Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет135/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Хром және оның қосылыстары. Хром оксидтер және басқа элементтермен қосылысы түрінде кездесетін поливалентті метал. Хромның жұмысшыларға әсер етуі әр түрлі өндірістерде: құрал-саймандарға және басқа да металдан жасалған өнімдерді электролиттік хромдау кезінде, теріні илеу үшін және бояу кезінде басытқы үшін хромның қосылыстары қолданылатын тері, тоқыма өнеркәсіптерінде; шыны және форфор өндірісінде, фармацевтика өнеркәсіптерінде, қоспа ретінде хром қосып болат қорыту кезінде және басқаларда байқалуы мүмкін.
Хром және оның қосылыстары ағзаға әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін: аэрозольдермен тыныс алған кезде, асқазан-ішек жолы, тері арқылы. Өкпе тінінде, бауырда, ұйқы безінде, бүйректе, жілік майында жиналуға қабілетті. Ағзадан шығуы негізінен бүйрек арқылы, азырақ мөлшерде өтпен және тер бездері арқылы жүреді.Хромның улылығы оның валенттілігіне байланысты. Улылық әсері ең жоғарысы хромның алты валентті және үш валентті қосылыстары, улылық дәрежесі салыстырмалы түрде аздауы –екі валенттілігі және хромның өзі. Хромның барлық қосылыстарының шырышты қабықта және теріні тітіркендіретін, күйдіретін әсері бар және олардың жараға айналуына әкеп соғады. Мұрын қалқасы шеміршегінің тесілуі әдеттегі болып табылады. Жара хроммен байланыста болып 3-4 апта жұмыс істегеннің өзінде-ақ пайда болады, ал мұрын қалқасының тесілуі- 1,5-2 айдан кейін.
Тіндердің, дистрофиялық және тіпті тесілуге дейін әкеп соғатын өліеттеніп (некроз) зақымдануы хром көзге тиген кезде байқалады.Хромның қосылыстары аллерген болып ағзаны сенсибилизациялайды және демікпе құбылыстарына, аллергиялық жанаспалы тері қабынуына, жараларға, хром экземасына әкеп соғады. Хромның әсерінен өкпеде таралған пневмосклероз дамиды.
Хромның құбылыстарының әсіресе алты валенттісі канцерогенді қабілетке ие. Соған байланысты хроммен байланысы бар жұмыстарды істейтіндерде халықтың басқаларына қарағанда өкпе обыры жиі кездеседі.Хром қосылыстарының жалпы улылық әсерінде асқазан-ішек жолының қабыну, ойық жара аурулары, бауырдың, ұйқы безінің, бүйректің, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады.
Хромның және оның қосылыстарының қолайсыз әсерлерінің алдын алу үшін жоғарыда жазылған техникалық және санитарлық-техникалық шаралардың кешенін, сонда й-ақ жеке басты қорғайтын заттарды– респираторларды және оқшаулаушы шлангалы противогазды, арнайы киімдерді қолданады. Жұмыс алдында мұрнына құрамында А-дәрумені бар балық майын немесе жақпамай жағады, қолына арнайы жақпамай жағады. Жұмыстан кейін оларға натрий гипосульфитінің 5% ертіндісін жағады.
Терінің қабынулары, жаралар, аллергиялық реакциялар пайда болуы хроммен қатынаста болатын жұмыстан босатуға негіз болып табылады. Кезеңдік медициналық тексерулерді жылына кем дегенде бір рет жүргізеді. Ай сайын отоларинголог міндетті түрде қарауы тиіс. Жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдерге тыныс мүшелерінің, көздің, тері аурулары, туберкулез, аллергиялық аурулар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет