Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата13.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3986
1   2   3   4   5   6   7

2.

 

Биологиялық әртүрлілікті сақтау проблемалары мен қатерлері 

 

 

Жануарлар  мен  өсімдіктер  түрлерінің  биологиялық  әртүрлілігін, 

қауымдастықтар  мен  экожүйелерді  сақтау    -  осы  заманның  аса  өзекті  міндеті. 

Осы  проблеманың  шеңберінде  Жерде  тіршілік  атаулыны  қорғау  белгілі  бір 

топтармен адамдардың тар өрісті міндеті емес, сонымен бірге бүкіл адамзаттың 

міндеті және бір мезгілде оның ғылыми планетада тірі қалуының шарты болып 

табылатыны мойындалды.  

Өткен ғасырдың аяқ шенінен бастап, Қазақстанда жалпы алғанда табиғат 

қорғау  саласында  нақты  нәтижелерге  қол  жеткізу  жөнінде  елеулі  шаралар 

қолданылды.  Осы  жылдары  ірі  көлемді  табиғат  қорғау  жобаларының 

серияларын әзірлеу басталды, «Қазақстанның  биологиялық әртүрлілігін сақтау 

мен  орнықты  пайдалану  жөніндегі  ұлттық  стратегия  мақұлданды».  Бұл  құжат 

нормативтік-құқықтық  акт  ретінде  бекітілгенмен  биологиялық  әртүрлілікті 

сақтау  саласында  Қазақстан  саясатының  қағидаттарын  басымдықтарын  және 

негізгі  бағыттарын  айқындайтын  негізгі  ұзақ  мерзімді  жоспарлау  құжаты 

болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қарашадағы № 692 

қаулысымен мақұлданған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және 

орналастыру  тұжырымдамасы  негізінде  Қазақстанның  экологиялық  желісінен 

негізгі  элементі  болып  табылатын  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың 

алқаптары едәуір ұлғайды.  

Орман  шаруашылығын  реформалау  шеңберінде  жұмыс  істеп  келген 

орманшарлар  негізгі  функцияларын  қорғау,  күзету  және  қалпына  келтіру  іс-

шараларын  қамтитын  орман  қорғау  мекемелері  болып  өзгертілді.  

 

Табиғи су айдындарының судағы биоресурстарын сақтау, өсімін молайту 



және  ұтымды  пайдалану  есебінен  балық  шаруашылығы  кешенінің  орнықты 

жұмыс  істеуі  және  тауарлы  балық  өсіруді  дамыту  жағдайларын  жасау 

Қазақстан  республикасы  Үкіметінің  2006  жылғы  6  қазандағы  №  963 

қаулысымен 

мақұлданған 

2007-2015 

жылдарға 

арналған 

Қазақстан 

Республикасы  балық  шаруашылығын  дамыту  тұжырымдамасында  көзделіп, 

уәкілетті орган оларды іске асыру бойынша бірқатар шаралар қолданды.   

Биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  және  оны  ұтымды  пайдалану 

проблемасы басты дүниежүзілік басымдықтарының біріне айналды, мұның өзі 

биосфераның 

ғаламдық 

антропогендік 

дағдарысының 

шиеленісуіне 

байланысты адамзаттың өмір сүруі мен одан әрі дамуын қамтамасыз етуі үшін 

биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттігінен туды.  

Осы дағдарыстың аса қауіпті көріністерінің бірі биологиялық әртүрлілік 

пен  экожүйелердің  орны  толмайтындай  дәрежеде  қысқару  үрдісі    болып 

табылады.  Мұның  өзі  биосфераның  тұрақтылығын  қайта  қалпын  келмейтін 

дәрежеде бұзылуына, орта сапасының төмендеуіне және тірі табиғаттың гендік 

қорының сарқылуына душар етуі мүмкін.  

Қазақстанның 

биологиялық 

әртүрлілігін 

сақтау 

мен 


орнықты 

пайдалануда  қол  жеткен  табыстарға  қарамастан  табиғи-экологиялық  жүйеге 



10 

 

және жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің таралымына 



жайсыз факторлардың әсер етуі тыйылар емес.  

Қазақстанның  биологиялық  әр  түрлілігіне  төнген  тікелей  қатерлерге 

мыналар жатады: 

1)  мекендеу  ортасының  толық  жойылуына  немесе  азып,  тозуына  әкеп 

соғатын факторлар: 

- ауыл шаруашылығын ұтымды жүргізбеу; 

- орман шаруашылығы мен орман пайдалануды орнықты жүргізбеу; 

- ағаштың заңсыз кесілуі; 

- пайдалы қазбаларды өндіру; 

- өрттер; 

- жерлерді суландыру және құрғату; 

- өзендердің гидрологиялық режимін өзгерту; 

- табиғи ортаны ластау; 

- генетикалық эрозия; 

- эпизоотиялар (індеттер); 

- табиғи апаттар (су тасқындары, селдер, дауылдар, жер сілкіністері және 

т.б.); 

- браконьерлік; 



- ұйымдастырылмаған туризм мен рекреация; 

-  көлік  магистральдарын  және  басқа  да  өнеркәсіп  нысандарын  салу 

(автомобиль  және  теміржолдары,  газ  және  мұнай  құбырлары,  электр  тарту 

желілері,  ГЭС,  каналдар,  тосқауылдық  шекаралық  құрылыстар,  қала  ішіндегі 

өнеркәсіп кешендері). 

2) климаттың өзгеруі; 

3)  бөтен  жануарлар  мен  өсімдіктерді  интродукциялау  және  олардың 

инвазивтік түрлерін тарату; 

4) табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалану. 

Биологиялық әр түрлілікке төнген жанама қатерлерге мыналар жатады: 1) 

жетілдірілмеген нормативтік-құқықтық база; 

2)  жеткілікті  дәрежеде  дамымаған  институционалдық  база  мен 

қаржыландыру; 

3)  кадрлардың  біліктілігі  мен  оларды  даярлау  деңгейінің  жеткілікті 

дәрежеде болмауы; 

4)  табиғи  ресурстарды  басқаруға  азаматтық  қоғамның  жеткілікті 

дәрежеде қатыспауы; 

5)  биологиялық  әртүрліліктің  экономикалық  құндылығын  бағалау  мен 

экожүйелік қызметтердің болмауы; 

6)  биологиялық  ресурстарды,  кадастрлық  бағалаудың  жетілдірілмеген 

жүйесі. 

 

2. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары 

 


11 

 

Осы  Тұжырымдаманың  негізгі  бағыттары  Қазақстан  Республикасы 



Президентінің  2010  жылғы  30  мамырдағы  №  577  Жарлығымен  бекітілген 

Қазақстан 

Республикасының 

Жасыл 


экономикаға» 

көшу 


жөніндегі 

тұжырымдаманың  негізгі  ережелеріне,  сондай-ақ  Биологиялық  әртүрлілік 

туралы  Конвенция  тараптары  конференциясының  10-шы  кеңесінде  (2010 

жылғы  қазан,  Жапония)  қабылданған  биологиялық  әртүрлілік  жөніндегі 

ғаламдық нысаналы міндеттерге сәйкес айқындалған. 

 

1.



 

Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері 

 

Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары: 

1)  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  түрлерінің  қысқаруын  болдырмау, 

сирек  кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген  түрлердің  санын  қалпына 

келтіру  және  түрлердің,  қауымдастықтардың  және  түрлердің  генетикалық 

саналуандығын,  қауымдастықтар  мен  экологиялық  жүйелерді  сақтау  жолымен 

биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ету; 

2)  ұзақ  мерзімді  перспективада  биологиялық  әр  түрлілікті  ұтымды  және 

тауыспай  пайдалануды  қамтамасыз  етуге  және  қазіргі  және  болашақ 

ұрпақтардың  экономикалық,  эстетикалық  және  өзге  де  қажеттіліктердің 

қанағаттандыруға  мүмкіндік  беретін  биологиялық  ресурстарды  орнықты 

пайдалану болып табылады.  

Көрсетілген  мақсаттарға  мынадай  негізгі  бағыттар  бойынша  шаралар 

кешені мен іс-шараларды іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.  

1)

 

биологиялық ресурстарды тиімді басқаруды арттыру: 



биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  мен  орнықты  пайдаланудың  құқықтық 

негіздері  мен  экономикалық  тетіктерін  жетілдіру  (оның  ішінде  биологиялық 

әртүрлілікті  сақтау  және  орнықты  пайдалану  мәселелері  бойынша 

қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау және осындай жаңа 

актілер қабылдау); 

институционалдық құрылымды жетілдіру; 

табиғи кешендерді орнықты басқару нормативтерін бекіту; 

2)

 



мыналар: 

ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жүйесін  дамыту  және  ұлттық 

экологиялық  желіні  қалыптастыру  жолымен  экожүйелердің  бүкіл  кешенін, 

мекендеу  ортасын,  түрлер  мен  генетикалық  әртүрлілікті,  сондай-ақ 

ландшафттарды сақтау; 

түрлердің қоныстануы мен қоныс аударуы үшін жағдайлар жасау; 

азып,  тозуға  ұшыраған  экожүйелерді  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген 

немесе жойылып кеткен түрлердің тарамдарын қалпына келтіру; 

экожүйелердің  негізгі  түрлерін  ықтимал  теріс  факторлардың  әсерінен 

қорғау; 


12 

 

жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесі  объектілерін  пайдалану  әдістерін 



жетілдіру  есебінен  биологиялық  әртүрлілікті  тиімді  қорғауды,  молықтыруды 

және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету; 

3)

 

мынадай: 



жұртшылықты,  жергілікті  қоғамдастықтарды,  мемлекеттік  органдар  мен 

өзге де ұйымдардың өкілдерін ағарту деңгейін арттыру; 

биологиялық  ресурстарды  басқаруға  жұртшылық  пен  жергілікті 

қоғамдастықтардың қатысуын қамтамасыз ету; 

биологиялық  ресурстарды  басқару  саласында  кадрлардың  көп  деңгейлі 

даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту; 

 орман,  аңшылық  және  балық  шаруашылығы  ерекше  қорғалатын  табиғи 

аумақтар  қызметкерлері  үшін  сараланған  еңбекақы  төлеу  және  ынталандыру 

жүйесін, әлеуметтік қорғау шараларын енгізу; 

ресми табиғат қорғау мерекелерін  белгілеу (орман қызметкері күні, ЕҚТА 

күні және т.б.). 

Орман  ресурстары,  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесінің  биологиялық 

әртүрлілігі  саласында  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  мен  жұмыстар 

орталығын  қалыптастырып,  оған  қолданбалы  ғылыми  зерттеулерді  үйлестіру, 

бірыңғай 

жоспарлау 

және 

талдау, 


қаржыландыру, 

биоресурстарға 

экономикалық  бағалау  жүргізу  және  экожүйелік  қызметті  көрсету 

функцияларын жүктеу; 

Басқару  шешімдерін  жоспарлау  және  қабылдау  мақсаттары  үшін 

биологиялық  әр  түрліліктің  жай-күйіне  және  биологиялық  ресурстардың 

пайдаланылуына  мониторинг  жүйесін  жетілдіру  жолымен  биологиялық  әр 

түрлілікті сақтау және орнықты пайдалану саласында ақпараттық кадрлық және 

ғылыми қамтамасыз ету жүйесін дамыту; 

4)  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  мен  орнықты  пайдалану  саласында 

халықаралық  ынтымақтастықты  кеңейту,  оның  ішінде  халықаралық  келісімге 

және  халықаралық  бағдарламаларды  іске  асыруда  белсене  қатысу  жолымен 

кеңейту. 

 

1.1.

 

Биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы міндеттер 

 

Оңтайлы экологиялық желіні қалыптастыру. 

Осы заманғы табиғат қорғау теориясы проблеманың шешімі экологиялық 

желілер  –  табиғи  жүйелердің  орнықты  өмір  сүруін  ғана  емес,  сонымен  бірге 

адамның өмір сүруі  мен шаруашылық жүргізуі үшін жағдайларды қамтамасыз 

ететін функционалдық және аумақтық жағынан бір-бірімен байланысты табиғи 

кешендер жүйелерін қалыптастыруда деп біледі.  

Қазақстан  аумағының  кең  байтақтығы  және  оның  табиғатының 

ерекшелімі  табиғи  ландшафттардың  кешендеріндегі  оның  құрамдас 

бөліктеріндегі  сан  алуандығын  және  олардың  ішкі  өзара  байланыстарының 

күрделілігін,  олардың  аймақтық  және  белдеулік  құрылымын  айқындайды. 



13 

 

Қазақстан  үшін  оңтайлы  экологиялық  желі  құру  міндеті  ерекше  өзекті.  ЕҚТА 



жүйесінен орман қорғау мекемелерінен аңшылық шаруашылықтарынан, балық 

шаруашылығы  су  айдындарынан,  бейімдеу-сауықтыру  жерлері  мен 

шипажайлардан және қорғау режимі әртүрлі экологиялық дәліздерден тұратын 

экологиялық  желі  Қазақстанның  биологиялық  әртүрлілігі  мен  табиғи 

экожүйелерін аумақтық қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.  

Қазіргі  ҚР  нормативтік  және  құқықтық  актілері  негізінен  экологиялық 

желі  жобалау  мен  ұйымдастыруға,  табиғат  пайдалану  режимдерін  белгілеуге 

және  оны  басқаруға  жеткілікті  және  табиғи  кешендерді  қорғау  мақсатында 

жерлерді аймақтау рәсімі мүмкіндіктерін береді.  

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі экологиялық  желінің негізгі 

элементі  болып  табылады.  ЕҚТА  неғұрлым  құнды  және  осал  мекендеу 

орындарын  сақтау  отырып,  экологиялық  желінің  түйінді  элементтеріне 

айналуда.  Іргелес қоныс аудару аумақтары мен бағыттарында тұрақты немесе 

маусымдық  сипаттағы  табиғат  пайдаланудың  неғұрлым  жеңіл  шектеулері 

белгіленеді.  

Қазіргі  кезде  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жүйесі  (бұдан  әрі  – 

ЕҚТА) 10 мемлекеттік табиғи қорықты, 12 мемлекеттік ұлттық табиғи паркті, 5 

мемлекеттік  табиғи  резерватты,  50  республикалық  маңызы  бар  мемлекеттік 

табиғи  қаумалды,  26  республикалық  маңызы  бар  табиғат  ескерткішін,  5 

республикалық  ботаника  бағын  (Алматы,  Риддер,  Жезқазған,  Ақтау,  Бақанас 

селосы),  5  республикалық  мемлекеттік  қорық  аймағын,  2  мемлекеттік  өңірлік 

табиғи  паркін  және  3  хайуанаттар  саябағын  (Алматы,  Қарағанды  және 

Шымкент) қамтиды. 

Республикалық  маңызы  бар  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың 

жалпы алқабы қазіргі кезде 23 733 961 га (ел алқабының 8,7%) құрайды. Заңды 

тұлға мәртебесі бар ЕҚТА 6 294 995 га жерді немесе республика жерінің 2,31% 

алып жатыр.  

Қазіргі    ЕҚТА-лар  экожүйелер  бойынша  тым  әркелкі  бөлінген,  әртүрлі 

дәрежедегі  ЕҚТА-лар  саны  мол  бола  тұрып,  шөл  және  дала  аймағының 

көптеген негізгі экожүйелері олардың жүйесіне қамтылмаған. Көптеген ЕҚТА-

лардың  орналасуы  шекарасы  және  жер  алқабы  оңтайлы  емес.  Заңды  тұлға 

мәртебесі  бар  қорғалатын  аумақтардың  ең  аз  жер  көлемі  (1%  төмен)  орта 

өңірлердегі шөлдерге және Оңтүстік шөлдері – 0,69%, көлдердің экожүйелеріне 

– 0,04% келеді, ал өзен жазықтары мен Каспий теңізінің экожүйелеріне заңды 

тұлға мәртебесі бар қорғалатын аумақтар жоқтың қасы (2 кесте). 

2 кесте. ЕҚТА табиғи экожүйелерінің қамтылуы  

Аймақты  

экожүйелер 

Алқабы, га 

Экожүйелердегі 

барлық ЕҚТА 

түрлерінің үлесі,  

Заңды тұлға 



мәртебесі бар 

ЕҚТА үлесі,  %  

Ормандар  

(орманмен 

12 452 000,00 

4,89 


1,46 

14 

 

көмкерілген алқап) 



Орманды дала  

7 683 000,00 

5,82 

2,58 


Қуаңды дала   

18 157 000,00 

1,07 

1,05 


Шөлге айналған 

дала   


49 041 000,00 

4,26 


3,96 

Қураған 


дала/құрғақ жер 

38 419 000,00 

1,44 

1,27 


Солтүстік шөлейт 

47 242 000,00 

2,74 

1,99 


Орта және оңтүстік 

шөлейт  


55 704 000,00 

24,03 


0,69 

Таулы аумақтар 

40 520 000,00 

10,09 


5,49 

Өзен аңғарлар ы 

5 937 335,29 

2,37 


0,00 

Көлдер 


4 503 200,00 

4,32 


0,04 

Каспий теңізі 

11 500 000,00 

6,15 


0,00 

 

Биологиялық  әртүрлілік  туралы  конвенция  тараптарының  10-



конференциясына  (2010ж.,  Жапония)  қабылданған  ғаламдық  нысаналы 

міндетте 2020 жылға қарай ЕҚТА жүйесін дүниежүзінің жердегі экожүйелерін 

жалпы  алқабының  17%-ға  дейін  кеңейту  жолымен    биологиялық  әртүрлілікті 

сақтауды қамтамасыз ету көзделуде. 

Осыны басшылыққа ала  отырып, жаңа ЕҚТА-ларды құруды қамтамасыз 

ету мақсатында 2030 жылға қарай Қазақстан ЕҚТА-лардың алқабын елдің жер 

көлемін  10%-ға  дейін,  оның  ішінде  заңды  тұлға  мәртебесі  бар  ЕҚТА-лардың 

жер көлемін 5%-ға дейін жеткізу қажет.  

Орман  қорын  қорғау  123  орман  шаруашылығы  мемлекеттік  мекемесінің 

күшімен  жүзеге  асырылуда,  олардың  қарауында  мемлекеттік  орман  қорының 

28,6 млн. га жері бар.  

Мәртебені  айқындап  алу  мақсатында  орман  шаруашылығы  мемлекеттік 

мекемелерін  тиімді  басқаруын  МЫСОП  талаптарына  сәйкес  бағалау  қажет. 

жоғары  көрсеткіштері  бар  орман  мекемелерінің  негізгі  функциялары 

биологиялық  және  ландшафтық  әртүрлілікті  табиғи  орта  өлшемдерін  сақтау, 

табиғи  ресурстардың  алуан  түрлерін  пайдаланып,  басқару,  жергілікті 

экономиканы  қолдау,  табиғат  пайдаланудың  қауіпсіз  бағыттарын  дамыту, 

ғылыми  зерттеулер  мен  экологиялық  мониторинг  жүргізу,  рекреация  мен 

табиғат қорғау ағарту ісін дамыту болып табылатын «Басқарылатын ресурстық 

аумақ» санатына жатқызған жөн. 

Орнықты  басқарылатын  аңшылық  алқаптар  экологиялық  желінің 

құрамдас  бөліктерінің  бірі  болуы  мүмкін.  Аңшылық  алқаптардың  жалпы  жер 

көлемі  234,6  млн.  га  құрайды.  Оның  117,7  млн.  га  (50,2%)  аңшылық 

шаруашылықтарына бекітіліп берілген. Аңшылық ісін  орнықты пайдаланудың 

жануарлар  дүниесі  ресурстарын  азайтып  алмай  пайдалануды  қолдау 

тұрғысынан  қарастыру  керек.  Осыған  байланысты  аңшылық  алқаптарын 



15 

 

экожеліге  енгізу  оларды  басқару  тиімділігін  міндетті  түрде  бағалауды  қажет 



етеді.  

Қорғаумен  және  өсімін  молайту  іс-шаралары  мен  қамтамасыз  етілген 

халықаралық  және  республикалық  маңызы  бар  балық  шаруашылығы  су 

айдындары да экологиялық желінің элементтері болып табылады.  

Экологиялық  желінің  элементтері  (ЕҚТА-лар,  орман  қорғау  мекемелері, 

аңшылық  шаруашылықтар  және  т.б.)  арасындағы  кеңістік  байланыстын 

қамтамасыз ететін экологиялық дәліздер, экологиялық желінің элементі ретінде 

жануарлардың  көптеген  қоныс  аударатын  түрлерінің  қоныс  аудару  жолдары 

мен  мекендеу  орындарын  қорғауды  қамтамасыз  ету  үшін  негіз  қалайды. 

Экологиялық  желі  құру  және  оның  функцияларын  қолдау  табиғат  қорғау 

құрылымдарының қызметімен ғана қамтамасыз етілмейді.  Бірқатар әлеуметтік 

экономикалық  секторлардың  күш-жігерін  жұмылдыру  қажет,  өйткені  сумен 

қамтамасыз ету және су пайдалану,  жер  пайдалануды жоспарлау, ауыл, орман 

шаруашылығының  және  табиғат  пайдаланудың  өзге  түрлерін  дамыту 

проблемалары қозғалып отыр.  

Осы міндетке қол жеткізудің индикаторлары:  

1. 20-30 жылға қарай  орнықты басқарылатын ЕҚТА-ларды Орман қорғау 

мекемелерін  аңшылық  шаруашылықтарын,  экологиялық  дәліздерді  және  т.б. 

қамтитын оңтайлы экологиялық желі құрылды.  

2. ЕҚТА-лардың жер көлемі 2030 жылға қарай елдің жер көлемінің 10%, 

оның ішінде заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА-лар - 5% құрайды. 

 

Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау. 

Қазақстан  Республикасында  қорғауды  қажет  ететін  эндемикалық  және 

көне  түрлердің  арасында  омыртқалы  жануарлардың  300-ден  астам  түрі  бар, 

олардың едәуір бөлігі құрып кету алдында тұр. 

Қазақстанның  Қызыл  кітабына  омыртқалы  жануарларың  -  128  түрі  мен 

қосымша  түрі,  оның  ішінде  су  жануарларының  –  19,    қосмекенділердің  –  3, 

бауырмен жорғалаушылардың – 10, құстардың – 57 және сүтқоректілердің – 40 

түрі  енгізілген.  Омыртқасыз  жануарлардың  -  96  түрі,  оның  ішінде  тікенек 

құрттардың  –  2,  маллюскалардың  –  6,  шаян  тәрізділердің  –  1,  өрмекші 

тәрізділердің  –  2,  жәндіктердің  –  85  түрі  Қызыл  кітаптың  екінші  бөлімінде 

қамтылған.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2006  жылғы  31  қазандағы 

қаулысымен  бекітілген  Сирек  кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген 

өсімдіктер түрлерінің тізбесі өсімдіктердің 387 түрін қамтиды.  

Қазақстан Республикасы Конституциясы өсімдіктер дүниесін мемлекеттік 

меншік  құқығының  дербес  объектісі  ретінде  қарастырады,  солай  бола  тұрып, 

қолданыстағы  заңнамада  осы  табиғи  объекті  бойынша  мемлекеттік  құқықтар 

мен мүдделерді қорғау тетіктері  жасалмаған. Осыған байланысты  «Өсімдіктер 

дүниесі  туралы»  арнайы  Қазақстан  Республикасы  Заңын  дайындап,  қабылдау 

қажеттігі  орын  алып  отыр.    Түрлі  жапырақты  тораңғы,  арша,  Сиверс  алмасы 

және  Недзведский  алмасы,  қара  сексеуіл,  қызғылт  семізот,  кәдімгі  өрік, 


16 

 

қызғалдақтар  сияқты  басқа  да  өсімдіктер  дүниесінің  эндемикалық,  сирек 



кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген өкілдерін қорғауды күшейте түсу 

қажет.  


Қазақстан  Республикасына  флора  мен  фаунаның  сирек  кездесетін 

түрлерін  сақтау  және  ұтымды  пайдалану  бойынша  мамандандырылған 

бағдарламалар  жоқ.  Ұзақ  мерзімді  перспективада  жануарлар  дүниесінің 

неғұрлым осал түрлерінің таралымдарын сақтауды қамтамасыз ететін іс қимыл 

жоспарларын әзірлеу мәселесі өткір сипат алып отыр, олар: Каспий итбалығы, 

барыс,  алабажақ  кесіртке,  Жетісу  бақатісі,  арқар,  Алтай,  Қазақстан,  Қаратау 

және Қызылқұм, жек-дуадақ және т.б. Каспий итбалығының таралымын сақтау 

мақсатында  Каспий  теңізінің  акваторийінде  теңіз  қорығын  –  ерекше 

қорғалатын табиғи аумақ құру қажет.  

Маңызды  проблемаларға,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Қызыл 

кітабына  енгізілген  және  Республика  балықтарының  биологиялық  әр 

түрлілігінің  11,5%  құрайтын  балықтардың  сирек  кездесетін  16  түрін  сақтауды 

жатқызуға болады. Маңыздылығы бұдан кем соқпайтын бағыт түрлердің өсімін 

молайту  әдістемелерін  әзірлеп,  оларды  жасанды  жағдайларда  сақтау  болып 

табылады.  өсімдіктер  мен  жануарлардың  сирек  кездесетін  немесе 

экожүйелерден  жойылып  кеткен  түрлерін  іле  интродукциялау  шараларын 

ескеру керек. 

Электр  қуатын  тарту  желілерінің,  автомобиль  және  теміржолдардың 

құстар  мен  жабайы  жануарларға  жайсыз  әсер  етуін  болдырмау  мақсатында 

оларды  қоршау  жөніндегі  конструкциялық  шешімдерді  бағалау,  әзірлеу  және 

іске асыру, сондай-ақ жануарларға арналған жерүсті және  жерасты өткелдерін 

орнатуды қамтамасыз ету талап етіледі.  

Өсімдіктер  мен  жануарлардың  сирек  кездесетін  және  жойылып  кету 

қауіпі төнген түрлерін сақтауға көмек көрсету мақсатында мынадай шараларды 

ескеру қажет: 

өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі 

төнген түрлерінің тізбесін әрбір түрдің сиректілігі (ХТҚО санаттарына сәйкес)  

мәртебесін көрсетіп, толықтыру; 

жануарлар мен өсімдіктердің, және сирек кездесетін және жойылып кету 

қауіпі төнген түрлерін сақтаудың институционалдық және ұйымдық негіздерін 

нығайтуды  одан  әрі  жалғастыру,  сондай-ақ  жануарлардың  пайдаланылатын 

түрлері таралымының оңтайлы құрылымын (оның ішінде жабайы аң-құс өсіру 

жолымен)  және  олардың  мекендеу  ортасын  сақтау  отырып,  аңшылық 

шаруашылығының өнімділігін арттыруды қамтамсыз ету; 

жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі 

төнген түрлерін сақтау және қалпына келтіру бойынша іс-қимыл жоспарларын 

әзірлеу және іске асыру; 

жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі 

төнген  түрлерін  сақтау  жөніндегі  ақпараттық  басқару  базасын  және  аңшылық 

ресурстарды мемлекеттік басқаруды жетілдіру; 



17 

 

аңшылық шаруашылықтарына олардың шекарасы шегінде жануарлар мен 



өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау функцияларын жүктеп, олардың 

өкілеттіктерін кеңейту; 

өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі 

төнген түрлерін сақтау мен қалпына келтірудің ғылыми негізін қамтамасыз ету; 

барлық нысаналы топтарды экологиялық ағартуды дамыту;   

жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау саласында 

халықаралық ынтымақтастықта нығайту. 

Осы міндетке қол жеткізуге арналған индикаторлар: 

1.  2020  жылға  қарай  жұмыс  істеп  тұрған  көлік  желілерінде  3  дана,  2030 

жылға  қарай  –  10  дана  мөлшерде  өткендер  жайластыру  жолымен  және 

экологиялық сараптаманың ұсыныстарына сәйкес 2017 жылдан бастап, барлық 

салынып  жатқан  жерлерде  міндетті  түрде  өткелдер  орнату  жолымен  тұяқты 

жануарлардың қауіпсіз қоныс аударуына жағдай жасалды.  

2. 2020 жылға қарай жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және 

жойылып  кету  қауіпі  төнген  барлық  түрлерінің  тізбесі  МЫСОП  санаттарына 

сәйкес сиректілік мәртебесі көрсетіліп, толықтырылуда. 

3.  2020  жылға  қарай  флора  мен  фаунаның  сирек  кездесетін  және 

жойылып кету қауіпі төнген 10 түрі бойынша іс-қимыл жоспарлары әзірленді. 

4.  2020  жылға  қарай  «Өсімдіктер  дүниесі  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Заңы қабылданды. 

5.  2020  жылға  қарай  шаруашылық  қызметті  жоспарлау  кезінде  сирек 

кездесетін  және  жойылып  кету  қауіпі  төнген  түрлерді  сақтаудың  тиімді 

тетіктері жасалды.  

6. 2017 жылға қарай Экологиялық кодекске жабайы жануарлардың емін-

еркін қоныс аударуын және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электр 

қуатын  тарту  желілерінің  ерекше  қауіпті  учаскелерін,  жерүсті  және  жерасты 

өткелдерді,  қауіпсіз  технологиялары  бар  көлік  инфрақұрылымы  нысандарын 

жайластыру жөніндегі экологиялық талаптары бойынша нормалар енгізілді.  

7.  2020  жылға  қарай  өсімдіктер  қауымдастықтары  бойынша  Қазақстан 

Республикасының жасыл кітабы басылып шықты.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет