Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Компьютердің жас балалардың орталық жүйке жүйесіне әсері



бет115/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   167
Компьютердің жас балалардың орталық жүйке жүйесіне әсері:
Зерттеулердің статистикасына қарасақ, компьютер қолданатын орта жастағы (5-8) балалар негізгі шағымдары: бастың айналуы, жалпы әлсіздік, көз алдының бұлдырауы және т.б. Баланың жас мөлшері неғұрлым кіші болса, соншалықты баланың вегето-қантамырлық жүйесінің зақымдалу каупі жиілейді. Ал бұл өз кезегінде: баланың ұйқының нашарлауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, сонымен қатар баланың иммунитетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Кейбір балаларда темпераментінің қалыптасу кезеңіде өзгеріске соқтырады.
Ғаламтордың зиянынан сақтандыру
Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі.
Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды почтасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті.
Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Балаларының ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру – ата-аналар парызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет