Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне


«Қазпочта» АҚ қызметі мен сипаттамалары



бет9/18
Дата26.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#69996
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
1.5 «Қазпочта» АҚ қызметі мен сипаттамалары

«Қазпочта» АҚ – кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.


Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 ақпандағы «Почта туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикада пошта-жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың жол басшысы болып Ұлттық пошта операторы - «Қазпочта» акционерлік қоғамы белгіленді. 
АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 2006 жылғы 7 маусымнан бастап «Қазпочта» АҚ жалғыз акционері болып табылады[18].
«Қазпочта» АҚ миссиясы
Қазақстан Республикасының барлық аумағында клиенттерге олардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын пошталық, қаржылық және логистикалық заманауи сапалы қызметтер көрсету.
«Қазпочта» АҚ болжамы
Үздік халықаралық стандарттар негізінде және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытына сәйкес клиенттердің сұранысына сай келетін өзінің жоғары сапалы қызметтерін ұсынатын, ел экономикасының маңызды элементі болып табылатын, ел ішінде сонымен қатар дүниежүзілік пошта индустриясында да нарықтық ортада болып жатқан өзгерістер бойынша тез әрекет ететін инновациялық – бейімделген бизнес-құрылым.
«Қазпочта» АҚ 2020 жылға дейін стратегиялық даму бағыттары 
1. «Пошта қызметтері» бейінді бизнесін кеңейту.
2. Логистикалық қызметтерді күшейту және сыртқы нарыққа шығуға дайындық.
3. Сапалы логистикалық мекеме болып қалыптасу.
4. «Қазпочта» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру.
5. «Қазпочта» АҚ IT қарымын дамыту.
6. Сенім және сапа брендін дамыту.
Негізгі стратегиялық мақсаттар
- Өнім портфелін әртараптандыру, жарнамалық материалдарды жеткізу (DM), «Есепшоттар мен хабарламаны жеткізу» сегментінің бағдарын нығайту арқасында жазбаша хат-хабарлар көлемін ұлғайту.
- Жеделдетілген экспресс және шабармандық пошта жеткізу сегментінің бағдарында жетекші орын алу.
- «Сәлемдемелерді жіберу» сегментінің бағдарында жетекші орын алу.
- Мемлекеттік демеу қаржы тарту арқылы жазбаша хат-хабарлар мен мерзімді басылымдарды жеткізу қызметтерінің тиімділігін арттыру.
- Пошталық жөнелтімдер үшін логистикалық үдерістердің нәтижелік көрсеткіштерін барынша көбейту.
- Ірігабаритті пошта жөнелтімдері нарығында жетекші орын алу.
- Халықаралық логистикалық компаниялар үшін серіктес ретінде № 1 таңдауы болу.
- Дәстүрлі (зейнет ақы мен жәрдемақы беру, мемлекеттік қызметкерлерге еңбек ақы төлеу) «Қазпочта» АҚ қызметтері бар «Аудан орталығы» және «Ауыл» сегменттерінде жетекші орын алу.
- «Қазпочта» АҚ клиенттік базасын аудан орталығының деңгейінде пластикалық карточканы қолдануға ауыстыру. 
- Аудан орталығы және ауыл деңгейінде барлық сақтандыру және микрокредиттік компаниялардың № 1 таңдауы болу. 
- «Пошта аударымдары» сегментінде бәсекелестік орнын жақсарту.
- «Коммуналды және басқа төлемдер» нарығында жетекші орын алу.
- Компанияның басқару есебін жүргізуді автоматтандыру деңгейін көтеру.
- Бизнес – үдерістерді автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін көтеру.
- Компанияның ақпараттық қауіпсіздігінің деңгейін көтеру.
- «Қазпочта» АҚ брендін қолдап, қуаттайтын халықтың пікірін қалыптастыру.
«Қазпочта» АҚ халықты толық пошталық қызмет көрсету спектрларымен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында ең ірі коммуникациялық кәсіпорын кешені болып табылады. Кең тармақталған желілері (3300 құрылымдық бөлімшелері) бар және қызмет көрсетуде тәжірбиесі мол «Қазпочта» АҚ кешенді түрде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерге кез келген жөнелтім мен жазбаша хат-хабарларды тасымалдау және жеткізу қызметтерін ұсынады.
Жазбаша хат-хабарларды, бандерольдер мен сәлемдемелерді тасымалдау және жеткізу
Пошталық жөнелтімдер ішкі, халықаралық, жай, тіркелген (дербес нөмірі бар, жөнелтушiге түбiртек беріліп қабылданатын және адресатқа қолхат бойынша табыс етiлетiн пошта жөнелтiмi), құндылығы жарияланған деп бөлінеді.
Ішкі пошта жөнелтімдері (Қазақстан Республикасы бойынша жөнелту үшін):
- хаттар (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған);
- пошталық карточкалар (жай және тапсырысты);
- бандерольдар (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған);
- сәлемдемелер (кәдімгі, құндылығы жарияланған);
- жеделдетілген және курьерлiк пошта жөнелтімдері.
Халықаралық пошталық жөнелтімдер (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жiберу үшiн қабылданатын, республика аумағына келiп түсетiн және Қазақстан Республикасы аумағынан бiр шет мемлекеттен екiншiсiне транзитпен өтетiн пошта жөнелтiмдері):
- хаттар (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған);
- пошталық карточкалар (жай және тапсырысты);
- бандерольдар (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған);
- сәлемдемелер (кәдімгі, құндылығы жарияланған);
- жеделдетілген және курьерлiк пошта жөнелтімдері;
- ұсақ пакеттер (тапсырысты);
- «М» қаптар;
- топтастырылған «Консигнация» жөнелтімдері.
Хаттар және пошталық карточкалар
Жай және тіркелетін хаттар: жазбаша хабарлар, іскерлік қағаздар, шоттар, фотосуреттер, көркем суретті ашық хаттар, тәсімдер және басқа ұқсас қағаз өнімдері, секограммалар (тек зағиптарға арналған ашық түрде берілетін пошта жөнелтімі).
Құндылығы жарияланған хат-хабарлар: құжаттар және бағалы қағаздар (дипломдар, паспорттар, туу туралы және неке туралы куәліктер, зейнетақы және сот істері, лотерей билеттері), қолжазбалар және жіберуші мен хат алушыға белгілі бір құнды болып табылатын басқа ұқсас заттар мен құжаттар.
Шекті салмағы - 2 кг аспауы тиіс.
Бандерольдер мен ұсақ пакеттер
Жай:  құндылығы аз баспа өнімдері (бланктер, кітапшалар, плакаттар, газеттер, журналдар, кітаптар және т.б.), іскерлік қағаздар, қолжазбалар, альбомдар, фотосуреттер дәптерлер, дәрілік шөптер, тұқымдар, дыбыс жазбалар және басқа ұқсас заттар.
Тіркелетін: көркем әдебиет, сот істері және сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмыстары.
Құндылығы жарияланған бандерольдер: тұтыну тауарлары, баспа өнімдері, көркем әдебиет, іскерлік қағаздар, дәрілер, кондитер бұйымдары және басқа ұзақ сақталатын азық- түліктер.
Ұсақ пакеттер: сыйлық ретіндегі сынбайтын ұсақ заттар, тек бірлі-жарым күйтабақ және баспа материалдарынан басқа.
Сәлемдемелер
Тұтыну тауарлары, ұзақ сақталатын азық-түліктер, баспа өнімдері, аралар, дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар және т.б. сәлемдемемен жіберіледі. 
Шетелге сәлемдемелер: шетелге жіберуге рұқсат етілген және жеткізілетін елге шеттен әкелуге тиым салынбаған тұтыну тауарлары.
Ескі поштаның жаңа қызметтері
Халықаралық пошталық алмасу (орысша -МККО) халықаралық коммерциялық жауабы бар хат-хабарлар қызметін ұсынады - алыс және жақын шетелдерде тұратын алушының жауабын жіберуші алдын ала төлеген айрықша конверт.
Халықаралық қайтарым купондары – кез келген елден Қазақстан Республикасына және кері, әуе көлiгiмен жеткiзiлетiн, салмағы 20 граммға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төменгi ақысын білдiретiн құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет