11-тақырып. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі. 1. Экономикалық тиімділік категориясының мәні
2.Экономикалық тиімділіктің натуралдық көрсеткіштері
3. Экономикалық тиімділіктің құндылық көрсеткіштері
4. Пайда мен рентабельділік көрсеткіштерінің экономикалық мазмұны
5.Таза табыс және жалпы табыстың есептеу әдістері
Есептер шығару: 1. Кәсіпорын өнімін өткізуден түскен түсім – 310 млн.тг, жиынтық (жалпы ) табыс – 120 млн.тг, ал еңбек ақы – 60 млн.тг құрады.
Анықтаңыз:
А)өнімнің толық өзіндік құнын (млн,тг);
Б)Баланстық пайданы (млн.тг);
В)Өнімнің рентабельділігін (%).
2. Кәсіпорын пайдасы – 250 мың.тг,базизтік кезеңмен салыстарғанда өзіндік құн 5%-ға өсіп 480 мың.тг құрады. Кәсіпорынның рентабельділігін анықтаңыз?
Глоссарий (терминологиялық сөздік)
Айналым қаржыларының мөлшері – Норма оборотных средств – белгілі мерзімде (жыл, тоқсан, ай) өндіріс жоспарын орындауға және өнімді ақшаға айналдыруға жеткілікті экономика тұрғысынан негізделген ең аз көлемді қаражат. Ол өндіріс орнының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен тауар зат қорларын алуға жұмсалады.
Актив – жылжымалы және жылжымайтын мүлік, ақшалай қаржы, құнды қағаздар, негізгі және айналмалы қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде қолданылатын қоғамдық байлықтың барлық элементтері.
Акциз – көбінесе көпшілік тұтынатын тауарларға, сәнді бұйымдарға, сонымен бірге үй-жай шаруашылығы, көлік, мәдениет, басқа да кең тараған қызметтерге салынатын жанама салықтың бір түрі.
Акционер – Акция иесі – акционерлік қоғамның акциясын сатып алған дивидент иесі және акционерлік қоғам таратылған кезде оның мүліктерінің белгілі бір бөлігіне құқығы бар акционерлік қоғамның мүшесі.
Акционерлік қоғам – Акционерное общество – жарғылық қоры акцияға бөлінген кәсіпорын.
Акция – иесінің акционерлік қоғамға қатысы барлығын растайтын және оған дивиденд түсіретін, жабылған күнде қоғам мүлкін бөліп алуға мүмкіндік беретін құнды қағаз.