Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Кәсіптік аурулар этиологиялық себебіне сәйкес топтары



бет131/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

9.11. Кәсіптік аурулар этиологиялық себебіне сәйкес топтары


Физикалық себептер туындаған кәсіптік аурулар ; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.) Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған кәсіптік аурулар (тербеліс ауруы; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар).


Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған кәсіптік аурулар (әртүрлі жіті және сүлелі уланулар)
Биологиялық әсерлерден болған кәсіптік аурулар (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық мекемелердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және паразитарлық аурулар; антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған кәсіптік аурулар (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары)
кәсіптік аурулар диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.
Еңбектік анамнезінде кәсіптік аурулар дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.
Еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның (СЭС) еңбек гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері толтырады. Адам еңбек ететін кәсіпорынды қадағалайтын СЭС-на жіті немесе сәулелі кәсіптік аурулар диагнозын қойған дәрігер арнайы хабарлама (извещение) жіберуі тиіс.
Емдеу мекемелері анықтаған нақты диагноздардың негізінде кәсіптік аурулар -ға есеп жүргізіледі:
жіті кәсіптік аурулар — барлық типтердегі емханалық-амбулаториялық мекемелерде (қаралуға келгенде немесе үйіне шақырғанда), әртүрлі профильдегі ауруханаларда
сүлелі КА – ғылыми-зерттеу және медициналық институттардың клини-каларында, дәрігерлердің біліктілігін жетілдіретін институттарда, аурудың кәсіптік сипатын анықтау мен аурудың еңбек жағдайымен байланысын анықтауға құқысы бар емдік-профилактикалық мекемелерде.
Өндірістік кәсіпорындардың, құрылыс ұйымдары мен транспорттың жұмысшыларына емдік-профилактикалық көмекті медициналық-санитарлық бөлімдердің немесе емханалардың дәрігерлері көрсетеді. Медициналық-санитарлық бөлімдердің құрамына денсаулық пунктері де енуі мүмкін.
Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері – денсаулық сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз жүргізуге бағытталған шараларды жобалау мен өткізу.
Участкелік цехтік дәрігерлік аумақтың терапевт-дәрігер орнына ПП маманы бойынша дайындықтан өткен терапевт-дәрігер тағайындалады. Оның жұмысының негізгі түріне мыналар жатады: өндірістік кәсіпорындардың жұмысшыларына квалификациялық медици-налық жәрдем көрсету; жұмысшыларды жұмысқа қабылданар алдындағы профтексеруден және периодтық медициналық тексерулерден өткізу,диспансерлік қадағалау жұмысы,санитарлық ағарту жұмысы,сауықтыру шараларын комплексті түрде жүргізу.
Цех дәрігері алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді өткізуде негізгі роль атқарады. Осындай тексерулердің басты мақсаты уақытында емдеуді бастау мен болашақтағы кәсіптік жарамдылығы мен профилактикалық шараларды шешу үшін кәсіптік аурулар ерте анықтау болып табылады.
КА диспаенсеризациясын участкелік цех дәрігері жүргізеді. Диспансерлік қадағалауға пневмокониоздар, сүлелі шаңды бронхиттер, тербеліс ауруы, сүлелі уланулар, т.б. секілді кәсіптік аурулардың сүлелі түрлері жатады. Осындай науқас адамдарды қадағалау өндірістік зиянды әсерден қатынасты үзгеннен соң да жүргізілуі тиіс.
Диспаенсерлік қадағалау кезінде емдік-профилактикалық шаралар жүзеге асырылады: емханалық мамандандырылған емдер, ауруханаға жатқызу, санаторлық-курорттық емдеу, диетотерапия, санаторий-профилакторийлерде сауықтыру, еңбекке орналастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет