Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет1/8
Дата30.04.2023
өлшемі205 Kb.
#88512
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ «Ì??àë³ìí




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы»
тақырыбы бойынша

КУРС ЖҰМЫСЫ

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I. БАСТЫ ТҰЛҒА - ӘРҚАШАНДА МҰҒАЛІМ.....................................................5
1.1. Мұғалім - мектептің жүрегі...............................................................................11
1.2. Мұғалім тұлғасын зерттеудің бағыттары........................................................15
1.3. Педагогтің тұлғалық сапалары..........................................................................16
II. МҰҒАЛІМ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ....................................................21
2.1. Мұғалімдердің оқушылар алдындағы беделі..................................................24
2.2. Мұғалімдердің кәсіби мәдениеті..................................................................25
2.3. Мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты.......................................29
III.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ...............................................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................40
Тіркеме.......................................................................................................................

Кіріспе



Бүгінгі Қазақстан - жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті ел болу жолындағы талабына сай азаматты оқыту және азаматтарды тәрбиелеу ісін жаңа сапалы өзгеріске толы деңгейге көтеруді талап етуде. Қазіргі заманда оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру - негізгі мәселенің бірі. Яғни, оқушылардың тәрбиесіне мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы зор.
Қоғам өзгерісіне байланысты қазіргі кезеңде мектептерде әрбір оқушыны жеке адам ретінде, өзіне тән ой - өрісі, еркі, дербес әрекет жасауға қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға ретінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Демек, ауыл мектептеріндегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, үлгілі, тәрбиелі болуына жолашуы қажет.
Еліміздегі білім беру жайы күн сайын айтылып келеді. Ал тәрбиеге көңіл бөлінбейтін секілді. Тәрбие дұрыс қолға алынбаған жерде білімнің терең тамыр жаюы екіталай. Сыртқы факторлардың бірі- жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған идея- мұраттарымыздың жүйесі. Қазіргі педагогика ғылымында педагог тұлғасының оқушы тәрбиесіне бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Жалпы, балаларды мектеп жасынан бастап тәрбиелеп, оқумен қатар дәрежеде қатаң іске асыру қажет.
Жас ұрпақты мұғалімнің жеке тұлғасының ерекшеліктері, жеке сапалары арқылы оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты ықпал тигізетінін анықтау, нақтылау, бір сөзбен айтқанда, оқушыларды тәрбиелеу – міне, бүгінгі таңның басты мәселесі осы.
Біз осы мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, осы тақырыпқа тереңірек үңілуді жөн көріп, зерттеу жұмысының тақырыбын: “Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы” деп алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет