ПӘН бойынша қысқаша сипаттама Пәннің пререквизиттері: «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәнін жоғары оқу орнында өту алдында келесі пәндерден білім алу керек: «Жоғарғы математика», «Информатика», «Бірыңғай көліктік жүйе».
Пәнді оқытудың мақсаты: Білімгерлерге бұл пәнді өтудегі мақсаты төмендегідей:
көлік өндірісінің жұмыс технологиясы, негізгі бағыттар, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану және көліктегі тасымалдау үрдісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру;
экономикалық тиімділікті анықтай отырып тасымалдау өндірісіне техника-экономикалық есептеулер жүргізу;
өндірісте алдыңғы қатарлы тәсілдерді қолдана отырып басқару жұмыстарын жүргізу қағидалары;
мамандарды таңдай білу, олардың жұмысын бағалау, материалды және моральды марапаттау.