III. Эксперименттік бөлім.
Қандай болмасын теориялық білім әрқашан тәжірибе жүзінде тексерумен қатар жүреді. Біз курстық жұмысымызға байланысты теориялық білімімді тәжірибе жүзінде зерттеп көруге тырыстық.
Курстық жұмыс тақырыбына байланысты зерттеу жұмысы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының №45 бейімделген орта мектебінің информатика пәнінен 7А сыныбында өтті. Зерттеуге қатысушылар саны барлығы 14 оқушы, оның 5 – еуі қыз бала, 9 – ы ұл бала болды.
Сол сәтте біз мұғалімнің сабақтарына қатысып, тәрбиелік шараларға қатысып, мектеп өміріне араластық. Мұғалімнің тұлғасын жете зерттедік.
Информатикадан сабақты 7А сыныбында “Суретті құру және редакторлеу”, “Суретті сақтау және ашу” атты тақырыпты тек қана оқулықпен және дәптермен жұмыс жүргіздік. Сабақты өткізген кезде оқушылардың тәрбиесіне, оқуына қарамай, тек қана оқулыққа үнілген түрде жүргіздік. Сол кезде оқушыларға мұғалімнің сабағы қызықсыз дәрежеде болды. Осы кезде мұғалімнің ізденімпаздылығы, басқа жаңа ақпараттарды қолдану шеберлігі көрінбеді.
Ал, тура осы сабақты кейін біз интерактивті тақта арқылы, слайд көрсету арқылы, сонымен қатар Activstudio бағдарламасын қолданып жүргізгенде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы бірден байқалды. Оқушылардың тәрбиесіне, олардың сабақта қалай отырғандықтарына, барлығына көңіл бөлінді. Осы сәтте мұғалімнің ізденімпаздылығы, мұғалімнің жан – жақтылығы, кәсіби шеберлігі оқушыларға зор ықпалын тигізді.
Зерттеу жұмысына көз жеткізу үшін оқушылардан сауалнама алдық.
Сауалнаманың тақырыбы: “Информатика пәнінің мұғалімі, әлде пәні ұнай ма?”
Мақсаты: Орта буын оқушыларының информатика пәнінің мұғалімін немесе пәнді ұнатуын сұрақ – сауалнама арқылы анықтау.
“Иә”, “Жоқ”, “Өзге жауап”
Эксперимент жұмысты нақтылай біз төмендегідей қорытынды жасадық.
Бұл диаграмма бойынша:
Көк түс – информатиканың пәнін ұнататын оқушылар көрсеткіші.
Қызыл түс – информатика пәнінің мұғалімін ұнататын оқушылардың көрсеткіші.
Яғни, мұғалімнің жеке тұлғасы – зор тұлға екендігіне көзіміз жетті. Мұғалім тұлғасы қандай болса, оқушылар тәрбиесі де сондай дәрежеде көрінеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
Мұғалім тұлғасының зерттеу бағыттары анықталды.
Мұғалім тәрбиенің алтын діңгегі екендігі дәлелденді.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, яғни бойындағы болу керек 50 қасиеті жете қарастырылды; оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жасалды;
жұмыстың нәтижелерін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, педагогикалық колледждер мен институттарда, мұғалімдер білімін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.
Қорғауга ұсынылады:
Мұғалімнің жеке сапаларының қандай болу керек екендігінін схемалары, оның мазмұны;
Оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты мұғалімнің жеке тұлғасы ықпал тигізетіні және оның нәтижелері.
Қорытынды
Жас ұрпақ тәрбиесінің тікелей ата - анаға, әлеуметтік ортаға байланысты екендігін ескеретін болсақ, сол ата - ана, сол әлеуметтік ортаны құраушы топ кешегі мектеп қабырғасынан тәлім - тәрбие алған оқушы. Тәрбиені жалпыхалықтық деңгейде алып қарағанның өзінде де түбі мектепке тіреледі. Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет XXI ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетті құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық - құжаттық мәдениетті заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу - басты мәселе болып қала береді.
Мұғалімнің жеке тұлғасы қаншалықты дамыған болса, соншалықты оқушылардың тәрбиесіне ықпалы аса зор екенін байқадық. Ұстаз - әрқашанда өз білімін жетілдіріп отыратын, әрдайым оқушының барлық бойындағы шығармашылығын, қасиетін, оқуға деген қызығушылығын оятып отыратын басты тұлға болып қала береді.
Адам бойындағы дарындылық туа біткен қасиет. Ендеше дарынды дамыту - ұстаз парызы. Табиғи таланттарды ашу, талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет үлкен.
"Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс.
Өзіміздің арамыздан шыққан талантты ұстаздарымыз Қ.Нұрғалиев, Р.Нұртазина, Қ.Айтқалиев, Қ. Бітібаева мұғалімдік қызметтің нағыз өнер, шығармашылық, ізденіс жолындағы қызмет екендігін айқындай отырып, өз ізбасарларына ұстаздық жолды өмірлік мұрат етіп алуына ықпалын тигізіп келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Азарова Т.В., Битянова М.Р. Развивающая работа психолога на этапе адаптации детей в школе. (Научно - методическая программа). // Мир психологии,1996,1.
2. Ананьев Б.Г. Таңдаулы психологиялық еңбектері: 2 - томдық, 1.Т.М. Педагогика, 198 - 232 б.
3. Аникеева Н.П. Психологический климат в коллективе. М.: “Просвещение”. 1989ж. 16 - 21 б.
4. Астахов А.И. Педагогическое мастерство преподаватея высшей школы // Методические указания дя молодых преподавателей. Киев. 1982.
5. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. М.1984. 105 - б.
6. Аяпова Ж. Білім беру технологиясын жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаттары.// Бастауыш мектеп №7,2001.
7. Әбиев Ж, Құдиярова, Бабаев Педагогика “Нұрлы әлем”.
8. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар - Тараз: ТарМУ,2003.
9.Бегалиев Т.Педагогика - Тараз: ТарМУ,1999.
10. Жұмашев Қ. Дарынды тану мен оқыту мәселелері //Қазақстан мектебі № 1 - 2, 2002 ж.
11. Зимняя.И.А. Педагогикалық психология. //Москва. “Логос”, 2005; Алматы. “TST - company”, 2005.
12. Инхельдер Б., Пиаже Ж. Психология ребенка. СП б. Питер,2003.
13. Казиева С. Оқушылардың ой - өрісін дамыту. // Бастауыш мектеп №1,2003.
14. Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз. Тараз университеті, 2004.
15. Кузнецов И.Н. Настольная книга преподавателя//Мн.: “Соврем. слово”, 2005.
16. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000.
17. “Қазақстан мектебі” журналы, № 4, 2009.
18. “Қазақстан мектебі” журналы, № 11 - 12, 2005.
19. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы. “Мектеп”, 1982.
20. Педагогикалық ізденіс - Алматы: Рауан 1990.
21. Подласый И.П. Продуктивная педагогика: Книга для учителя. М.,2003.
22. Практикум по возрастной и педагогической психологии. Под ред. А.И.Щербакова, М.: “Просвещение”. 1987,225 - б.
23. Профессор А.В.Петровский. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы.“Мектеп”, 1987.
24. Пути совершенствования педагогического мастерства преподавателя: Методические рекомендации. М., 1983.
25. Щербаков А.И. Психология труда и личности учителя. Л., 1976.
Достарыңызбен бөлісу: |