Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі


 Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата13.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3986
1   2   3   4   5   6   7

2. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері 

 

1.

 

Экономикалық тетіктер 

 

Экожүйелік  қызметтерді  экономикалық  бағалау  және  экожүйелік 

қызметтер үшін төлемдер. 

 Экожүйелік  қызметтерді  экономикалық  бағалауды  елдік  орнықты 

дамуының  ұлттық  саясатына    ықпалдастыру  қажеттігі  табиғи  ресурстардың 

Қазақстан экономикасына орасан зор рөл атқаруынан туындап отыр, бірақ ұзақ 

мерзімді 

перспективада 

олардан 

алынатын 

пайданы 

экономикалық 

көрсеткіштер  есепке  алмайды.  Экожүйелік  қызметтерді  экономикалық 

бағалаудың  тұжырымдамалық  шеңберлері  адамдардың  экожүйелердің  бір 

бөлігі болуынан және адамның игілігіне әсер ететін олардың арасында серпінді 

өзара әрекеттесудің орын алуынан болады.  

Мемлекеттік  саясат  экожүйелік  қызметтерден  алынатын  пайданы 

ескеруге  тиіс  және  экономикалық  бағалау  биоәртүрлілік  пен  экожүйелердің 

негізгі  өлшемдерін  елдің  экономикалық  жүйесіне  енгізуге,  биоәртүрлілік  пен 

экожүйелер  құндылықтарын  елдің  макроэкономикалық  көрсеткіштеріне  (ЖІӨ, 

ЖҰӨ)  және  халықаралық  өзара  есеп  айырысулар  жүйесіне  енгізу  үшін 

экологиялық  бағдар  ұстанған  ұлттық  шоттарды  қалыптастыру  жөнінде 

құқықтық база құруға бағытталуға тиіс.  

Экожүйелік қызметтерді экономикалық бағалау: 

а)  табиғи  экожүйелерден  алынатын  пайданы  ақшалай  күйінде 

айқындауға; 

б) елдің ЖІӨ-дегі табиғи капиталдың үлесін бағалауға; 


42 

 

в)  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  нысандарының  ЕҚТА-лар  мен 



ормандардың  мемлекеттік  кадастрын  жүргізу  кезінде  табиғи  ресурстардың 

экономикалық құндылығын айқындауға және ескеруге; 

г)  ЕҚТА  қаржыландырудың  базалық  желісін  анықтауға  және  бюджеттік 

қаржыландыруды объективті түрде негіздеуге; 

е)  жаңа  ЕҚТА-лар  құрудың  және  қазіргі  ЕҚТА-лардың  аумағын 

кеңейтудің пайдасын бағалауға; 

ж)    экожүйелік  қызметтер  үшін  төлемдердің  (өтемақылардың)  балама 

жүйесін қалыптастыруға,; 

з) басқару практикасын жетілдіруге; 

и)  биоәртүрлілік  пен  экожүйелерге  қатер  төндіретін  ықтимал  табиғи 

ресурстарды пайдаланушыларды анықтауға және табиғат қорғау іс-шараларына 

бизнес пен жергілікті қоғамдастықтарды тартуға мүмкіндік береді. 

Экожүйелік  қызметтерге    экономикалық  баға  беру  және  оның 

нәтижелерін  пайдалану  үшін  экономикалық  және  саяси  шешімдер  қабылдау 

процесстерінде экожүйелік қызметтерді ұқсастыру жұмыстарын жүргізу қажет. 

Экожүйелік қызметтерден пайда алушыны анықтау және экожүйелік қызметтер 

үшін  төлем  жасау  (өтемақы)  тетігін  қалыптастыру  келесі  қадам  болып 

табылады.  

 Экожүйелік  қызметтер  үшін  төлемдер  биологиялық  ресурстарды 

басқарудағы  тосқауылдарды  жою  үшін  өте-мөте  маңызды  болып  табылады 

және  экологиялық-экономикалық  проблемаларды  шешу  үшін  қаржы 

ресурстары  шектеулі  мөлшерде  болатын  жағдайларда  шешімдер  қабылдау 

кезінде  экономикалық  шығындар  мен  пайданы  есепке  алуға  мүмкіндік  береді. 

Экожүйелік  қызметтер  үшін  төлемдер  жүйесі  экожүйелік  қызметтердің  нақты 

тұтынушылары  мен  жеткізіліп  берушілердің  ұқсастыруға  мүмкіндік  береді 

және  биоәртүрлілік  пен  экожүйелерді  сақтау  процессіне  инвестициялар  тарту 

мен жеке секторды жұмылдыру үшін негіз қалап қосымша қаржы ресурстарын 

қамтамасыз  етеді.  Бұл    тетік  абстрактылы  экожүйелік  қызметтерді  баршаға 

қажет  «Тауарлар  немесе  өнімдер»  санатына  ауыстыру  жолымен  экожүйелік 

қызметтер нарқын құруға мүмкіндік береді. 

Төлемдер  жөніндегі  тетікті  енгізу  процессі  қызметке  сұраным  мен 

ұсыныстың  болуы,  экожүйелік  қызметтердің  экономикалық  құндылығын, 

жайлы  құқықтық  базаның  болуын  немесе  оның  құрылуын,  институционалдық 

негізді және ақшалай  емес төлемдер жүйесін енгізуді ескеруге тиіс.  



Жәрдем  ақша  бөлу.  Зиян  келтіретін  жәрдем  ақша  бөлу  бойынша 

саясатты  реформалау  және  биоәртүрлілік  пен  экожүйелер  үрдісіне  игі  ықпал 

ететін  жәрдемақыны  қолдау  биоәртүрлілік  пен  экожүйелерді  сақтау  мен 

орнықты  пайдалану  саласындағы  пәрменді  экономикалық  шаралардың  бірі 

болып  табылады.  «Теріс  ынталандыруды»  жою  экологиялық  қызметті  жолға 

қоюмен  қатар  экономикалық  тиімділікті  арттырып,  бюджет  тапшылығын 

қысқартады.  Биологиялық  ресурстар  үшін  жайлы  жағымды  ынталандыруды 


43 

 

енгізу  биоәртүрлілікті  сақтауға  жәрдемдеседі  және  «жасыл  экономика» 



көрсеткіші болып табылады.  

Жәрдем  ақша  бөлу  тетігі  мына  шаралардың  кезең-кезеңмен  жүргізілуін 

қарастырады: 

-  мемлекеттік  экологиялық  сараптамаға  жататын  нысандар  тізбесіне 

түрлерге, қауымдастықтарға, экожүйелерге теріс әсер ететін жәрдем ақша бөлу 

мәселелерін енгізу; 

-  қажет  болған  жағдайда  халықаралық  сарапшыларды  тарта  отырып, 

зерттеулер  мен  талдау  жүргізу  жолымен  биоәртүрлілікке  зиян  келтіретін 

жәрдем ақшаның көлемін мойындау (қатер төндіру  мен зиян келтіру дәрежесі 

бойынша анықтау және жіктеу); 

-  ведомстволық  жоспарлау  жолымен  салаларға  жәрдем  ақша  бөлі 

саясатын реформалау; 

-  ҚР  биоәртүрлігігіне  зиян  келтіретін  жәрдем  ақшаны  кезең-кезеңмен 

жою; 


-  ҚР  биоәртүрлілігін  сақтауға  жәрдемдесетін  салаларға  балама 

жәрдемақша  бөлу  көлемін  ұлғайту,  атап  айтқанда:  бұл  жекеше  орман  өсіру,  

ауыл  шаруашылығында  агроқорғаныштық  орман  екпелерін  құру  және  күтіп 

ұстау,  аквабалық  өсіруді  дамыту,  тиімді  аңшылық  шаруашылықтарының 

инфрақұрылымы 

мен 


экологиялық 

туризмді 

дамыту 

үшін, 


ауыл 

шаруашылығында органикалық тыңайтқыштар пайдалану. 

 

Салық  жеңілдіктері.  Әртүрлілікті  сақтауға  игі  ықпал  ету  жүйесінде 

салық саясатын экологияландыру негізгі орын алады. Қолданыстағы заңнамада 

табиғат  қорғау  мақсаттарында  қаржыландырудың  ынталандыру  тетіктері 

қамтылмаған және ақшаның кімге түсетіні көзделмеген биоәртүрлікті сақтауды 

ынталандырудың  салықтық  схемасында  жағымды  және  жағымсыз  салықтар 

қамтылған.  Жағымды  салықтық  ынталандыру  шаралары  салық  төлеушілердің 

белсенділігін арттыруға және салық төлеушілердің түпкі нәтижеге - әлеуметтік-

экономикалық  тұрғыдан  алғанда  тиімді  нәтижелер  алу  мүддесін  арттыру 

арқылы  елдің  орнықты  дамуы  үшін  маңызды  үрдістерді  ынталандыруға 

жәрдемдеседі. Жағымды салықтық ынталандыру шараларын  енгізу бизнес пен 

табиғат «ынтымақтастығының» неғұрлым ізгілікті аспабы болып табылады.  

Жағымды салықтық ынталандыру шаралары мыналар болмақ: 

1)

 

нысаналы  қорлар  арқылы  бюджетке  түсетін  ақшаның  атаулы  болу 



қағидатын енгізу; 

2)

 



салық  жеңілдіктері,  яғни  салық  ставкаларын  азайту,  салық 

төлеушілердің  бірқатар  санаты  үшін  пайданың  бір  бөлігін  салық  салудан 

босату; 

3)

 



биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге 

асыратын  табиғат  пайдаланушылар  (экологиялық  таза  технологияларға  көшу, 

табиғат  қорғау  сипатындағы  өндірістік  қорлар  құру,  табиғат  қорғау  іс-

шараларын іске асыру және басқалар);  

экологиялық жабдықтар  өндірушілер: 


44 

 

жердің  азып-тозуына  жол  бермеу  жөнінде  және  биоәртүрлілікті  сақтау 



жөнінде іс-шараларды жүзеге асыратын егіншілер; 

экожүйелерді сақтау бойынша ескерту шараларын жүзеге асыратын ауыл 

шаруашылығы тауарын өндірушілер; 

3)  демеушілік  көмек  ретінде  жіберілген  соманы  табиғат  қорғау 

мекемелерін,  биоәртүрлілікті  сақтау  саласында  жұмыс  істейтін  қорлар  мен 

қоғамдық ұйымдарды қолдауға жатқызу;  

4)

 

тәртіп  бұзушылардан  сот  тәртібімен  өндіріп  алынатын  әкімшілік 



айыппұлдар  сомасын  тікелей  табиғат  қорғау  ұйымдарының,  қорлардың  және 

қоғамдық  ұйымдардың  шоттарына  талап  арыз  берушінің  ұсынымы  бойынша 

аудару мүмкіндігінің болуы; 

5)

 



бюджеттен  тыс  төлемдер  енгізу  (мысалы:  ЕҚТА-да  болғаны  үшін; 

шетелдік туристер сатып алатын авиабилеттерге қосымша баға және т.б.), бұл 

осы  қаражатты  төлемдер  биоәртүрлілікті  қорғау  саласында  жұмыс  істейтін 

қорлар мен қоғамдық ұйымдарға тікелей есептеуге мүмкіндік береді.  

5)  ЕҚТА  аумағында  тұрғаны  үшін  және  оның  эстетикалық  қызметтері 

үшін  туристердің  шығындарын  және  әуежайларда  елге  келіп  түскен  кезде 

төленетін  төлемдерді,  ЕҚТА  арқылы  коммуникациялар  жүргізгені  үшін 

төлемақыны және басқаларды қамтитын әуежай алаңдары сияқты жаңа атаулы 

төлемдер енгізу.  

Биоәртүрлілікке  теріс  ықпал  ететін  өнім  мен  қызметтерге  салықтарды 

ұлғайту,  оның  ішінде  акциздік  салық,  аң  және  балық  аулау  құралдарға 

салынатын салық теріс салықтық ынталандыру болады.  

 Жалпы  алғанда,    табиғат  қорғау  саясатының  пайдасын  көздейтін  салық 

реформасы салық салудағы базалық қағидатты өзгертуді, яғни өндірістің түпкі 

нәтижесіне  (пайда)  есептелген  салық  салудан  өндіріске  тартылатын  табиғи 

ресурстарды,  оның  ішінде  биоресурстарды  (салық  салудың  ренталық  жүйесі) 

есепке  алуға  негізделген  тікелей  табиғи  ресурстарға  салық  салуға  көшуді 

білдіреді.  Бұл  жүйеде  бір  мезгілде  нысаналы  мұқтаждықтарға  мемлекеттік 

бюджетке толықтыра отырып, оны сақтаудың экономикалық тетіктерін құруға 

мүмкіндік  беретін  биоәртүрлілікке  рентаның  есеп-қисабы  қажет.  Нақты  бір 

аумаққа салық салудың ренталық жүйесі мынадай екі құрамдас бөліктен: 

1)  биоәртүрлілікті  пайдаланғаны  немесе  оған  әсер  еткені  үшін  базалық 

жал төлемдерінен; 

2)  биоәртүрлілікке  нормативтен  тыс  әсер  еткен  жағдайда  талап  арыз 

түрінде қосымша төлемдерден қалыптасуға тиіс. 

