Қазақстан Республикасының биологиялық ресурстарын сақтау мен дамытудың 2030 жылға дейінгі



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата13.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3986
1   2   3   4   5   6   7

Кадрмен қамтамасыз ету. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін 

басқару  тиімділігі  едәуір  дәрежеде  білікті  кадрлардың  болуына  байланысты 

қазіргі  кезде  Қазақстанның  ЕҚТА  жүйесі  білікті  кадрлардан  қатты  тапшылық 

көріп  отыр.  Кадрлар  даярлау  мақсатында  мамандықтар  тізбесін,  осы 

мамандықтар  бойынша  білім  беру  стандарттарын  қалыптастыру  және 

мемлекеттік  тапсырысты  қамтамасыз  ету  бойынша  ұсыныстар  әзірлеу  және 

шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  тиісті  мамандар  даярлауға  берген 

нысаанлы тапсырысын ынталандыру қажет.  

Тиімді кадр саясатын қамтамасыз ету саласында: 

ЕҚТА  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеудің  және  олардың  материалдық 

ынталандырудың салалық жүйесін әзірлеу және енгізу; 

конкурстық  негізде  кадрлар  іріктеу  жүйесін  жетілдіру  бойынша  ерекше 

қорғалатын  табиғи  аумақтар  жүйесінде  жұмыс  тәжірибесі  бар  адамдарды 

басшы қызметтерге ұсыну практикасын кеңейту; 

қызметкерлер үшін арнайы жасалған бағдарламалар бойынша біліктілікті 

арттыру курстарын жүйелі түрде және орталықтан жүргізу; 

 табиғат  қорғау  мекемелерінің  қызметкерлер  арасында  тәжірибе  алмасу 

жүйесін дамыту, сондай-ақ осы саладағы оң дүниежүзілік тәжірибені зерделеу, 

оның  ішінде  табиғат  қорғау  мекемелерінің  табиғат  қорғау,  ғылыми  және 

экологиялық  ағарту  саласында  нәтижелі  жұмыс  істейтін  басшылары  мен 

мамандарының  тағылымдамаларымен  танысу  іссапарларын  өткізу  жолымен 

зерделеу; 

әдістемелік оқу фильмдерінің сериясын түсіру, 

қызметкерлерді  моральдық  ынталандыру  практикасын  дамыту,  оның 

ішінде оларды мемлекеттік марапаттарға ұсыну; 

оқу  және  өндірістік  практикалардан  өту  үшін  салалық  жоғары  оқу 

орындарының студенттерін кеңінен тарту қажет. 

Кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында: 

1)  орман  шаруашылығы  саласында  арнаулы  орта  және  жоғары  кәсіби 

білім беретін мекемелер желісін кеңейту (Щучинск, Риддер, Қызылорда, Орал, 

Ақтөбе,  Қостанай,  Петропавл,  Алматы  және  Астана  қалаларындағы 

колледждерде  және  Оңтүстік  пен  Батыс  өңірлер  үшін  Қазақ  ұлттық  аграрлық 

университетінің  және  Солтүстік  пен  Шығыс  өңірлері  үшін  Сейфуллин 

атындағы КАТУ базасында). 

Инженер-орман  патологтары,  кадастрлар  бойынша  инженерлер  сияқты 

және басқа да мамандар даярлау ауадай қажет; 


50 

 

2)  балық  шаруашылығы  саласындағы  мамандықтар  мен  мамандануды 



кеңейту; 

3) ЕҚТА басшыларын даярлау бойынша магистрлық бағдарлама ашу; 

4)  табиғат  қорғау  саласында  студенттердің  өндірістік  (кәсіби) 

практикасының әдістемесін әзірлеу; 

5)  мамандарды  нақты  даярлау  мәселелері  бойынша  оқу  орындары  мен 

ғылыми ұйымдардың өзара байланысын қамтамасыз ету; 

6)  экономиканың  осы  секторлары  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

институтын құру негізінде орман, аңшылық, балық шаруашылығы және ЕҚТА 

қызметкерлері  үшін  біліктілікті  арттырудың  жүйелі  курстарын  өткізіп  тұру 

қажет. 


 

 

4. Тұжырымдаманы іске асыруда басшылыққа алу көзделіп отырған 

нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі 

 

Тұжырымдаманы  іске  асыруда  басшылыққа  алу  жоспраланып  отырған 

негізгі нормативтік-құқықтық актілер мыналар болып табылады: 

1) Қазақстан Республикасы Президентіінң 2013 жылғы 30 мамырдағы № 

577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  «жасыл  экономикаға 

көшу тұжырымдамасы»; 

2)  Қазақстан Республикасының жер, экологиялық және орман кодекстері; 

3) «Жануарлар дүниесін қорғау. өсімін молайту және пайдалану туралы», 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Қазақстан Республикасындағы 

туристік  қызмет  туралы»,  «селекциялық  жетістіктерді  қорғау  туралы», 

«Қазақстан Республикасы Заңдары; 

4)  ҚР  Үкіметінің  2010  жылғы  10  қыркүйектегі  №  924  қаулысымен 

бекітілген  «2010-2014  жылдарға  арналған  «жасыл  даму»  салалық 

бағдарламасы»; 

5) ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген 

2013-2020 

жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасында  аграрлық 

өнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі бағдарлама «Агробизнес-2020»; 

6) Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары. 

 

Тұжырымдамада  пайдаланылатын негізгі ұғымдар  



 

 

1)  биологиялық  әртүрлілік  –  басқалардың  арасындағыны,  жер  бетіндегі, 



теңіздегі  және  өзге  су  экожүйелерін  және  өздері  бір  бөлігі  болып  табылатын 

экологиялық  кешендерді  қоса  алғанда  барлық  көздердің  тірі  ағзаларының 

жиынтығы; 

 

2)  биологиялық  ресурстар  –  генетикалық  ресурстар,  ағзалар  немесе 



олардың  бөліктері,  таралымдары  немесе  адамзат  үшін  нақты  немесе  ықтимал 

51 

 

пайдасы  мен  құндылығы  бар  экологиялық  жүйелердің  кез  келген  басқа 



биотиптік компоненттері; 

 

3)  генетикалық  материал  –  мұрагерліктің  функционалдық  бірліктерін 



қамтитын  өсімдік,  жануарлар,  микробтық  немесе  өзге  тектегі  кез-келген 

материал; 

4)  генетикалық  ресурстар  –  нақты  немесе  ықтимал  құндылықты 

білдіретін генетикалық материал; 

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ  – ерекше қорғау режимі белгіленген 

мемлекеттік табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, 

су және олардың үстіндегі әуе кеңістігі объектілерінің учаскелері; 

6) экожүйе өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар қауымдастығының, 

сондай-ақ олардың біртұтас функционалдық ұғым ретінде бір-біріне әсер ететін 

олардың өлі қоршаған ортасы қаумдастықтарының серпінді кешені; 

7) экологиялық дәліз – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және 

тірі табиғат нысандарының табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету 

және  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  үшін  ерекше  табиғи  аумақтардың  өзге 

түрлерімен  қосатын  қорғалатын  жерлер  мен  су  нысандарының  учаскелерінен 

тұратын экологиялық желінің бір бөлігі; 

8)  экологиялық  желі  –  бір-бірімен  және  ерекше  қорғалатын  табиғи 

аумақтардың  өзге  түрлерімен  экологиялық  дәліздермен  байланысқан  өңірдің 

табиғи, 


тарихи-мәдени 

әлеуметтік 

ерекшеліктерін 

ескере 


отырып, 

ұйымдастырылған  санаттары  мен  түрлері  өзгеше  ерекше  қорғалатын  табиғи 

аумақтардың кешені; 

9)  орнықты  пайдалану  –  ұзақ  мерзімді  перспективада  биологиялық 

әртүрліліктің  сарқылуына  душар  етпейтін,  сөйтіп  қазіргі  және  болашақ 

ұрпақтардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  және  олардың  ой-арманына  сай 

келу қабілетін сақтайтындай жолмен және қарқынмен биологиялық әртүрлілік 

компоненттерін пайдалану; 

10)  интродукция  -  өсімдіктер  мен  жануарлардың  жаңа  түрлерін  олар 

мекендейтін ортадан тысқары жерлерге әдейі немесе кездейсоқ әкелу; 

11)  реинтродукция  -  өсімдіктер  мен  жануарлардың  жаңа  түрлерін 

олардың қазіргі немесе бұрынғы мекендеу ортасы шегіне әдейі көшіру. 



_______________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет