Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


 Топырақ құраушы жыныстар



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата13.07.2022
өлшемі262,66 Kb.
#37651
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
gabdulov rikalieva rahimfgalieva

 
3.1.2 Топырақ құраушы жыныстар
 
Топырақ пайда болатын, топырақ құраушы және аналық жыныстар. 
Жерді құрайтын тау жыныстары пайда болуына байланысты үш топқа 
бӛлінеді – магмалық, қалдықты жәнеметаморфтық.
Топырақ құраушы жыныстар топырақ қасиеттері қалыптасуына үлкен 
әсерін тигізеді. Әрбір топырақтың минералдық құрамы топырақ құраушы 
жыныстардың химиялық және минералогиялық құрамымен байланысты. 
Топырақта әр қашанда үшуға тұрақты топырақ құраушы минералдар 
болады. Топырақ құраушы жыныстардың химиялық және механикалық 
құрамы топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне және 
олардың құнарлылық деңгейіне үлкен әсерін тигізеді.
Топырақ құраушы (аналық) жыныстар топырақтың минералдық 
бӛлімінің негізі; негізгі тау жыныстар. Топырақ және жыныстардағы 
маңызды минералдар-біріншілік және екіншілік, олардың топырақ 
қасиеттері мен құрамына әсері. 
 
3.1.3 Топырақ және оның құнарлылығының құралуындағы тірі 
организмдердің ролі
 
Топырақта үлкен кӛлемде әр түрлі мӛлшерлі ӛсімдік және жануарлар 
организмдері ӛмір сұреді, олар түрлі белсенділігімен сипатталады. Осы 
барлық тірі организмдер топырақ және оның құнарлылығының құралуына 
қатысады. Топырақ құралуда биологиялық фактор маңызды орын алады, 
соның ішінде жасыл ӛсімдіктер.
Жоғары ӛсімдіктердің ролі топырақтануда бӛлек тарау ретінде 
қаралады.
Бұл ӛсімдіктердің жоғары белсенділігі, топырақта болып жатқан 
барлық табиғи процестер ӛзінің табиғаты бойынша тура немесе жанама 
биохимиялық болып табылатынын кӛрсетеді.



3.1.4. Топырақтың органикалық бӛлігі
Топырақтың органикалық бӛлігі органикалық қалдықтардан және 
қарашіріктен, яғни топырақтың минералдық құрамын бірдей мӛлшерде 
сіңірген, күңгірт түсті органикалық заттардан тұрады. 
Қарашірік 
топырақта 
дамитын 
жоғары 
ӛсімдіктердің, 
микроорганизмдердің және жануарлардың органикалық қалдықтарынан 
құралады. 
Органикалық қалдықтар қоректік элементтердің кӛптеген мӛлшерін 
құрайды (азот, фосфор, калий, кальций, магний, микроэлементтер), олар 
минерализация кезінде босап ӛсімдік және микроорганизмдерге қорек 
болып табылады. Органикалық қалдықтар ӛсімдіктердің кӛміртегі газының 
қӛзі болып табылады. Ауыл шаруашылығында топырақты пайдаланған 
кезде агроном топырақ құрамындағы қарашірік мӛлерін реттеп, оның 
құрамын жақсарта білуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет