Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет132/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   251
Патогенетикалық ем
Қабынуға қарсы қолданылатын препараттар. Бруцеллез кезінде әр түрлі жергілікті қабыну процестер дамығаннан соң қабынуға қарсы нестероидты препараттарды (ҚҚНП) қолдану қажет. Солардың ішінде: бутадион 0,15 г тәүлігіне 3 рет 10–15 күн бойы, диклофенак 0, 5 г тәүлігіне 3 рет 2-4 апта бойы, индометацин (метиндол) 0,025 г тәүлігіне 3 рет 4 апта бойы, ибупрофен 0,2 – 0,4 г тәүлігіне 3 рет 4 апта бойы. Бұл препараттарды инъекция ретінде, таблетка ретінде және жергілікті мазь ретінде қолдануға болады. Бұл препараттардың жанама әсері – ульцерогенді қасиеті бар. Жаңа бүынды ҚҚНП бұл әсерінің болмауынан олар бірінші орын алу қажет. Нимесулид 100 мг тәүлігіне 2 рет 2-4 апта бойы, мелоксикам 7,5–15 мг тәүлігіне 1 рет 2-4 апта бойы және басқалар.
Стероидты қабынуға қарсы препараттарды (преднизолон, дексаметазон) тек қана нейробруцеллез (менингит, менигоэнцефалит, миелит), жыныс жүйенің (орхит) зақымдануында қысқа курсымен қолдану қажет. Преднизолон 30 мг, дексаметазон 4-8 г, триамциналон – 20 мг тәүлігіне (орхит кезінде – 3 күн, ОЖЖның зақымдануында -5-7 күн).
Иммукорректорларды қолдану
Бруцеллездің патогенезінде иммундытапшылық дамығаннан соң, комплексті емде иммунокорректорларды қолдану тиісті. Бұрын бруцеллездік вакцина, пирогенал, левомезол, миелопид, спленин, тимустың препараттары (тимоген, тималин, тактивин, иммуномодулин және т.б.), витамин А, бруцеллездік сұйық аллерген, интерферондар қолданған. Қазіргі жағдайда вакцинамен және пирогеналмен емдеу әдістеріне тиым салынған, себебі гиперсенсибилизацияланған организмнде аллергиялық қайта құрылыу одан сайын өршіп нейробруцеллезге және басқа қауіпті асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін. Гетерологиялық белокты препараттарда (тимоген, тималин, тактивин, иммуномодулин және т.б.) зиянды болуы мүмкін.
Сонғы жылдары рекомбинанты препараттар әр түрлі жұқпалы ауруларда (туберкулез, сепсис, вирусты гепатит) этиотропты препараттармен бірге қолдануы зерттеліп жатыр Рекомбинанты интерлейкин -2 (ронколейкин) 250 000 Б тері астына 72 сағат сайын, курсына 3- 5 рет жедел бруцеллез кезінде; 500 000 Б тері астына 72 сағат сайын 7-10 рет созылмалы бруцеллез кезінде этиотропты препараттармен (фторхинолондар) қолдану нәтижесінде науқастардың толық айығуы дамиды.
Рекомбинанты интерлейкин -1 бета (беталейкин) 0,0005 – 0,001 нг тері астына 72 сағат сайын 7-10 рет созылмалы бруцеллез кезінде қолданған нәтижесінде науқастардың толық айығуы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет