Банкроттық – Банкротство – қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы.
Бәсеке – Конкуренция – тауарды тиімді жағдайда өндіру, сату, өткізу және халыққа көрсетілетін қызметтің тиімді болуы үшін және осының негізінде алушылардан көбірек пайда табу мақсатымен жеке тауар, бұйым өндірушілердің арасындағы бәсеке.
Бәсеке, бәсекелес – конкурент – бірдей мақсатқа жету, қорға иелік ету, игіліктерді иемдену, нарықта үстемдік ету үшін бәсекелес топ адамдар, фирмалар мен кәсіпорындар.
Бизнес - өзінің жеке қорына не қарыз қаражат негізінде өз жауапкершілігіне ала тәуекелге бел байлап, пайда табу мақсатымен жүргізілетін ынталы экономикалық қызмет.
Бизнесмен – пайде не басқадай табыс беретін экономикалық іс әрекеттің кез келген түрімен белсенді айналысатын кәсіпкер адам.
Биржа – біркелкі тауарлардың ірі топтарын сату, сатып алу келісімдерін жүргізілу үшін ұйымдастырылған көтерме сауда орны.
Биржалық сауда – Биржевая торговля – биржаның делдалдығымен жүргізілетін тауарлар мен құнды қағаздар саудасы.
Болжау, Болжам – Прогноз – оқиғаның болашақ дамуын зерттеу. Болжау экономикалық жүйенің, объектілердің дамуын, болуы ықтимал ғылыми негізделген болашақ туралы, алдағы уақытта оқиғаның болу жағдайын және де балама жолдарын, олардың орындалу мерзімін анықтайтын ғылыми пікір.
Брокер – тауарлық, валюталық қор биржасында тауарлар, валюталар, қымбат бағалы қағаздар сатушылар мен алушылар арасында келісім жүргізілгенде делдалдық жасайтын тұлға.
Бухгалтерлік баланс – Бухгалтерский баланс – кәсіпорындардың, фирмалардың, мекемелердің жалпы ақша қаражаттарын орналастыру, пайдалану жағдайларын, пайда болу көздерін көрсететін және белгілейтін бухгалтерлік есеп берудің түрі.
Бюджет – белгілі бір мерзімде түсуге тиісті болған кіріс пен жұмсалуға тиісті шығыс ақшаларын алдын ала есептеу.
Диверсификация – Қайтадан құру – фирма мен кәсіпорындар шығаратын әр алуан тауар түрін көбейту, өнімнің түрлерін өзгерту, өндіріс тиімділігін арттырып пайда табу, банкроттықты болдырмау мақсатымен өндірістің жаңа түрлерін меңгеру.
Дивиденд – үлесақы, үлеспайда – акциядан түскен табыс – салық төленгеннен кейін, айырған қаражаттың өндіріс өсуіне, қаржы қорына қажеттілікке жұмсалғаннан кейінгі акционерлік ұйымның қарамағында қалған пайданың акционерлер арасында бөліске түсетін бір бөлігі.
Дилер – тауарды өз атынан және өз есебінен алып сататын жеке адам не фирма. Қор биржасының мүшесі өздігінен құнды қағаздарды, валюталарды қымбат бағалы металлдарды сатып алып, сатумен айналысатын биржа делдалы.