Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға:
- шаруашылықжүргізу құқығына негізделген;
- оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын. Құрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.
Қазыналық кәсіпорын. Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп танылады. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады.
Коммерциялық емес ұйымдар.
Мекеме. Басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан Республикасыңца қоғамдық бірлестіктер болып саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады.
Қоғамдық қор. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және есеп айырысу шоты бар.
Тұтыну кооперативі. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады.
Дайындаған: т.ғ.к., доцент У.Ш. Кокаев
оқытушы, магистр А.К. Казыбеков
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., профессор А.Н.Семернин
«КТж/еТ» кафедрасының мәжілісінде бекітілген «09» қыркүйек 2013 ж, хаттама №1.
Достарыңызбен бөлісу: |