Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауға тиіс. Өндірістік кооперативтің мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооператив өз мүшелерінің бірауызды шешімі бойынша шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылуы мүмкін