Биоресурстарды кадастрлық бағалау. 

Кадастрдың  негізгі  міндеті  экожүйелік  қызметтер  пайдаланушыдан 

ренталық  салық  алу  базасын  айқындау  болып  табылады.  Ведомство  аралық 

бірыңғай  деректер  базасын  құру  үшін  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі 

нысандарын,  ЕҚТА-лармен  ормандарды  мемлекеттік  есепке  алу,  олардың 

кадастры  мен  мониторингі  бойынша  жұмыстарды  жетілдіру  қажеттілігі  орын 

алып  отыр.    Қазақстан  биоресурстарының  кадастрын  құру    биоәртүрлілікті 


45 

 

сақтау мен биоресурстарды орнықты пайдалану міндеттерінің кең ауқымының 



басқару шешімдерін қабылдауға, табиғат пайдаланудың қаржы жүйесін құруға 

(төлемдерді 

есептеу 

кезінде) 

бағытталатын 

болады 


және 

табиғат 


пайдаланушылардың ренталық салу көлемін айқындау үшін сенімді база болып 

табылады. Өз кезегінде базалық жалдау төлемдері биоресурстарды кадастрлық 

(сандық және құндық) бағалауға негізделуге тиіс.  

Арнаулы қорлар. Дүниежүзілік аренада биоәртүрлікті қолдау жөніндегі 

трасттық  қорлар  биоәртүрлілікпен  экожүйелерді  қорғау  жөніндегі  іс-

шараларды  ұзақ  мерзімді  қаржыландыру  тетігі  ретінде  бой  көрсетеді. 

Қазақстанда  аралас  нысанда  (жинауқтаушы  және  амортизациялық)  жұмыс 

істейтін «Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры» Корпоративтік қоры бар. 

Осы  қорды  5  млн.  АҚШ  доллары  мөлшерінде  капиталдандыруға  мемлекеттің 

қатысу  және  қамқоршылар  кеңесі  арқылы  осы  қордың  қызметін  басқаруға 

қатысу  қажет.  Осы  мақсаттар  үшін  бюджеттік  қаражаттың  бір  рет  бөлінуін 

ескеру  және/немесе  жер  қойнауын  пайдаланушыларға  қаражат  тарту 

мүмкіндігін қарастыру керек. 



Тәуелсіз  нарықтық  сертификаттау.  Бұл  тетік  бизнес  пен  жеке 

сектордың табиғат қорғау проблемаларының көкейтесті сипат алып отырғанын 

сезіну  жолымен  биологиялық  ресурстарды  сақтауға  оларды  тартуды  көздейді. 

Дүниежүзілік нарықта сертификаттау жүйесі  – ол сапалы және қауіпсіз өнімге 

деген  өскелең  сұранымның  негізінде  қалыптасқан  бизнестің  әлеуметтік-

экологиялық  жауапкершілігінің  индикаторы  тәуелсіз  нарықтың  сертификаттау 

тетігі Қазақстанның азық-түлік нарқын және  басқа да тауарлар мен қызметтер 

нарықтарын  сапалы  және  қауіпсіз  отандық  өніммен  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндік  береді,  өйткені  ол  табиғи  ресурстарды  басқаруда  стандарттар  мен 

өлшенбелі  оң  өзгерістерді  пайдалана  отырып,  өндірісті  экологиялық  тұрғыда 

орнықты  тәсілмен  жолға  қоюды  көздейді.  Бұл  тетіктің  түпкі  мақсаты 

мемлекеттің  «жасыл»  экономикаға  көшуі  жөніндегі  жалпы  саясатымен 

үйлеседі. 

Сатып  алу  саласындағы  саясат.  Бұл  тетік  мемлекеттік  және  жеке 

ұйымдар  үшін  сатып  алу  саласындағы  саясатты  жетілдіруді,  атап  айтқанда    - 

экологиялық  стандарттарға  сәйкес  келетін  және  экожүйелерді  орнықты 

басқаруға жәрдемдесетін сертификатталған тауарлар мен қызметтер сатып алу 

көлемін ұлғайтуды көздейді. Бұл тетік тәуелсіз нарықтық сертификаттау тетігі 

мен өзара байланысты. Тетікті енгізу сатып алу саласындағы құқықтық базаны 

өзгерту жолымен жүзеге асырылатын болады.  

Биоәртүрлілік  үшін  өтемақы.  Биоәртүрліліктің  ысырабын  қысқартуға 

қосқан  үлесі  үшін,  экожүйелерді  қорғау  жөніндегі  іс-шаралар  және  т.б.  үшін 

әртүрлі  салалардың  компанияларына  төленетін  мемлекеттік  бюджет  есебінен 

ақшалай немесе ақшалай емес өтемақы. 



Орманды орман өрттерінен сақтандыру. 

Бұл  тетік  республикада  құқықтық  базаны  жаңартуды  көздейді  және 

сақтандырудың  экологиялық  жүйесін  дамытуға  жәрдемдесетін  болады. 


46 

 

Сөндіруге жұмсалатын шығындарды өтей отырып, ормандарды табиғи апаттар 



мен орман өрттерінен сақтандыру қағидаттарын енгізу және оларды қолдануды 

кеңейту. 

 

2.

 

Ақпараттық, ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету 

 

Ақпараттық  қамтамасыз  ету.  Биоәртүрлілікті  сақтаудың  пәрменді 

тетіктерінің  бірі  ақпараттық  және  ғылыми  қамтамасыз  ету  жүйесін  дамыту, 

биологиялық  ресурстарды  сақтау  және  орнықты  пайдалану  саласындағы 

мемлекеттік органдардың өкілдері мен жұртшылықты ағарту деңгейін арттыру, 

осы  саладағы  мәселелерді  шешуге  жұртшылықтың  қатысуын  қамтамасыз  ету 

болып табылады. Осы өлшемдерге қол жеткізу үшін ең алдымен толық көлемде 

ақпараттық  науқан  қажет,  оның  мақсаты  экожүйелерді  сақтау  және 

биологиялық  ресурстарды  орнықты  пайдалану  мәселелерін  қарапайым 

адамдардан  бастап,  мемлекеттік  органдардың  өкілдеріне  дейін  ешқайсысын 

қалдырмай жеткізу болуға тиіс, ақпараттың өзектілігіне, оның шынайлылығына 

маңызды рөл бөлінеді. 

Ақпараттық қамтамасыз ету тиімділігіне қол жеткізу үшін: 

биоәртүрлілікті  сақтау  мен  орнықты  пайдалану  мәселелері  бойынша 

баспасөз конференциялары, басқа да ақпараттық науқандар ұйымдастыру және 

өткізу, телевидениеде сөз сөйлеу мен хабарлар ұйымдастыру;  

табиғат  қорғау  мекемелерін  қорғау  және  Қазақстан  Республикасының 

Қызыл кітабына енгізілген жабайы өсетін өсімдіктер түрлері өсетін орындарды 

пайдалану  режимдері  туралы  буклеттер  басып  шығаруды  және  таратуды  қоса 

алғанда, көрнекі үгіт құралдарын шығару және тарату; 

әртүрлі  жас  топтары  үшін  және  халықтың  әлеуметтік  мәртебесін  ескере 

отырып, беташар фильмдер түсіру; 

биологиялық  ресурстарды  сақтау  және  орнықты  пайдалану  мәселелері 

бойынша  ақпаратты  Ғаламтордың  ғаламдық-компьютерлік  желісінде  тарату 

жобаларын  жасау,  балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  ынталандыру  және 

дамыту  сипатындағы  экологиялық  бағдарламалар  әзірлеу,  табиғат  қорғау 

бұйымдарының  қызметі  туралы,  туристік  және  экологиялық  маршруттардың 

қолжетімділігі туралы, ЕҚТА-да өткізілетін акциялар күндері туралы хабарлама 

беретін веб-сайттар құру;  

«жасыл  мектептер»  (мектеп  орманшылықтары)  желісін  құру  және 

олардың  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету,  «жасыл  мектептер»  тағайындау  және 

дамыту  арқылы  жастардың  экологиялық  хабарлар  болуын  арттыру, 

экологиялық  туризмді  дамыту,  «жасыл  маршруттар»  әзірлеу,  олардың  жұмыс 

істеуі және экологиялық соқпақтарды жайғастыру қажет.  

Тұжырымдаманың  орындалуын,  Іс-шаралар  жоспарын  қалыптастыруды 

және  оны  іске  асыруды  ақпараттық  талдау  тұрғысынан  қамтамасыз  ету  – 

стратегиялық үрдісті тиімді түрде ұйымдастыруды негізгі шарттардың бірі.  

Жұмыстың негізгі бағыттары: 


47 

 

Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  экологиялық  жарнаманың  көмегімен 



әртүрлі  бұқаралық  іс-шаралар  мен  науқандар  өткізу  кезінде  биоәртүрлілікті 

сақтау қажеттілігін насихаттау; 

халыққа экологиялық және биологиялық білім беру мен оны ағарту; 

жаратылыстану-ғылыми және биологиялық білімдерді тарату; 

табиғат пайдаланудың экологиялық қауіпсіз әдістерін насихаттау; 

биоәртүрліліктің жай-күйі және өзіне төнген қатерлер жайында халықты 

хабардар ету; 

биоәртүрлілікті  сақтау  жөніндегі  халықтың  бастамашылығын  қолдау, 

экологиялық қозғалысты дамыту және кеңейту; 

тірі  табиғаттың  сан  алуандығы  мен  сұлулығын,  оған  адамның 

жанашырлықпен қарауын көрсететін көркем шығармалар шығару; 

тірі  табиғатты  сақтауға  бағытталған  халық  мәдениеті  мен  дәстүрлерінің 

элементтерін насихаттау; 

тірі табиғатты сақтауға бағытталған ағартушылық қызмет. 

 

Ғылыми қамтамасыз ету. 

Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі 

төнген түрлерін сақтауды ғылыми қамтамасыз  етудің стратегиялық міндеттері 

мына бағыттарды қамтиды: 

сирек кездесетін және жойылып ету қауіпі төнген түрлердің биологиялық 

ерекшеліктерін зерттеу; 

сирек кездесетін және жойылып ету қауіпі төнген түрлерді анықтау және 

жіктеу,  олардың  жай-күйін  бағалау  мен  оларды  қорғаудың  басымдықтарын 

айқындау үшін санаттар мен өлшемдердің ықшамдалған жүйесін әзірлеу; 

түрлердің азып-тозуының лимиттеуші факторлар себептерін анықтау; 

жасанды  жағдайларда  және  табиғи  мекендеу  ортасында  түрлерді  сақтау 

технологияларын әзірлеу; 

сирек  кездесетін  және  жойылып  ету  қауіпі  төнген  түрлердің  кадастрын 

жүргізу әдістемесін әзірлеуді қоса алғанда төмендеудің мониторинг жүргізудің, 

деректер  жинау,  өңдеу  және  талдау  жүйесінің  ғылыми  әдістемелік  негіздерін 

әзірлеу, осы заманғы табиғат қорғау сұранымдарына сәйкес табиғат жылнамасы 

бағдарламасын  жетілдіру,  жануарлар  мен  өсімдіктердің  сирек  кездесетін  және 

жойылып кету қауіпі төнген түрлері бойынша ақпараттық-талдау жүйесін құру; 

Қызыл кітаптың жүргізілуін ғылыми қамтамасыз ету; 

сирек кездесетін және жойылып ету қауіпі төнген түрлерді қорғау, өсімін 

молайту және пайдалану бойынша бағдарламаларды ғылыми қамтамасыз ету; 

өсімдіктердің  генетикалық  ресурстарын  сақтауға  және  ұтымды 

пайдалануға жәрдемдесетін шаралар әзірлеу; 

бағалы  генетикалық  ресурстар  таралған  жерлерде  қорғалатын  аумақтар 

желісін құру; 

өсімдіктердің генетикалық ресурстарын жинау, зерттеу, бағалау, бақылау 

және пайдалану. 


48 

 

Осы міндеттерді шешу қолданбалы да, іргелі де ғылымды тартуды талап 



етеді.  Бұл  орайда  стратегиялық  міндет  ғылыми  зерттеулерді  қаржыландыру 

мәселелерін  шешіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  зерттеулерді  үйлестіруді 

қамтамасыз ету болып табылады.  

Осы  тұжырымдаманы  ғылыми  қамтамасыз  етудің  мақсаты  іс-шаралар 

кешенін  әзірлеу,  биоәртүрлікті  сақтауға  және  орнықты  пайдалануға 

бағытталған ғылыми талдамаларды қолданысқа енгізу: 

Климаттың  ғаламдық  өзгеруі  және  өскелең  антропогендік  жүктемелер 

жағдайларында биоәртүрлілік мониторингінің әдістемелік негіздерін әзірлеу; 

 жоспарлау  мен  басқару  кезінде  экожүйелік  көзқарасты  енгізу 

мақсатында барлық ЕҚТА-лар үшін экожүйелер карталарын жасау; 

Қазақстанның ормандағы экожүйелерін қоса алғанда, жер мен өсімдіктер 

қабатында  көміртегінің  жиналу  көлемін  айқындау  бойынша  әдістемелер 

әзірлеу; 

 сирек  кездесетін  және  жойылып  ету  қауіпі  төнген  түрлерді  (Түркістан 

аршасы,  тораңғы,  жолбарыс,  Прежевальский  жылқысы,  Жетісу  бақатісі  және 

басқалар) қалпына келтіру қағидаттары мен технологияларын әзірлеу; 

экожүйелік  қызметтердің  сан  алуан  түрлері  үшін  экономикалық  бағалау 

әдістерін  жетілдіру  мен  бейімдеуді  ескере  отырып,  экожүйелік  қызметтерді 

экономикалық бағалау; 

заңнамада  және  нормативтік  құжаттарды  қалыптастыруда  экожүйелік 

көзқарасты  пайдаланудың  ғылыми  негіздерін  әзірлеу  (оның  ішінде 

лицензиялау, сертификаттау, экологиялық сақтандыру және экологиялық аудит 

саласында);  

бөтен текті түрлердің  жергілікті  түрлері мен табиғи экожүйелердің жай-

күйіне ықпалы; 

экологиялық-экономикалық  есепке  алу  жүйесі  шеңберінде  аңшылық 

ресурстарды,  сондай-ақ  жануарлар  мен  өсімдіктердің  сирек  кездесетін  және 

жойылып бара жатқан түрлерін есепке алу мен бағалау әдістерін әзірлеу; 

өскелең  антропогендік  жүктемелер  жағдайында  Қазақстан  балық 

шаруашылығы  су  айдындарының  судағы  экожүйелері  биоәртүрлілігінің 

мониторингін жүргізу әдіснамасын әзірлеу; 

кәсіпшілік  ихтиофаунасының  түр  құрамы  мен  пайдаланылатын  түрлі 

таралымдарының құрылымын айқындау және қалыптастыру бойынша әдістеме 

әзірлеу  сирек  кездесетін  және  жойылып  ету  қауіпі  төнген  түрлерді  табиғи 

мекендеу  ортасында  сақтау  мен  қалпына  келтіру  технологиясын  әзірлеу 

(аквабалықтардың жасанды резервтік таралымдары және басқа түрлері); 

кәсіпшілік  ихтиофаунаның  (оның  ішінде  балық  шабақтарының  түр 

құрамы,  жас  және  мөлшер  құрамы,  балықтандыру  тәсілдері,  шабақтарды  су 

айдындарына жіберуге дайындық) жасанды жолмен өсімін молайту тиімділігін 

арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 

отандық  балық  аулаудың  қағидаттарын  енгізу  бойынша  ұсыныстар 

әзірлеу  (балық  аулауды  басқару  жоспарларын  әзірлеу,  сақтықпен  қарау 



49 

 

тұрғысынан  ауланатын  балық  қорын  бағалау  және  болжамдау,  болжам  жасау 



тәуекелдерін, кәсіпшілік мақсатта күш жұмсау нормативтерін бағалау); 

тауарлы балық өндіруді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

жергілікті 

мүмкіндіктерді 

қолдануға 

негізделген 

азық 

өндіру 


технологиясын әзірлеу болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет