Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет127/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   167

9.10. Кәсіптік уланулар


Еңбек үрдісінде адам өндірістік үрдіс технологиясының ерекшеліктерімен, микроклимат жағдайларымен, орындалатын еңбек іс әрекеттерінің сипатымен байланысты әр түрлі факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл факторлардың көпшілігі өздеріне тән патологияның – кәсіби аурулардың - дамуына себеп болуы, сонымен қатар, этиологиясы кәсібі емес аурулардың ағымын ауырлатуы немесе олардың пайда болуының қауіп-қатер факторы болуы, адам ағзасының қарсылық күшін төмендетуі, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Еңбек іс әрекетінің адам ағзасына тигізетін теріс салдарының алдын алудың ғылыми негіздерін және практикалық шараларын дайындаумен еңбек гигиенасы айналысады. Ол өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторларын, олардың адам денсаулығына әсерін зерттейді және алынған ғылыми мәліметтер не гізінде жұмысшылардың денсаулығын сақтау, кәсіптік аурулардың алдын алу, сонымен бірге, жұмысшылардың кәсіптік емес ауруларының өршуі мен олардың асқынуының алдын алу мақсатында еңбек жағдайын жақсарту жөнінде шаралар дайындайды.
Өндірістік орта деп, адамның өндірістегі еңбек әрекеттері жүзеге асырылатын ортаны түсінеді. Адамға өндірістік орта өндірістік үрдіс факторлары, табиғи-климаттық (ықшам климаттық) факторлар, сонымен қатар, еңбектің жалпы санитарлық жағдайларымен байланысты (рационалды емес және жеткіліксіз жарықтандыру, қанағаттанарлықсыз тұрмыстық жағдайлар, жоспарлау және т.б.) факторлары арқылы әсер етеді.
Өндірістік үрдіс факторлары - бұл өндірістік үрдіс технологиясына, қолданылатын жабдықтарға, қондырғыларға байланысты факторлар. Мысалы, антибиотиктер өндірісінде технологиялық үрдіс бірнеше кезеңдерден тұрады. Басында ферментерлерде, содан кейін инокуляторларда тұрақты температурада антибиотиктердің продуценттерін – микроскопиялық саңырауқұлақтарды, бактерияларды өсіреді. Олар түзген антибиотиктер дақылдық (культуральная) сұйыққа өтеді, сұйықты ашық сүзгі-сыққышта (фильтр-пресстерде) мицелий мен балласт заттардан тазартады. Содан кейін, одан антибиотикті бөліп алады да әр түрлі еріткіштердің көмегімен немесе ион алмастыру әдісімен тазартады. Алынған өнім буландырып-кептіретін агрегаттарда кептіріледі, содан кейін стерильді флакондарға өлшеніп салынады немесе таблеткаланады.
Технологиялық үрдіс өндірістік бөлмелердің ауасына тірі микроағзалардың - антибиотик продуценттерінің (биологиялық фактор), антибиотик шаңының, антибиотиктерді экстракциялауда қолданылатын заттардың булары мен газдарының (химиялық фактор) бөлінуімен жүреді. Жұмысшылардың терісі мен арнайы киімдері дақылдық сұйықпен (биологиялық + химиялық фактор) және антибиотиктердің нативті ерітіндісімен (химиялық фактор) ластануы мүмкін. Сонымен қатар, дайындық, кептіру және ферментация бөлімдерінде істейтін жұмысшылар ферменттерден және кептіру агрегаттарынан бөлінетін артық жылу әсеріне деСонымен, мысалда келтірілгендей, өндірістік үрдіс факторларыныңт табиғаты химиялық, физикалық және биологиялық болуы мүмкін. Олар барлық өндірістерде кездеседі, бірақ олардың құрамы өндіріс сипатына байланысты болады. Физикалық факторларға шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс, діріл, иондаушы емес және иондаушы электромагниттік сәулелену, барометрлік қысым, ауаның температурасы, ылғалдығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу радиациясы, жарық деңгейі және басқалар жатады.
Химиялық факторлар өте көп, оларға шикізат түрінде қолданылатын немесе технологиялық үрдіс барысында түзілетін аралық не болмаса ақырғы өнімдер болып табылатын бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар жатады. Химиялық факторларға сондай-ақ химиялық синтез жолымен алынатын, және/немесе бақылануы үшін химиялық талдау әдістері қолданылатын табиғаты биологиялық заттар да (антибиотиктер, дәрумендер, гормондар, ферменттер, белокты заттар) жатқызады. Биологиялық факторлар тобына жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштары (бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер), микроағзалар-продуценттер, микробтық препараттарда болатын тірі микроағзалар мен споралар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет