2.3. Мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту- үйретудегі амалдардың жиынтығы - деп, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» - деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология - іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол - мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана- ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші - таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.
Ұстаздардың алдына қойған міндет - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология - жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту;
Оқыту - үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты- оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын, қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту;
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой - құрастыру әрекетерін танымдық қабілеттерін белсендіру;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту.
Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру.
Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.
Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті - зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
Дамытуша оқытуға арналған ойындарды қолдану;
Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т.б) арналған дамыту жаттығулары;
Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.
Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік - саяси өзгерістер, ғылыми - техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Білімді ұрпақ қан болашақ иесі болып табылады.
Баланың жеті жасынан кейінгі іс - әрекеті оқу болып есептеледі. Оқу іс - әрекетімен мектеп оқушысы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемі өмірінің заңдарын, тіл және мөлшер, кеңістік және уақыт заңдарын танып біледі. Оқу іс - әрекетінде қалыптасып келе жатқан баланың жеке тұлға ретіндегі жаңа белгілері қалыптасады. Оқушы есейген сайын оның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуында қоғамдық - еңбектік іс - әрекет соғұрлым зор рөл атқарады.
Баланың іс - әрекеті дамитындай мәнге ие болу үшін төмендегідей негізгі жағдайларды ескеру қажет.
Іс - әрекеттің мақсаты. Балаларға нені, не үшін істейтіндіктері түсінікті болуы тиіс (Мысалы, оларға табиғат бұрышында істейтіндіктерін айтып қана қою жеткіліксіз). Балаларды қызықтырарлықтай нақты міндет қою керек: не үшін?, нені білу қажет?
оқушының іс - әрекетіндегі себептер, яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетте бар күш - жігерін салуға итермелейтін ынта. А.Дусавицкий мен В.Репкиннің зерттеулері көрсеткеніндей, барынша тиімді ұйымдастырған оқу ісінде төменгі сынып оқушыларында бағаға қызығудан шынайы танымдық мүддені тез білуге ауысады.
Іс - әрекеттің мазмұны балаларға орындауға тиісті білімдер, елестетулер, түсініктер - оларға белгілі болған білімдер ғана емес, сондай - ақ оқушылар келешекте іс - әрекет үстінде, яғни мұғалім берген тапсырмаларды шеше алуға тиісті білімдер
Оқушылар жүзеге асыратын, іс - әрекетке кіретін қимыласа маңызды. Бала еңбекпен немесе ойынмен, музыкамен немесе математикамен айналысқанда қолдануы тиіс дағды, шеберлік тәсіл.
Іс - әрекеттің қандай да бір түріне тән дамытушылық мүмкіндіктер.
Балалардың іс - әрекетіне қажетті ұйымдастырушылық жағдайлар жасалмаса іске аспай қалады. Оларға мыналар жатады: а) материалдық жабдықтау - бүкіл сыныпқа берілген тапсырмаларды орындау үшін немесе балалардың өздерінің алға қойған мақсаттарына жету үшін қажетті құрал - жабдықтардың, кітаптардың, қағаздардың, таяқшалардың, қарындаштардың, т.б. жеткілікті түрде болуы; ә) іс - әрекетті уақытымен ұйымдастыру – үлкен істі сабақ арасында не кіші үзілісте бастамау немесе балаларды серпілтетін, шаршататын танымжорықтан кейін кіріспеу керек; б) мұғалімнің талабы: берілген тапсырмалар мен ұйымдастырған іс - әрекеттің нақты мүмкіндіктеріне үйлесуі. Тиісті күш - жігерге әзірлігі, өз бетіндік дәрежесі белгіленген іс - әрекеттің мазмұнын бағдарлау, оқушылардың даму деңгейі мен сынып ұжымының қалыптасу дәрежесі; в) ұжымдық іс - әрекеттің мақсатына нәтижелі түрде жету.
Оқушының іс - әрекеті дамытушылық сипатқа ие болу үшін балаларға өскелең талап қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру: өз дербестігі мен шешімдердің нұсқаларына олардың дәлдігі мен негізділігіне қойылатын талап өседі.
Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін білу үшін алғашқысын бекітіп, екіншісін жоюы үшін мұғалімнің тарапынан оның іс - әрекетін бақылау және бағдарлау.
Барлық жағдайларда баға балаларды одан әрі, одан да күрделірек, қызықты және нәтижелі іс - әрекетке ынталандыратын роль атқаруы тиіс. Сондықтан балалардың ынта - қабілетін дамыту үшін мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізуі иіс.
Балалардың белгілі ережелер (грамматикалық, математикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуын үйрету. Ол үшін мұғалім сабақта мүкіндігінше белсенді әдістерді жиі пайдланып отыруы қажет.
Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Ол үшін оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта баланың ойлау логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану қажет.
Ойлауды тәрбиелеу бала психикасын жан - жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құштарлығын, тану қызығуын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізіледі.
Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Сол себепті мұғалім алғашқы жылдан бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, қолынан не келетінін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын есепке алып, оқу үрдісін ұйымдастыруы шарт.
Мәселен, мұғалім жақсы үлгіретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беріп, “орташа” қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмағаны ләзім. Кей жағдайларда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болмағанымен мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды да, ол “орташа” оқушы болып кете береді. Сондықтан оқушының келешегіне зор үмітпен қарау керек.
Әрбір оқу пәнінің өзінің сипатты ерекшеліктері, өзінің заңдылықтары бар екені табиғи нәрсе. Олардың әрқайсысы оқытудың ерекше әдістері мен ұйымдастырушылық түрлерін талап етеді. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерік пен дағдыға ие болады. Мұғалім әрқашанда тәрбиелей отырып, оқытады.
Педагогтің - кәсіби мақсаты - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып саналатын қоғамның ересек мүшелерінің іс - әрекеті. Оны іс жүзінде асыруды ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерінің өзіне тән ерекше формалары бар.
Тәрбие теориясы мұғалімнің оқушыға тәрбие ықпалының принциптері мен заңдылықтарын ашады. Мектептану мұғалім еңбегін ұйымдастыруды зерттейді. Педагогтық қызметтің психологиялық аспектісі қандай?
Педагогикалық қызметтің психологиясын мұғалім еңбегінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологиялық білім саласы тұрғысында және де мұғалім тәрбие институты арқылы қоғам тапсырған педагогикалық қызметтің мақсаты мен жүйесін қалай қабылдайтынын, беретінін, іс жүзінде асыратынын, ол өз іс - әрекетінің міндеттерін, формалары мен әдістерінің актуальдылығын нақтылы жағдайға байланысты қалай ұғынатындығын айқындауға болады.
Педагогикалық қызметтің мазмұны мен психологиясы алдымен әлеуметтік факторлармен - мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы арқылы, қоғамның мұғалімге қоятын талабымен, содан кейін әлеуметтік - психологиялық факторлармен: мұғалімді қоршаған адамдардың оның жеке басы мен қызметіне көзқарасындағы әлеуметтік үмітімен, оның педагогикалық қызметінің өрісіндегі өзіндік үміті және бағдарларымен айқындалады.
В. Дальдің “Түсіндірме сөздігінде” “мұғалімге” “тәлімгер, оқытушы” деген анықтама береді, яғни оның екі негізгі функциясы - оқушылардың әлеуметтік тәжірибені қабылдауы мен іске асыруын басқару және азаматтың жинақтаған білімдерін тарату атап көрсетіледі. Мұғалімнің бұл екі функциясы адамзат тарихы барысында (мұғалім ретінде шыққан орта ғасырдағы сопылар да, ақсүйек педагогтар да) ең негізгі болып келеді. Қоғамның дамуына және өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесіне келген нақтылы мақсаттар мен міндеттерге байланысты тәлімгерлік, оқытушылық функцияларының мазмұны өзгереді.
Оқушыларды тәрбиелеу процесінде мектептен тыс ықпалдар мен мектептің арасында елеулі бәсекелесу жүреді. Мектептің неғұрлым жүйелендірілген оқыту мен тәрбиелеудің процесін ұйымдастыруға қабілетті келетіндігін көрсетеді.Осы орайда шешуші роль мұғалімге беріледі.
Мысалы, оқушылардың ата - аналары оқытушылардан, нақтылы мұғалімнің еңбек стажы мен жасына қарамастан, тәрбие және оқыту шеберлігін күтеді. Оқушылар мұғалімдерді үш топқа жататын қасиеттері бойынша сипаттайды: қарым - қатынасқа байланысты қасиеттер (мұғалім мейірбан, әділетті, адал, балаларды сүюі керек) сыртқы қасиеттері және мінез - құлық мәнерімен (сезімтал, талапкер); оқыту процесіне байланысты қасиеттер (өзінің пәнін білу, оны түсіндіре алу).
Тәрбие процесінің тиімділігіне талаптың өсіп отырғандығынан мұғалімнің жеке басына және әлеуметтік үміттің арта түсетінін ескеруіміз қажет. Мұғалімдер өзіндік орнын толықтырушы (компенсатор) ретінде отбасының балаларға бере алмағанын, оқушылардың сезінетін түрлі ықпалдарының интеграторын көргісі келеді; одан тәрбиедегі урбанизацияға, акселерацияға байланысты пайда болатын қиындықтарды тудырмауды күтеді.
Қоғам талаптары, түрліше әлеуметтік үміттер, педагогтың жеке - даралығы, оның осы талаптарға жауап беруге субъективтік даярлығы жинақтала келіп, нақтылы мұғалімнің педагогтық қызметі қалай құрылып келе жатқандығын айқындайды.
Нақтылы сыныпта оқу және оқудан тыс іс - әрекеттің мазмұнын ұйымдастыру формасын таңдай отырып, мұғалім, біріншіден, оның тәрбиеде қаншалықты мақсатқа жетуге көмектесетінін ескеруі керек. Екіншіден, коллектив өмірінің мазмұны оқушыларға өзінің қажеттілігін педагогтық көзбен қарағанда қанағаттандыруы абзал. Міне, бұл жерде оқушылардың түрліше әлеуметтік бағалы қажеттіліктерін қалыптастырып қоймай, оқушыларда бар әлеуметтік бағалы қажеттіліктерді еске алу керек. Мысалы: танып білу, қол жеткізу, араласу қажеттіліктері және оларды пайдалану, коллективтің оқу мен оқудан тыс іс - әрекеттерінде бұл қажеттіліктерді барынша жүзеге асыруда мүмкіндік жасау, оларға сүйеніп, басқа бір қатар қажеттіліктерді қалыптастыру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |