Шаруашылық серіктестік. Жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өңцірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам нысандарында құрылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |