Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   112
Жазамыз. С
ө
йлейміз.
12-тапсырма. 
Кестедегі 
сөйлемдерді 
мәтіннің 
көмегімен 
сәйкестендіріп, өз ойыңызды айтуға жаттығыңыз. 
1. Жеке тұлға -
 
ол қоғам мүшесі. 
2. Жеке тұлға дегеніміз -
 
«азамат» 
деген 
ұғым 
ретінде қолданылады. 
3. Жеке тұлға ұғымы -
биологиялық құрылысы бар 
тіршілік иесі. 
4. Өмір тәжірибесі, білімі, 
дүниетанымы, 
икемі, 
мақсаты бар адамды ... 
отбасынан бастау алады.
5. Адамның 
жеке тұлға 
болып қалыптасуы 
жеке тұлға деуге болады. 
6. Нәресте, 
сәби, 
бөбектерді кісі, тұлға
деп айту қиын...
есейіп 
ер 
жетіп 
өз 
бетінше 
әрекет 
ете 
алатын адамды ғана кісі
не тұлға деп атаймыз. 
7. Жеке тұлғаның ең негізгі 
белгілері 
саналылық, жауапкершілік, 
ой-пікір 
еркіндігі, 
адамгершілік 
қасиеттер 
болып табылады. 

 




Отбасы және отбасындағы сыйластық
 


Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз.Жазамыз.
Сөздік қор 
 
Туыс, ағайын,
 
күйеу, жұбай, жолдас, отағасы, әпке, апа, 
сіңлі, бала, сәби, немере, шөбере, келін, күйеу бала, күйеу жігіт, 
қалыңдық, нағашы, кәмелетке толған, үлгілі ұрпақ, мұрагер, сенімді 
мұрагер, ақылшысы, әулет бaсшысы, ең үлкeн құндылық, aсырап 
сақтаушысы, өмірдің жалғасы, сыйластық, туыс-туған, ағайын, мәпелеу, 
аялау, сыйлау, үлкеннің алдын кеспеу, үлкеннің сөзін бөлмеу, үлкен мән 
беріледі, тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі, үш ағайындымын, мақтаныш 
тұтамын, лауазым, тату-тәтті, қонақжай, отбасын құруға құқылы, отбасын 
жоғары бағалау,
береке-бірлік, зор ілтипат.
 
 
1-тапсырма. Суреттегі кесте арқылы сөздік қорды пайдалана отырып, 
шағын әңгіме құрастырыңыз. 
Ойтүрткі

Сіз «отбасы, жанұя, шаңырақ» деген сөздерді қалай түсінесіз?
 
- Сіздің отбасыңыз қазақи салт-дәстүрді ұстана ма?
 
- Сіз отбасылық сыйластықты қалай түсінесіз? 
- Отбасында бала тәрбиесінде не маңызды деп ойлайсыз?


10 
1-тапсырма.
Таспадан мәтінді тыңдап, әңгімелеңіз.
Отбасы және отбасындағы сыйластық. 
Отбасы – шағын мемлекет. Қазақстан Республикасында он сегіз жасқа 
толған әр қазақстандық отбасын құруға құқылы. Отбaсы – адам өмірінің 
ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға 
міндетті. 
 
Aдамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. 
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Аталар 
мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып 
келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. 
Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары 
бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер 
қалдыруға тырысқан. Әке – отaғaсы, әулет 
басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап 
сақтаушысы, қaмқоршысы. Қaзaқ отбасында ең 
үлкен құндылық – ол бала. Қазақ халқының 
түсінігі бойынша, ұл бала – өмірдің жалғасы. Әкенің мінез-құлқынан, 
өзгелермен қарым-қатынасынан, өнер білімінен ұл бала үлгі-өнеге алып, 
соған қарап өседі. «
Қыз бала – қонақ
» дейді қазақ. Ол болашақ жар, ана. 
Сондықтан жанұядағы адамдар қыз баланы мәпелеп, аялап, сыйлап жүреді.
Қазақи отбасында отбасы сыйластығы ең басты құндылықтардың бірі. 
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген ертеден келе жатқан нақыл сөз 
қазақтың әр шаңырағында тәрбие құралы болып саналған. Мысалы, 
үлкендерді сыйлау, кішіпейіл болу, үлкеннің алдын кеспеу, үлкеннің сөзін 
бөлмеу, үлкен адамға сәлем беру, үлкен тұрып, кіші сөйлемеу сияқты
тәрбие түрлеріне үлкен мән беріп отырған. Сонымен қатар қазақи 
шаңырақта отбасы мүшелерінің және туыстардың сыйластығына және 
ара-қатынасына да үлкен көңіл бөлініп, құрмет көрсетіп отырған. Туыс-
туғандардың бір-бірін сыйлауы, қолдауы, береке-бірлікті сақтауы, 
қонақжайлылықты, салт-дәстүрді ұстануы, қиын кезде қол ұшын беруі, әр 
жиын-тойларда қуаныштарын бөлісуі – ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып 
келе 
жатқан 
ұлттық 
тәлім-тәрбиенің, 
рухани 
мәдениеттің, 
парасаттылықтың, адами құндылықтардың белгісі болып табылады.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қaмқоршысы, өнегесі. «Ата - асқар тау
Ана – бауырындағы бұлақ, бaлa - жағасындағы құрақ», – деп ата-ана мен 
баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген. 
Мен үшін, отбасы – баға жетпес, үлкен құндылық! Себебі, отбасы – 
менің өмірімдегі берекем және тірегім болып табылады. Біздің отбасымыз 
отбасы мүшелерінің туылған күндерін, Наурыз мерекесін және тағы басқа 
мерекелерді бірге қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Мен өз отбасымды 
жоғары бағалап, мақтаныш тұтамын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет