Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата26.11.2022
өлшемі181,84 Kb.
#52738
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
айя

№2 лабораториялық
жұмыс
 Полимер
ерітінділері. Полимерлердің еру процестерінің
ерекшеліктері


Жұмыстың мақсаты:
 полимерлердің ісіну
дәрежесін анықтаудың және ақуыздардың изоэлектрлік
нүктесін табудың эксперименталды жолымен,
полимерлердің ісінуіне әртүрлі факторлардың әсерін
зерттеудің негізігі дағдыларын үйрену және
коллоидтық қорғаныс құбылысымен танысу.
Теориялық бөлім. Макромолекулалардың жеке
күйі туралы мәліметтерді алу үшін, полимерлердің
синтезі кезінде жүретін құбылыстарды түсіну үшін
ерітінділердегі макромолекула күйін және төменгі
молекулалы сұйықтықтармен ара-қатынасын жетік
түсіне
білу
керек.
Ерітінділердегі
макромолекулалардың ерітінді көлемінде орналасу
тәртібі, яғни полимерлердің төмен молекулярлы
заттармен әрекеттесуін зерттеу жоғары молекулалық
қосылыстар химиясының негізгі сұрақтарының бірі
болып табылады. Бұдан полимерлердің синтезі
кезіндегі
процестерді
түсінуге,
жеке
макромолекулалардың жағдайы жайлы ақпарат алуда,
олардың конформациясы және мөлшерін білу,
молекулалық массаларын анықтауға болады. 
Төмен
молекулалық
қосылыстармен
салыстырғанда полимерлердің еру процессі ісіну
кезеңімен ерекшелінеді. Ісіну – полимерлерді төмен
молекулалық заттарды сіңіру немесе сорбция (немесе
олардың буын) процесі. Бұл процесс оның көлемінің,
ммассасының және құрылымының өзгеруімен
сипаттталады. Ісіну ерітіндідегі еріткіш және еріген
заттың
мөлшерлері
арасындағы
үлкен
айырмашылығымен түсіндіріледі, яғни араласушы
компоненттердің молекулаларының қозғалмалылығына
байланысты болады. Полимердің еріткішпен
әрекеттесуі нәтижесінде еріткіш молекулалары
полимердің фазасын қабылдайды, ал үлкен
макромолекулалар өзінің массасына байланысты бұл
уақытта еріткіштің фазасына өтуге үлгермейтіндіктен
полимерлер ерудің алдында ісінеді. 
Қышқылдық ортада диссоциалану нәтижесінде
негіздік топтың макромолекулалары макрокатионға
айналады. Сілтілік ортада қышқылдық топтар
диссоциаланып макромолекулалар макроанионға


айналады.
Кейбір
аралық
аймақтарда
макромолекулалар өздерін биполярлы ион ретінде
көрсетуі
мүмкін.
Полиамфолиттің
макромолекуласындағы
зарядтардың
орташа
соммасындағы рН мәні нөльге тең болған жағдайды
изоэлектрлік нүкте деп атайды, ал макромолекуланың
күйі изоэлектрлік болады. Полиамфолиттегі
изоэлектрлік нүкте мәні оның молекуласындағы
негіздік топтардың және қышқылдық қатынастардың
күштілігіне тәуелді болады. Изоэлектрлік нүкте күйі
полиамфолиттің концентрациясына тәуелсіз болады. 
Макромолекулалардың
күйіне,
иондалған
қышқылдық топтардың санына тең болады және
макромолекулалардың жалпы орташа заряды нольге
тең болады. Бұндай құбылысты изоэлектрлік күй деп
атайды.
Полиамфолит
макромолекуларындағы
ерітіндінің рН мәні изоэлектрлік күйде орналасқан
болса№ онда оны изоэлектрлік нүкте деп атайды.
Изоэлектрлік нүктені білу арқылы, дәрілік формада
алынған ақуызды тазалап, оптималды түзілу
жағдайларын таңдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет