Контекстік меню – экранда пайдаланушының қалауы бойынша курсор
орналасқан жерде тінтуірдің оң жақ пернесін шерткенде пайда болады.
Контекстік меню мазмұны, оны шақырған кезде қандай команда шақырылғаны
немесе қандай сұхбаттық терезе ашық тұрғанына байланысты.
Мәтіндік терезе –
F2
функционалды пернесін басу арқылы командалар
хаттамасын қарап шығу үшін шақырылады (сурет 2.5).
Сурет 2.5 – Мәтіндік терезе
Мәтіндік терезеде командалар енгізуге, AutoCAD беретін хабарламаларды
бақылауға болады. Мәтіндік терезе мазмұны тек оқуға арналған және өзгертуге
келмейді. Бірақ командалар хаттамаларын ары қарай командалық жолға немесе
мәтіндік редакторға қою үшін көшіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: