, баяндау желісінен үзіп алып 
та қарастыруға болады. 
Күш-билік қолында бола тұра дәрменсіз әкім образы да шығармадағы 
қайшылықтың шешілуі үшін өте мәнді: 
Ожар әкім ештеме де деместен, 
Шығып кетіп, мырзасымен кеңескен. 
«Босат,-депті,-төртеуін де!»-сескеніп, 
Шонжар бастық айдарынан жел ескен. 
Ре
по
зи
то
ри
й 
Ка
рГ
У


39 
Соңғы шумақтағы дерексіз зат есімдер (сезім, бауыр, ақын, аңыз), 
жалпылаушы мәндегі сөздер (талай, әрдайым) мен тұлғалар (зат есім мен 
етістіктегі көптік жалғаулар – жасаңдаршы, ақындар, сезімдер) 
жалпыадамзаттық құндылықтар қашанда өз бағасын, қадірін жоймайтынын 
көрсетеді. 
Көркем 
шығарманың 
коммуникативтік-эстетикалық 
табиғаты 
оқырманның ой-санасына, көңіл күйіне ерекше ықпал ететіні белгілі. Бұл 
орайда көркем мәтінде қолданылған әрбір сөз, әрбір синтаксистік құрылым, 
әрбір стилистикалық тәсіл ондағы ақпар түрлерін жеткізуде айрықша мәнге 
ие болады және олардың бәрі полифункционалды, яғни әрі мағыналық, әрі 
эмоционалдық, әрі эстетикалық ақпар берумен қатар, мәтін түзуге де ықпал 
етеді. Көркем туындыда ақпаратты жоғарыда көрсетілген лингвистикалық 
бірліктермен қатар, графикалық құралдар да жеткізе алады. 
Мәтіннің графикалық-бейнелі түрде ресімделуі поэзияда көптен бері 
және жиі қолданылады. В. Кухаренко «Интерпретация текста» [61] кітабында 
А. Вознесенскийдің «Чайка – плавки бога» метафоралық қолданысы 
визуалды образға негіз болғанын айта келіп, ХХ ғасырдағы орыс 
поэзиясынан Л. Мартыновтың, С. Кирсановтың өрнекті өлеңдерін, В. 
Маяковскийдің «баспалдақтарын» мысалға алады. Сондай-ақ поэтикалық 
текстерге филологиялық талдау жасаған Ю.В. Казарин де графикалық-
ақпаратты өлеңдердің семантикасы сол сыртқы форма мен графикаға 
негізделетінін көрсетеді [62].
Қазақ көркем әдебиетінің өкілдері де өздері мәтінге салатын ақпарды 
көрсету, мәтін модальділігін түзу, ассоциациялар тудыру үшін графикалық 
құралдарды тиімді қолданатыны байқалады. Мәселен, Қ. Мырза Әлидің 
«Төсін мұз, етегін көк әдіптеген» өлеңіне назар аударалық. 
Өлеңнің алғашқы шумағындағы «Тарихтың асқар тауы даңқ деген» 
сентенциясындағы ойды соңғы екі жолмен берілген сентенция жинақтап 
қорытып, жалпыға ортақ қорытынды жасап тұр. Мұнда оқырман назарын 
бірден аударатын ерекшелік – алғашқы сентенцияда даңқ сөзі тіл нормасына 
сәйкес кіші әріппен жазылса, екінші 
« Шыққанға, шықпағанға бірдей қиын 
Тарихтың асқар тауы Даңқ деген...»
сентенциясында бас әріппен жазылған, яғни автор осы графикалық 
ерекшелік пен өлең соңындағы көп нүктені мазмұндық-астарлы ақпарды 
беру үшін қолданады. Демек, өлеңде ақпараттылық санаты тек 
лингвистикалық, 
экстралингвистикалық 
құралдармен 
ғана 
емес, 
паралингвистикалық тәсілдермен де көріне алады. 
Ал ақын Ф. Оңғарсынова 5 шумақтан тұратын «Нарын» деген өлеңінің 
үшінші шумағында «бостандық» сөзін қалыпты шрифтен өзгертіп, тек бас 
әріптермен береді: 
Талай жан сенде азаттық аңсап өтті, 
Исатай БОСТАНДЫҚ деп жар сап өтті. 
Қолға алып бұлбұл көмей домбырасын, 
Дина қыз тамсандырды барша көпті. 
Ре
по
зи
то
ри
й 
Ка
рГ
У


40 
Өлеңде 
эмоционалды-экспрессивті 
бояуы 
айқын 
сөздер 
мен 
фразеологизмдердің, синкреттік тіркестердің (жырға малу, шөлдеген құм) 
мағыналық, эмоционалдық, эстетикалық тұрғыда атқарар қызметі ерекше 
болғанмен, бостандық сөзін даралай көрсету арқылы оған логикалық екпін 
түсірген ақынның эмоционалдық жай-күйі кілт өзгергені байқалады, яғни 
өлеңнің алдыңғы шумақтарында өз елінің бары мен жақсысын перзенттік 
мақтанышпен жырлап отырған автор Нарын топырағында туған Исатай 
тұлғасына, оның көксеген ойына назар аударту арқылы одан кейінгі елдің де 
осы бостандықты қалайтынын көрсетеді, ал бұл дегеніміз - өлеңнің 
мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпары. 
Қазақ көркем әдебиетінде графикалық тәсілдердің ақпараттылығын 
алғашқылардың бірі болып көрнекті прозаик Оралхан Бөкей қолданғанын 
айтуға тиіспіз. Оның шығармаларында дерексіз кейіпкерлердің есімдері 
әрқашан емле, пунктуация ережелеріне қайшы тек бас әріптермен 
таңбалануы оның идиолектін танытумен бірге, көркем текстегі ақпар 
түрлерін беруге қызмет етеді. Автор «Бәрі де майдан» повесіндегі ЖЕҢІС, 
БЕЛГІСІЗ БАТЫР, БЕЛГІЛІЛЕР, ШЫБЫН ЖАН, «Сайтан көпір» 
хикаятындағы АНАУ, АЙҚАЙ, ЖАҢҒЫРЫҚ, АДАЛ АДАМ, МЕН, АДАМ, 
ОЙ, ОЙ-САНА, БІЗДЕР, АДАМНЫҢ АЯҒЫ, АЙҚАЙ ДҮНИЕ тәрізді уәжді 
түрде орфографиялық нормадан ауытқушылық арқылы ақпараттылығы 
айқын тілдік бірліктерді антогонистік сипатта алып, мәтіннің концептуалды-
мазмұнды ақпарына назар аудартуды мақсат еткен.
Осыған байланысты С. Ақсұңқарұлының шығармашылығын да айта 
кеткен жөн. 
Жан-жақты ақпараттылық көркем шығармалар тақырыптарының 
графикалық тұрғыдан ресімделуі арқылы да көрінеді. Бұл орайда сыншы, 
жазушы Т. Шапайдың «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Бәйге» 
әңгімесін мысалға алуға болады. Оқырман ең алдымен тақырыпқа 
шығарылған «бәйге» сөзінің таңбалануына назар аударады және олай 
болмауы мүмкін де емес. Себебі, үш қайталанған «Бәйге» сөзінің алғашқысы 
қалыпты шрифтпен жазылып, соңынан леп белгісі қойылса, екінші 
қайталанған бәйге сөзінің құрамындағы әріптер жоғарылы-төменді 
орналастырылып, сұрау белгісімен тұйықталады, ал үшінші бәйгедегі «ә» 
әрпі қарқылдап күліп тұрған адамның бет-әлпетімен берілсе, қалған әріптер 
ішек-сілесі қатып, құлап жатқан адамдардың кейпімен бейнеленіп, соңынан 
көп нүкте қойылады. Міне, осы графикалық ерекшеліктің өзі-ақ әңгіме 
мазмұнын хабарлап тұрғаны байқалады, ал жалпы шығарма атауының өзі 
қалыпты жағдайда мәтіннің мазмұнын, модальділігін, аяқталғандығын 
эксплицитті түрде көрсетіп, оқырман үшін интерпретациялауға бағыт 
беретінін ескерсек, атауды графикалық тұрғыдан даралаудың ақпараттылығы 
айрықша екені сөзсіз. 
Адамның түрлі көңіл-күйін, психологиялық жағдайын, айтылып, 
суреттеліп отырған оқиғаға көзқарасын, қарым-қатынасын, яғни мәтін 
модальділігін таныту үшін пайдаланылатын тыныс белгілерінің қызметі 
жөнінде жазылып жүр. Өзін ойландырып, толғандырған сезім күйлерінің, 
Ре
по
зи
то
ри
й 
Ка
рГ
У


41 
жан толқыныстарының сан алуанын беруде тыныс белгілерін өте сәтті 
қолданатын ақындардың бірі – Гүлнәр Салықбай. 
Қазіргі қазақ ақын қыздарының бірі де бірегейі Гүлнәр Салықбай екені 
және оның өлеңдері мазмұны, түрі, графикалық ресімделуі тұрғысынан 
жаңашыл болып келетіні оқырман тарапынан да, әдебиеттанушы ғалымдар 
тарапынан да әрқашан атап айтылып жүргені белгілі. Өз өлеңдерінің 
семантикасын ашу үшін Гүлнәр түрлі позициядағы көп нүкте, сұрау белгісі 
сияқты паралингвистикалық құралдарды қабаттастыра қолданады. Ақынның 
мына бір өлеңіндегі графикалық ерекшелік оқырманына түрлі ақпар 
жеткізудің өте сәтті, ұтымды жолы деуге болады: 
Түн келеді сілекейі шұбырып, 
Көзі көрсеқызарланып, құбылып. 
Айды алыста көзін жұмған Күн дерсің, 
Күбірлейді өзіне өзі жылынып. 
Түн сыртында түнереді бір ақын,
Сол ақынға серік болу – мұратым. 
Күліп-күліп Күн ұйқыға кеткенде 
Күлліәлемдік күрсіністен тұратын. 
Мал түгендеп, көз іледі қой аулым, 
Қой ауылда құлпырады бояу мың. 
Күзетші ояу, отырса да ұйқыда, 
Мен түс көріп жатсам-дағы, ояумын. 
Ел ұйқыда. Мен ертеңге сырғыдым, 
Шашы ұзын ұйқылы-ояу құрбының. 
Ит-құсты емес,бірен-саран ояулар 
Қалт жібермей аңдиды кеп бір-бірін. 
Орта көңіл толмай қойды бүгін де, 
????????????????????????????????? 
........................................................... 
Сені, Мені түн жұтады түбінде. 
Бұл өлеңнің әр сөзі, әр тармағы ақпаратты, ассоциативті. Өлең 
шумақтарындағы кейіптеу (ай күбірлейді, түн келеді сілекейі шұбырып, күн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет