Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Дірілдің адам ағзасына тигізетін әсері



бет126/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

9.9. Дірілдің адам ағзасына тигізетін әсері


Ағзадағы әсер ететін жері бойынша дірілді жергілікті (пневматикалық шойбалғалармен жұмыс істеу) және бір мезгілде бүкіл ағзаға әсер ететін жалпы дірілге бөледі. Дірілдің ағзаға ұзақ уақыт әсер етуі діріл ауруының дамуына алып келеді. Жергілікті және жалпы дірілден пайда болған діріл ауруының түрлерін ажыратады.


Жергілікті дірілдің әсерінен, дірілмен қатынас болғаннан бастап 5-7 жылдан кейін, діріл ауруы біртіндеп дамиды. Оның негізгі көріністері қан тамырларындағы өзгерістер, шеткі жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары, сүйек-буын аппараты мен бұлшықет жүйесі жағынан болатын өзгерістер болып табылады. Қан тамырларындағы өзгерістер қыл тамырлардың күрт жиырылуымен немесе атониясымен көрінеді. Төмен жиілікті діріл үшін көбіне атония, ал жоғары жиілікті діріл үшін – тамырлардың жиырылуы тән. Қан айналымының өзгерістері әр түрлі тіндердің қоректенуі (трофикасы )бұзылуына әкеп соғады.
Дірілдің шеткі нерв рецепторларын тұрақты түрде тітіркендіруі салдарынан бас миы мен жұлынның афференттік орталықтарында рефлекторлық реакциялар пайда болады. Сезімталдылықтың барлық түрлері (денеге тигенді, температураны, дірілді сезу) бұзылады, парестезиялар пайда болады, ал кейінгі кезеңдерінде қозғалтқыш талшықтар жағынан да бұзылыстар байқалады. Содан кейін, тіндердің жарақаттануымен, нейро-тамырлық бұзылыстардың, бұлшықеттерге едәуір статикалық күш түсуі нәтижесінде пайда болатын олардың ұюымен, қоректенуінің бұзылуымен байланысты, тірек-қимыл аппараттары жағындағы өзгерістер қосылады. Миофасцикулиттер, иық белдеу бұлшықеттерінің миозиттері, тендомиозиттер, буындарда дегенеративті-дистрофиялық үрдістер дамиды.
Жергілікті діріл әсер етуінен болатын діріл ауруының 4 кезеңін ажыратады.
І - кезеңі – бастапқы. Сезімталдықтың, тері температурасының төмендеуі, қыл тамырлардың жиырылуға бейімділігі сияқты жеке жеңіл көріністер байқалады. Айтарлықтай қатты емес ауыру сезімі, қол саусақтарының ұйып қалуы мазалайды. Бұл кезеңде үрдіс толығымен қайтымды.
ІІ - кезеңі. Қолындағы ауыру және парестезия сезімі тұрақты сипатта болады, барлық саусақтарының сезімталдығы күрт төмендейді, тері температурасының едәуір төмендеуі, қыл тамырлардың тұрақты түрде жиырылуы, миофасцикулит, астеноневроздық реакциялар байқалады. Діріл әсерін тоқтатқан және тиісті ем қабылдаған жағдайда үрдіс қайтымды.
ІІІ - кезеңі. Бұл кезеңіне, иық белдеуінің жоғарғы бөліктеріне дейін берілетін қол басының қатты ауыруы, тамырлардың ұстамалы жиырылуы және саусақтардың бозаруы («өлі саусақтар» симптомы), кейіннен қыл тамырлардың парездік жағдайы және терісінің көкшіл тартуы қатар жүретін қан тамырларындағы айқын өзгерістер тән. Сезімталдықтың сегмент түрінде төмендеуі, орталық жүйке жүйесінің, қан айналымы мүшелерінің , эндокриндік аппараттың функционалдық күйінің өзгеруі, қалқанша бездің гиперфункцииясы, бұлшықеттердің, сүйектердің, буындардың едәуір өзгеруі байқалады. Өзгерістер тұрақты және емделуі қиын.
ІV - кезеңі – дистрофиялық өзгерістер мен үрдістің таралу кезеңі, сирек кездеседі. Жүрек және ми тамырларын, соңғы бақайшақтарының некрозы дамуына дейін алып келетін аяқ тамырларын қамтитын, таралған тамырдағы бұзылыстар дамиды. Жүрек тамырларының күрт жиырылуы, ми криздері, вестибулярлық аппараттағы бұзылыстар тән. Бұл кезең қаншалықты айқын болса, үрдіс соншалықты қайтымсыз болады.
Жалпы діріл көптеген мүшелер мен жүйелерге әсер етеді, себебі ол бүкіл денеге беріледі. Жалпы діріл тудыратын діріл ауруына, жергілікті дірілдің әсері кезіндегі сияқты, басынан діріл әсер еткен жерде ғана шектелуі тән емес. Орталық және шеткі жүйке жүйелерінде, жүрек-тамыр, эндокриндік, ас қорыту жүйелерінде, тірек-қимыл аппаратында және басқаларында бұзылыстар байқалады.
Тамырдағы бұзылыстар артериалды гипертония түрінде білінеді, бірақ жұмыс ауысымы соңына қарай қан қысымының шұғыл төмендеуімен жүретін, гипотония да дамуы мүмкін. Жүрек қан тамырларының жиырылуы, миокардиодистрофия дамуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесі жағындағы өзгерістер астениялық және невроздық реакциялар, вегетативтік криздер түрінде білінеді, ал ауыр жағдайларда ошақтық органикалық зақымданулардың белгілер пайда болады, диэнцефалды синдром, вестибулярлы бұзылыстар дамуы мүмкін.
Балтыр бұлшықетіндегі ауыру сезіміне, ұйып қалу сезіміне (онемения), барлық сезім түрлерінің төмендеуіне шағым айтуы тән, бұл қолға жергілікті діріл әсер еткен кездегіге ұқсас, тамырлардағы өзгерістер қатар жүретін аяқта сенсорлық немесе сенсомоторлық нейропатия дамуымен байланысты. Омыртқа бағанасында деструктивтік өзгерістер, деформациялаушы остеоартроз, екіншілік радикулиттер дамиды. Ішкі мүшелердің біршама орнынан жылжуына байланысты асқазан-ішек жолының бұзылыстары, соляриттер жиі кездеседі. Әйел адамдарда етеккір циклының бұзылуы, жыныс мүшелерінде қабыну үрдістері байқалады, ер адамдарда импотенция дамуы мүмкін.
Діріл тұрғысынан қауіпті мамандықтар кәсіби аурушаңдық пен мүгедектік құрылымында алдыңғы орындардың бірін алады. Сондықтан да алдын алу шараларын дер кезінде жүргізу мен дірілдің қолайсыз әсерінің ерте білінетін көріністерін анықтау маңызды болып табылады.
Дірілдің ШРЕД нормаланады, сонымен қатар оның деңгейі ШРЕД жоғары болған жағдайларда дірілдің әсер ететін жалпы уақыты да шектеледі. Мысалы, діріл деңгейі ШРЕД-ден 12 дБ артық қол аспаптарымен жұмыс істеген кезде, онымен жұмыс істеу уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Жергілікті дірілдің ШРЕД-нен 12 дБ артық болған кезінде ондай құралмен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Діріл тұрғысынан қауіпті кәсіп түрлерінде жұмыс істейтіндер үшін арнайы жұмыс режимі дайындалады. Жұмыс ауысымы басталғаннан соң 1-2 сағаттан кейін ұзақтығы 20 минуттық және түскі үзілістен кейін 2 сағаттан соң 30 минуттық регламенттелген үзілістер ұйымдастырылады. Дірілдің бір реттік үзіліссіз әсер ету ұзақтығы 10-15 минуттан артық болмауы керек. Дірілдің жұмыс ауысымындағы әсер ету уақытын азайту үшін, жұмысшылары бірнеше мамандықтарды меңгерген, бірін-бірі күні бойы діріл қауіпті жұмыстарда өзара ауыстырып отыра алатын, бригадаларды құрады.
Діріл ауруының алдын алуға мына шаралар жатады:
- Діріл тудыратын машиналардың астына арнайы үлкен фундамент кұю;
- Діріл шығаратын машиналар мен құралдардың дірілді аз шығаратын немесе діріл шығармайтын жаңа түрлерін ойлап шығару;
- Тракторларға және басқа да машиналарға пружинасы бар жұмсақ отырғыштар орнату;
- Қолмен жұмыс жасайтын пневматикалық құралдардың қазіргі талаптарға сай жаңа түрлерін ойлап шығару;
- Дірілді азайтатын немесе мүлдем болдырмайтын әр түрлі заттар ойлап шығару;
- Діріл шығаратын құралдармен жұмыс істеу уақытын шектеу: санитарлық ережелерге сай барлық жұмыс уақытының 2/3 бөлігінде ғана сол құралмен жұмыс ітеу керек. Әр 1 сағат жұмыстан кейін 10-15 минуттық үзіліс жасалып тұру керек;
- Діріл әсер ететін құралдармен жүргізілетін жұмыстарды бригадалар атқарғаны дұрыс, олар жұмыс кезінде бірін-бірі ауыстырады;
- Жеке қорғаныс шараларына – екі қабатты қолғаптар кию(қыста қолдарын суықтан сақтау үшін) және арнайы дірілді бәсеңдететін аяқ киімдер кию;
- Жұмыс соңында қолға жылы су(+37С) ванналарын қабылдап, содан кейін массаж жасау;
- Омыртқа тұсына желпуіш(веер) тәрізді себіл қабылдау;
- Ағзаның қорғаныш күшін арттыру үшін өндірістік гимнастикалар жасау;
- Қысқы уақытта профилактикалық мақсатта ультракүлгін сәулелер қабылдау;
- Қосымша витаминдер қабылдау: 2мг «В-1» витаминін, 5-10мг «РР» витаминін, 50мг «С» витаминін;
Діріл әсер ететін жұмысқа мынандай аурумен ауыратын адамдарды қабылдауға болмайды: вегетативті невроз, сүйек және буын ауруларымен ауыратындар, гипертония, есту қабілетінің мүкістігі бар адамдар.





ВШВ-003-М3 Шу мен дірілді өлшеу Пелтор құлаққабы аспабы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет