Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет138/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Кадмий және оның қосылыстары. Кадмийдің қоршаған ортаға бөлетін көздері оны өндіру және пайдалану үрдістері (ядролы энергетикада, жартылай өткізгіштер, лазерлік материалдар, люминофорлар, дәнекерлік электродтар, дәнекерлеуге қажетті заттар, стабилизаторлар және басқалар өндірісіне) жатады.
Өндіріс жағдайында кадмий және оның қосылыстары ағзаға негізінен аэрозольдермен тыныс алғанда және асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Сондай-ақ зақымданбаған тері арқылы түсуі де мүмкін. Ағзадан негізінен бүйрек арқылы шығады, дегенмен де ол сілекей және тер бездерімен, ана сүтімен, шаш пен тырнақ арқылы да шығады. Кадмий мен бейорганикалық қосылыстары өте улы заттар болып табылады. Олардың қауіптілігі 1 классқа жатады, ШРЕКм.б.р. 0,05 мг/м3 тең, ал ШРЕКо.т. – 0,01 мг/м3 құрайды. Кадмийдің жақсы еритін қосылыстары аса улы болып келеді, бұл кезде олардың улылығы кадмий иондарымен анықталады.
Кадмийдің әсер ету механизмі ферменттердің реактивті топтарын, атап айтқанда, SH — топтарын байланыстыратын, сөйтіп ферменттердің белсенділігін тежейтін қабілетімен байланысты. Бұдан бөлек, кадмий мырыш, темір, мыс, селен сияқты эссенциалды элементтердің алмасуын өзгертеді. Олардың ағзаға жеткіліксіз мөлшерде түсуі кезінде кадмийдің улылығы шұғыл өседі. Кадмийдің қауіптілігі оның жоғары кумуляциялық қасиетімен және қорға жиналатын қабілетімен тереңдей түседі. Негізгі қорға жиналатын мүшелеріне бауыр мен бүйрек жатады.
Рационда белоктардың көп мөлшерде болуы және кальцийдің жетіспеушілігі кадмийдің ағзада жиналуына ықпал жасайды. Кадмий политропты у болып табылады, бірақ оның өзіне тән зақымданулары ең алдымен бүйректе, жүрек-қан тамырлары және орталық жүйке жүйесінде, сүйек тіндерінде байқалады (ІІІ, IV, VIII тарауларды қараңыз). Уланудан нефропатия және ағымы қатерлі артериялық гипертония, кадмийдің әсерінен болатын кардиомиопатия, нейроуытты синдром, остеомаляция дамиды. Кадмий остеомаляциясы ауруларды азаптайтын қатты ауыру сезімінің, сондай-ақ сүйектердің пішінінің бұзылуының және сынуының себебі болады. Кадмий қосылыстарының аэрозольдерімен тыныс алу гипо және аносмияның, жоғары тыныс жолдарында қабыну үрдістерін, пневмосклероз және өкпе эмфиземасының дамуына әкеп соғады.
Кадмийдің, сондай-ақ эмбрионуландыратын, тератогенді және канцерогенді әсерлерге ие, бауырға, қалқанша безге, гонадаларға улы әсер етеді.Кадмий мен оның қосылыстарының жоғары улылығы мен қауіптілігін ескере отырып зиянды әсерлерінің алдын алу шараларының кешенінде кадмийді өндірісте қолдануды шектеу және оны улылығы аз металдармен алмастыру мүмкіншілігіне айрықша мән берілуі тиіс. Кадмийді алу және қолдану үрдістері механикаландырылуы және жабдықтардың жұмысын қашықтан басқаратын етіп автоматтандырылуы керек. Кадмиймен байланыста болатын цехтар мен бөлімдерін жеке оқшауланған ғимараттарда орналастыру керек. Жабдықтарды жоғары дәрежеде саңылаусыз етіп тұмшалау, тиімді ауа сорып әкетуі ұйымдастырылуы тиіс. Ауасы кадмийдің аэрозольдерымен ластанатын цехтарда жұмысшылар «Лепесток» типті респираторларды пайдалану керек, ал жоғары концентрацияларында – тыныс алатын зонаға таза ауа беретіні бар ауадулығасын (пневмошлема) қолдану керек.
Жұмыста арнайы жұмыс киімін: комбинезондар, бас киімдер, қолғаптар киіп істеу керек.Кадмиймен байланыста болатын жұмысқа бүйрек, жүрек-қан тамырлары, сүйектері мен буындарының, жүйке жүйесінің, бауырдың, ұрпақ келтіру сферасының аурулары бар адамдар жіберілмейді. Кезеңдік медициналық тексерулер жүргізу кезінде зәрде төмен молекулалы белоктар мен кадмийді анықтау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Емдеу алдын-алу жөніндегі тамақтану кадмийдің улы әсерін азайтатын, Д және С дәрумендерінің ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамасыз етуі керек. Сүт тағамдарын қолдану ұсынылмайды, себебі сүт асқазан-ішек жолы арқылы кадмийдің сіңуін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет