Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Кәсіптік аурулардағы дәрігерлік-еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі



бет132/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

9.12. Кәсіптік аурулардағы дәрігерлік-еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі


Техникалық және санитарлық-гииеналық шаралармен қатар дәрігерлік-еңбектік сараптау (ДЕС) кәсіптік аурулар мен кәсіптік емес үдемелі аурулардың айқын түрлерінің дамуларын тежеуде, сол секілді науқас адамдардың еңбекке жарамдылығын сақтау мен қалпына келтіруде профилактикалық тұрғыдан өте маңызды орын алады.


9.13. Кәсіптік аурулар клиникаснда ДЕС-дың негізгі міндеттері


-Жұмыскер организміне өндірістік орта мен өндірістік процестердің жағымсыз факторларының мүмкін болатын әсеріне байланысты еңбекке кәсіптік жарамдылығын анықтау;


-Науқас адамдағы кәсіптік аурулар анықтау және оның еңбекке жарамдылығын бағалауды тұжырымдау;
-Еңбекке жарамсыздығының дәрежесін анықтау және жұмыс істеу қабілетін бағдарлау;
-Денсаулығына зиянсыз және қоғамға пайдалы іске араласуына мүмкіндік беретін еңбекке тиімді орналастыруды бекіту және тұжырымдау;
-Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылық жағдайын үнемі қадағалау;
-Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылығын және денсаулығын қалпына келтіру шараларын анықтау;
-Еңбекке жарамдылықтың төмендеуі немесе оны жоғалтуына әкелетін себептерді анықтау мен жою.
КА науқас адамдар қосымша жеңілдіктер ала алады. Еңбекке уақытша жарамсыз кезінде сырқат қағазы жалақысының 100% көлемінде төленеді. Кәсіптік аурулардың салдарынан мүгедектігіне байланысты пенсиялық жәрдем жалпы еңбектік стажы мен осы кәсіптік аурулар тудырған өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерімен қатынастағы жұмыс стажына байланыссыз тағайындалады. Кәсіптік мүгедектік кезіндегі зейнетақының көлемі жалпылай мүгедектіктегі зейнетақының көлемінен көп. Сонымен қатар, кәсіптік аурулар науқас адамға қажет кезінде мамандандырылған санаторий бөлімдеріне ақысыз жолдамалар беріледі.
КА және кәсіптік улану бар кезде науқас адам, егер ауруы кәсіпорынның кесірінен дамыған болса, онда оның денсаулығына келген зияндық есесін қайтару үшін, пенсиядан басқа, осы кәсіпорыннан қосымша материалдық компенсация ала алады. Еңбекке жарамдылықтың жоғалту дәрежесін медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясы (МӘСК) анықтайды. Еңбекке орналасу алдындағы алғашқы медициналық тексерулердің мақсатына кәсіптік жарамдылық анықтау жатады. Осындай медициналық тексерулер еңбекке орналасушы адамда өндірістік ортаның жағымсыз факторларының әсері жағдайында жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар ауруларды анықтауға мүмкіндік береді.
Периодтық медициналық тексерулердің мақсатына кәсіптік аурулардың алғашқы белгілерін анықтау және өндірістік ортаның жағымсыз әсері кезінде жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар кәсіптік емес аурулардың ерте дамитын түрлерін уақытында анықтау жатады.
Периодтық медициналық тексерулерді өткізу мерзімдері өндірістің түрі мен адамның кәсібіне байланысты болады.
Алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді қамтамасыз ету жауапкершілігі денсаулық сақтау органдары мен ведомствалық медициналық-санитарлық қызмет орындарына жүктеледі. Медициналық тексерулердің тікелей өткізілуі өндірістік кәсіпорындардың емханалары немесе медициналық-санитарлық бөлімдерінің дәрігерлеріне, ал егер олар жоқ болса, онда — өндірістік кәсіпорын орналасқан аудандағы емдеу-профилактикалық мекемелердің манмандарына жүктеледі.
Аурудың кәсіптік екенін мойындауға аса қажетті жағдайға еңбек жағдайында зиянды әсерлерге байланысты жұмыс істеуінен осы аурудың басталуы жатады. Сондықтан МӘСК-ға науқас адамның еңбектік кітапшасының көшірмесі мен, еңбек гииенасы бөлімінің дәрігері толтыратын, еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы берілуі тиіс. Кәсіптік аурулардағы еңбекке жарамдылық, кәсіптік емес аурулардағы секілді, толықтай немесе жартылай жоғалтылуы мүмкін.
Еңбекке уақытша жарамсыздық мәселесі емдік-профилактикалық мекемелерде (медициналық-санитарлық бөлім, емхана) дәрігерлік-кеңес комиссиясы (ДКК) шешеді. ДКК-ның құрамында бас дәрігер және оның эксперттік сұрақтар бойынша орынбасары (ДКК төрағасы және емдеуші дәрігер болады. ДКК-ның негізгі міндеттеріне еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптаудың күрделі және конфликттік сұрақтарын шешу, әдістемелік басқару мен еңбекке жарамсыздық сырқат қағаздарын дұрыс беруді қадағалау жатады. ДКК қажет кезінде әртүрлі мамандарды кеңес беруге шақыруы мүмкін.
Еңбекке тұрақты жарамсыздық мәселесін МӘСК шешеді және олар әлеуметтік қорғау саласы (социальная защита) органдарына жатады.
Мүгедектік дегеніміз аурудың салдарынан өзінің тиісті жұмысын істей алмайтын еңбекке жарамдылығының тұрақты бұзылуы немесе үнемі не ұзақ мерзімге еңбекке толықтай жарамсыздық.
МӘСК мүгедектікті немесе ДКК жолдамасы бойынша науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту деңгейін бекітеді.
Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет