Заңды тұлғаны тарату – бұл заңды тұлғаны мемлекеттік
тізілімнен шығару жолымен оның қызметін тоқтату. Заңды
тұлғаны тарату нәтижесінде қайта құрудан айырмашылығы
құқық мирасқорлығы болмайды.
Тарату ерікті және мәжбүрлі болуы мүмкін. Ерікті
тәртіпте заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк
иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай
құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi
бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы
мүмкiн (ҚР АК 49 б. 1 т.).
Соттың шешiмi бойынша (мәжбүрлі түрде) заңды тұлға: 1)
банкрот болған; 2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың
түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты
оны тiркеу жарамсыз деп танылған; 3) орналасқан жері бойынша
немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды
тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын
құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар
болмаған; 4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге
асырған: заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін
қызметті үнемі жүзеге асырған; қызметін тиісті лицензиясыз не
заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;
5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда
таратылуы мүмкін. (ҚР АК 49 б. 2 т.).
Достарыңызбен бөлісу: |