Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата05.12.2022
өлшемі1,76 Mb.
#55071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
AutoCAD--курс лекц

Тіктөртбұрыш – екі қарсы жатқан төбелерін көрсету арқылы беріледі. 
Сызық қалыңдығы ағымдағы полисызықтың қалыңдығына сәйкес келеді. 
Сақина – ішкі диаметрі, сыртқы диаметрі және центрі арқылы беріледі. 
Көпбұрыш – шеңберге іштей немесе сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш 
болып салынады. Жақтарының саны – 3 тен 1024 –ке дейін. 
Блок – басқа примитивтерден құралатын, біртұтас объект болып 
табылатын құрама примитив. 
Өлшемдер – AutoCAD–та сызықтық, радиустық, бұрыштық өлшемдер 
аттары жоқ арнайы блоктар болып табылады.
Мәтін – пайдаланушы ұсынатын белгілі бір мәтіндік стилімен 
сипатталатын жазулар. 
Бұлардан басқа, бірнеше кеңістіктік примитивтер бар, мысалы, үшөлшемді 
полисызық, үшөлшемді қыр және т.б. 


2 AutoCAD-пен ТАНЫСУ 
Кез келген бағдарламамен танысу оны іске қосудан және пайда болған терезеде 
қандай да бір операцияларды орындауға тырысудан басталады. AutoCAD 
бағдарламасының терезесі Windows стандарттарына сәйкес келеді, сондықтан 
бұл тырысулар үздік аяқталады. Бірақ, дәл басқа бағдарламалар секілді оның да 
өз ерекшеліктері бар, міне, соларға бұл дәрісте тоқтала кетеміз. 
 
AutoCAD жүйесін қосу 
 
AutoCAD-тың пайдаланушылық интерфейсі 
 
Анықтамалық жүйені шақыру 
 
Сурет шекарасын анықтау 
 
Тор параметрлерін анықтау 
 
Байлауыш қадамын анықтау 
 
Өлшем бірліктер жүйесін орнату 
 
Суреттерді сақтау 
 
Жұмысты аяқтау
2.1 AutoCAD жүйесін іске қосу 
 
AutoCAD – ты іске қосу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады: 

на панели задач выберите из меню 
Start

Programs

Autodesk

AutoCAD 2007 

AutoCAD2007


- бағдарламаны жылдам іске қосу: Windows – тың жұмыс үстелінде 
AutoCAD 2007 пиктограммасына тінтуірдің сол жақ пернесімен екі рет 
шерту керек.
Пайдаланушы қандай сызбамен (екіөлшемді немесе үшөлшемді) жұмыс 
істейтіндігіне байланысты AutoCAD екі экранның біреуін ұсына алады (сурет 
2.1). 
Сурет 2.1 – Workspaces инструменттер панелі


Workspaces 
инструментер панелінде ашылған тізімнен
AutoCAD Classic
элементін таңдаңыз. Екіөлшемді сызбалармен жұмыс істеуге арналған 
инструменттер панелі шығады. 
ОК
пернесін шерте салысымен, 
Startup 
(Начало работы-жұмыстың басы) 
(сурет 2.2) стандартты сұхбаттық терезесі ашылады, мұнда жұмыс істеу 
режимін таңдау керек. 
Сурет 2.2 - Жұмыстың басы сұхбаттық терезесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет