Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Еңбекті мөлшерлеу – Нормирование труда-



бет76/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Еңбекті мөлшерлеуНормирование труда- белгілі бір жұмысты орындауға уақыт белгілеу, не болмаса уақыттың тиісті бір өлшемі ішінде істеп шығаратын бұйымның санын белгілеу.
Жай акциялар – Акций простые – акция иесіне мүліктік және жеке құқықтарының барлығы белгіленген акциялар.
Жалпы табыс – Валовый доход – ақша түрінде есептелген кәсіпорындар мен фирмалардың тауар өндіріп сатудан және қызмет көрсетуден алынған жылдық табыс.
Жалпы ұлттық өнім – Валовый национальный продукт – кең тараған жиынтық қорытатын макроэкономикалық көрсеткіш. Ел ішінде және шет елдерде олардың өндіріс факторларын пайдаланып шығарылған өнімдердің құны.
Жалпы ішкі өнім – Валовый внутренний продукт – белгілі бір уақыт аралығында ел ішіндегі өндірілген ақтық өңделген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құны.
Жарғылық капитал – Капитал уставный – капиталдың ұйымдастырушылық құқықты түрі, мөлшері жарғымен не кәсіпорын құрғандағы келісіммен анықталады.
Жәрмеңке - Ярмарка – бұл мезгіл-мезгіл ұйымдастырылып тұратын белгілі жердегі сауда саттық, халықтың көп тұтынатын тауарлар нарығы; қойылған үлгілердегі тауарларды негізінен көтерме, толайым сауда бағасымен сату және сатып алу үшін сауда және өнеркәсіп ұйымдарының, фирмалар мен бірлестіктердің, комерсанттардың дүркін- дүркін ұйымдастырылатын бас қосуы.
Жекешелендіру – Приватизация – мемлекеттің экономикаға араласуын азайту, өндірушілердің шаруашылық технологиялық қабілеттілігіне, ынта жігеріне жол ашу және жеке меншік секторының шеңберін кеңейту саясатын жүргізу процесі; жекешелендіру мемлекеттік мүліктің иесін алмастыру яғни жеке адамдарға не олардың акционерлік қоғамдарына, бірдестіктеріне шаруашылық мақсатқа пайдаланып жүрген мемлекет қолындағы мүлікті сату, не жалға беру.
Жер рентасы – Земельная рента – ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілер өндіретін қосымша өнімнің бір бөлігі.
Жұмыссыздық – Безработница - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, жұмыс істеуге қабілетті, еңбекке жарамды халықтың шаруашылықта жұмыспен қамтылмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет