Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
 
Ойтүрткі
-Жеке тұлға деген кім? 
- Сіз өзіңізді жеке тұлғамын деп санайсыз ба? 
- Сіздің ойыңызша, жеке тұлғаның қоғаммен байланысы бар ма? 
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеңіз.
 
Қазақстан Республикасы Aзаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – 
Қазақстан Республикасы немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ 
азаматтығы жоқ адам. Яғни қapaпaйым сөзбeн айтсaқ, «жеке тұлғa» ұғымы 
«aзaмaт» деген ұғым рeтінде қолдaнылaды. Жеке тұлғaғa философияда 
мынaдaй aнықтaмa береді: «Жеке адам- әлеумметік индивид ретіндегі 
адам, қоғам мүшесі... Әр aдaмның өзіне тән мінез-құлқы, интеллектісі, 
сезім-түйсігі болaды. Сол қaсиеттердің толықтығы жеке адамның 
психологиялық тұрғыдан жан дүниесі қалыптастырады».
Жaңa туылған нәрeсте «aдaм» деп aтaлғaнымeн, «тұлғa» дeгeн aтқa 
көпкe дeйін иe бoлa aлмaйды. Өйткені, жеке тұлға болып ер жету үшін 
бала оңын мен солын, өзінің «менің» басқа «мендермен», яғни басқа 
адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан нәресте, сәби, бөбектерді кісі, 
тұлға деп айту қиын, есейіп ер жетіп өз бетінше әрекет ете алатын адамды 
ғана кісі, не тұлға деп атаймыз. Қандай да болмасын бір іспен 
айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, 
дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бағыт-бағдары бар адамды тұлға 
деуге болады.
Жеке тұлға дегеніміз – биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі. Жеке
тұлғаның ең негізгі белгілері – саналылық, жауапкершілік, ой-пікір 
еркіндігі, адамгершілік қасиеттер болып табылады. Адамның жеке тұлға 
болып қалыптасуы үшін отбасы ең басты рөл атқарады. Отбасында адам 
тұлғасының негіздері қаланады. Ғалымдардың зерттеулерінде адамның 
тұлғалық негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген тұжырымдар айтылған. 
Бұл жаста адамның, психикалық үрдістері ғана дамып қоймай, ол өмірдің 



соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау 
тәрбиесін алады.
Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық 
қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде 
жан-жақты сипаттайтын ұғым. Барлық адамдарға тән ортақ қасиет - ол тек 
қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі, ол 
қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет