1.2. Мұғалім тұлғасын зерттеудің бағыттары.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек.
Қазіргі қоғамда жастарға тәрбие берудің негізгі мақсатты үйлесімді жан - жақты дамыған мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі қоғамымызда білім мекемелері тәрбиеленушілеріміздің сана - сезімінің өсуімен қатар, олардың рухани жан дүниесін байытуды жүзеге асыруы тиіс. Мүғалім тұлғасының ролі өткен кезеңдерге қарағанда екі - үш есеге артып, жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу Қазақстан мұғалімінің алдына орасан зор міндеттер қоюда.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үрдісінде қол жеткізген жетістіктеріміз әлі де болса қоғам қажеттілігін толық қанағаттандыра алмай тұр. Болашақ қоғам иелерін тәрбиелеуде өзбетімен еңбек және өмір сүруге деген даярлық үрдісінде түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Себебі, жастарымыздың басым көпшілігі білім ұяларынан алған білік, дағды, іскерліктерін “өмір мектебінде” қолдануда “құзіретті” емес деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан жеке тұлға тәрбиелеу, қалыптастыру мәселесіне объективті ғылыми талдау жүргізу қажет. Бұл үшін жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту механизмдерін, шарттарын, заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар “қалыптасушы субъектілерге” әсер етуші қоршаған жақын орта ерекшеліктерін, соның ішінде жеке тұлғаны қалыптастырушы педагог қауымына аса көңіл аударуды керек етеді.
Педагогика ғылымының ең алғашқы бастауларынан - ақ мұғалім әрекетіне нәтижелілік көрсеткіштері ғылыми негізделіп, теориялық -тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп келді. Бұл зерттеулері кеңестік дәуірдің көрнекті ғалымдары: Н.К.Крупская, М.И.Калинин, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ш.Амонашвили және т.б. еңбектерінен көруге болады. Педагогика ғылымында жеке тұлға қалыптастыру екі түрлі астар берілді:
а) тәрбиенің жалпы міндеттерінде айқындалған, мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттің құрылымы мен механиздері ретінде;
б) мұғалім тұлғасының оқушыға тікелей әсерін зерттеу (оқушы тұлғасын өзгертуге алдын - ала қойылған мақсатпен байланысты болмауы да мүмкін).
Алғашқы аспект психология - педагогика ғылымдарында (Ю.К.Бабанский, В.Ф.Баширов, А.В.Воробьев) жете зерттелініп келді. Ал екінші аспект бойынша, осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарының көпшілігінде психикалық қасиеттер жиынтықтары мен мұғалім тұлғасы сапаларының оқушыға тиімді әсер етуінің шарттарын бөліп көрсету орын алады. Тұлғаны индивидтің “сапа жүйелігі” ретінде түсіну (А.Н.Леонтьев) тұлға мәселесін, соның ішінде мұғалім тұлғасын зерттеуде жаңаша бағыттардың тууына себепші болды. Қазіргі психологияда белгілі психолог Л.С.Выготскийдің баланың жақын даму аймағын жасаушы ересектер деген қағидасы нақты орын алуда. Бала дамуындағы ересектердің маңызы туралы мұндай тұжырым білім беру үрдісінде мұғалімдердің жеке басында бірқатар өзгерістердің болуын талап етеді. Себебі, баланың жеке басының қалыптасуында ең маңызды роль атқаратын, оның тұлғасының қалыптасуына белсенді қатысушы тұлға ересек, яғни мұғалім болғандықтан, бірінші орында оның өз басына жете көңіл бөлінуі тиіс. Сондықтан, мұғалімнің жеке басына талдау жүргізуде методологиялық және теориялық көзқарастарға дұрыс сипаттама жасалуы маңызды әрекет болып табылады.
Психология ғылымында мұғалім тұлғасын зерттеу мақсаттары жеке тұлға мәселесін зерттеу мақсаттары жеке тұлға мәселесін шешуге бағытталған теориялық өңдеулерге негізделеді. Зерттеушілердің (В.Г.Ананьев, В.Н.Месяцева, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Б.И.Теплов, Д.Н.Узнадзе) бұл мәселелерді шешу бағыттары әртүрлі, олардың бірқатары тұлғаның қайталанбас ерекшеліктеріне адамның іс - әрекетіндегі түрткілердің жан - жақты көрінісін, жеке биохимиялық қасиеттерін, әлеуметтік ролдерін, жоғары нерв жүйесі әрекетінің типтерін, келбетін, қызығушылығын, арман - мұраттарын, қабілеттерін, күшті әсерлерін, ұлттық мінез - құлық ерекшеліктерін, дүниетанымын, адамгершілік кескінін, өзіндік санасын, шығармашылық өнімдерін, қиялын, дәстүрлерін, түрлі тарихи кезеңдердегі дүниені қабылдауын, әлеуметтік топтардағы орнын, жауап қайтару жылдамдығын, ерік - жігерін, жек көру мен жақсы көруін, қысылтаяң жағдайларды бастан кешіруін, кәсіби біліктері мен дағдыларын, қылықтарын, әрекеттерін және т.б. жатқызады.
Оқушының жан - жақты қасиеттерінің қалыптасу үрдісінде мұғалім тұлғасының маңыздылығын міндетті түрде ескеру қажет. Әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты жүктеліп отырған қоғамда, мұғалім тұлғасын жете зерттеудің төмендегідей бағыттарын жасауды қажет етеді:
Мұғалім тұлғасын зертеу бағыттары
1. Педагогикалық әрекетті үйлестіруші → Қоғамдағы орны мен қызметі, педагог беделін тұрақтандыру; оқушы әрекетін және өмірін ұйымдастыруда бағыттаушы; болашақ кәсіби сапаларды дамытушы; өзін - өзі бағалау, нәтижелі іс - әрекетке үйретуші; білім беруші “субъект” және “ата - ана” ретінде.
2. Педагогикалық қарым - қатынастың субъекті → Оқу - тәрбие үрдісіндегі қарым - қатынас; қарым - қатынастағы коммуникациялық құзырлылық; субъект - субъектілік қарым - қатынастың түрлері.
3. Жантанушы ретінде → Тұлғаны зерттеуші; түзетуші; дамытушы; кеңес беруші; ағартушы.
4. Мұғалім имиджі → Жеке басының сүйкімділігі; киім кию үлгісі, сәнге қатынасы; сөйлеу мәдениеті, дауыс интонациясының жағымдылығы; өзін - өзі ұстауы, оқушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы беделі.
Жоғарыда берілген зерттеу негізінде мұғалімнің тұлғасын жан - жақты анықтауға мүмкіндік береді. Қарапайым мысал ретінде түсіндірер болсақ, барша жасөспірімнің негізгі қызығушылығына айналған компьютер жүйесіндегі бір тетіктің кем болуы оның жұмыс атқару қызметін төмендетеді немесе істен шығарады. Мұғалімнің жеке тұлғасының кемшілігі болса, онда оқушылардың тәрбие ықпалына да соншалықты кері әсерін тигізеді.
Орыстың ұлы педагогі К.Ушинский “Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, жасанды әрекетте оның орнын баса алмайды” деп текке айтпаған.
Біздің басты міндетіміз - Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.
Өндірістік бәсекелестік және нарықтық қарым - қатынас, жұмыссыздық кезінде жастардың еңбек ету саласында өзінің құқығын қорғау үшін күреске даяр болу жағдайларында оларды еңбекке тәрбиелеудің жаңа үлгісін жасау мәселесі алға қойылып отыр. Еңбек тәрбиесі жолында - оны жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру, бақылау жасау, бағалау сияқты бағыттық құрылымына оқушыларды қатыстыру көзделеді. Оқушының саяси мәдениеттілігін қалыптастыруда тұлғаның идеялық жалпы мәдениетінің түйінді өзегі деп қарастыру қажет. Мектепте оқушыларды саяси мәселелерге жан - жақты араласу мектепте ғана емес, одан тыс жердегі қоршаған шындықты жете түсінуі үшін оларды алуан түрлі қызметке қатыстыру үрдісінде қоғамдық идеяларды игеруде сындарлы сөйлесуге үйретіп, өзіндік пікір білдіруіне құрылуы керек.
Эстетикалық тәрбие мақсаты - оқушы бойына көркем - эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлау және мақсатты түрде сіңіру. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың барынша өткір мәселесі, 1 - ден, оқушының эстетикалық санасына бұқаралық ақпарат құралдарының теріс ықпал етуінен және жалған өнердің сырттай тартымды болып көрінуінен деп айтуға болады. Экологиялық мәдениет ерекше мәнге ие.
Экологиялық тәрбие мақсаты - оқушының өзін қоршаған ортада ғылыми білім, көзқарас және сенім жүйесін қалыптастыру, сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым - қатынасын жан - жақты дамыту
Мұғалім
Нағыз педагог – профессионал кең білімді, мәдениетті, ізгілікті және зиялы адал, жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мәні қалыптасқан обьективті қабылдау мүмкіндігі бар тұлға.
|
кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі
инновациялық жаңа бағыттағы іс - әрекетке дайын;
баламен мәдениетті қарым – қатынас жасай білетін;
өз жұмысына обьективті талдау жасай алатын болжам , нақты жоспар, диагностика, мониторинг жасай білетін;
өзіндік мұғалімдік қызметін атқару стилі бар;
зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын;
|
әр іске белсенді;
дүниетанымы кең;
адамгершілігі мол;
баланы жеке тұлға ретінде тани білетін;
өз тілін қадірлейтін;
еңбек сүйгіш;
|
педагогикалық , психологиялық білімі терең;
жаңалыққа құштар;
әр түрлі дәрежеде сабақ бере алатын;
технологиялық білім мен дағдыны меңгерген;
әр түрлі педагогикалық жағдаятты шеше алатын;
|
өзі жоспарлаған іске жете алатын;
оқушылардың интеллекетілік дағдысын дамыта алатын;
дарабоз жеке тұлға қалыптастыратын;
|
Достарыңызбен бөлісу: |