Еңбек жағдайының гигиеналық нормативтері деп, аптасына 40 сағаттан аспайтын уақыт (демалыс күндерінен басқа күндері) бүкіл еңбек өтілі бойына зиянды өндірістік факторлармен күнделікті жұмыс істеген кезде, жұмыс үрдістері барысында немесе кәзіргі және келешектегі ұрпақтарда ол факторлардың әсерінен ұзақ уақыт өткеннен кейінгі өмірінде, қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен анықталатын аурулар немесе денсаулық жағдайында ауытқулар тудырмайтын, зиянды өндірістік факторлардың деңгейлерін түсінеді. Жаңа зерттеу әдістерінің пайда болуы денсаулық жағдайындағы бұрынғы әдістермен анықталмаған ауытқуларды анықтауы мүмкін, соған байланысты, гигиеналық норматив те өзгертілуі мүмкін. Бірақ, нормативтердің сақталуы сезімталдығы жоғары адамдардың денсаулығын сақтауға толық кепілдік бере алмайды.
Өндірістерде байқалатын жұмыс жағдайлары өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері бойынша және еңбек үрдісінің ауырлығы мен қауырттылығы бойынша 4 классқа бөлінеді.
Қолайлы еңбек жағдайлары (1 класс) – жұмыс істеушілердің денсаулығы сақталатын және еңбекке қабілеттілігі жоғары деңгейде сақталуына алғы шарттары бар, еңбек жағдайлары. Өндірістік факторлардың қолайлы нормативтері микроклимат параметрлері мен еңбек үрдісінің факторлары үшін орнатылған. Басқа факторлар үшін, өндірісте қолайсыз факторлары жоқ немесе факторлардың деңгейлері халық үшін қауіпсіз деп қабылданған деңгейлерден аспаса, еңбек жағдайлары шартты түрде қолайлы деп қабылданады.
Рұқсат етілген еңбек жағдайлары (2 класс), жұмыс орындары үшін бекітелген гигиеналық нормативтерден аспайтын, өндірістік орта мен еңбек үрдістері факторларының деңгейімен сипатталады, ал ағзаның функционалдық жағдайында болатын өзгерістер регламенттелген демалыс уақытында немесе келесі жұмыс ауысымның басында қалпына келеді және жұмыс істеушілер мен олардың ұрпақтарының денсаулық жағдайына жақын уақытта және ұзақ уақыт өткеннен кейінгі кезенде қолайсыз әсер етпеуі тиіс. Рұқсат етілген еңбек жағдайларын шартты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларына жатқызады.
Зиянды еңбек жағдайлары (3 класс), деңгейі гигиеналық нормативтерден асатын, зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады, сол себепті бұл факторлар жұмысшының және/немесе оның ұрпағының ағзасына қолайсыз әсер етеді. Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден артық болуы және жұмысшылардың ағзасындағы өзгерістердің айқындық дәрежесіне байланысты төрт зияндылық дәрежесіне бөлінеді.
3 класының 1 дәрежесі (3.1) – Жұмыс жағдайы, ағзада функционалдық өзгерістерді тудыратын және денсаулыққа зақым келтіру қауіпін арттыратын, гигиеналық нормативтерден ауытқитын зиянды факторлардың деңгейлерімен сипатталады. Бұл функционалдық өзгерістер, әдетте, зиянды факторлармен байланыста болуды келесі ауысымның басталауынан да ұзағырақ. уақыт ұзгеннен кейін, қалпына келеді.
3 класының 2 дәрежесі (3.2) –
– Еңбек жағдайы, тұрақты функционалдық өзгерістерді түдыратын, көпшілік жағдайларда өндіріспен байланысты аурушаңдыққа әкеп соғатын (еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтқан аурушандық деңгейінің өсуімен, оның ішінде, ең алдымен, берілген зиянды факторлардың әсеріне ең осал мүшелер мен жүйелердің жағдайын көрсететін, аурулар деңгейінің жоғарылауымен білінетін), ұзақ уақыт әсер еткеннен кейін (жиі 15 және одан да артық жылдан кейін) пайда болатын кәсіптік аурулардың бастапқы белгілерін немесе жеңіл (мамандығы бойынша жұмыс қабілеттілігі сақталған) түрлерін тудыратын, зиянды факторлардың деңгейлерімен сипатталады.
3 класының 3 дәрежесі (3.3) – Еңбек жағдайы, еңбек іс әрекеті кезеңінде, әдетте, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі (мамандығы бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтып) кәсіптік аурулар дамуына, сонымен бірге, өндіріспен байланысты созылмалы патологияның және оған қоса, еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтуымен сипатталатын аурушаңдық деңгейінің жоғарылауына әкеп соғатын, зиянды факторлардың деңгейлерімен сипатталады;