Радионуклидтердің ағзаға түсу жолдары 3: тамақ,су, өкпе және тері арқылы болады. Радионуклидтердің, әсіресе ингаляциялық жолмен түсуі өте қауіпті. Ол өкпенің кең көлеміне, альвеолаларға түсуі шамамен 100м² құрайды. Тұман, түтін радиоактивті газ түрінде аэрозольды түрінде, тозаң ретінде радиоактивті заттар атмосферадан келеді. Радионуклидтердің үлесі- тыныс жүйесінде болуы, түскен көлем өлшеміне және 1 минут ішінде, тыныс жиілігіне байланысты.
Ағзаға тасымалданған, тыныс жолымен түскен радионуклидтері бөлшектер тағдыры оның радиоактивті көлеміне байланысты. Жақсы еріген заттар негізінен тез сорылып қанға зат алмасу кезінде белгілі мүшелер мен ағзалар жүйелері арқылы сыртқа шығарылады.
Тынысалу кезінде тасымалданатын немесе тасымалданбайтын және ағзалардағы қысқа мерзімді радионуклидтер, тыныс мүшелеріне ауыртпалық туғызып, критикалық жағдайға әкеледі. Тасымалдана алатын радиоактивті заттар өкпе ұлпаларында жартылай ыдырап өз өкпе ұлпасында сіңіріледі, бөлшектенген болса да қан ағымына түсіп, ішекте сіңіріледі.
Ең маңызды екінші түсу жолы радионуклидтердің азық пен сумен түсуі. Концентратты табиғи радиоактивті заттар қоректік заттар мен қатар биологиялық тізбектің қоректік заттмен бірге түсіп, ағзаны ластауы мүмкін. Мысалы, көптеген нуклидтік қоспалар жерде сирек кездесетін немесе трансурандық элементтер әсіресе плутоний PH сілтілі ортада ішекте ерімейтін гидроксидтерге ауысып кетеді. Кейде керісінше салыстырмалы суда аз еритін сұйықтықта асқазан ішек жолдарында ерігіш компоненттреге айналып кетеді. Сондықтан радияциядан халықаралық қорғану комиссиясы «Ерігіш» терминінен гөрі «Тасымалданушы» деп аталғаны дұрыс.
Ағзаларды тұтастай алғанда, сәулеленуден кейінгі салдардан соңғы генетикалық тұрақсыздық сүтқоректілер жасушаларын тән екені белгілі, оның нәтижесі жасушалар деңгейінде мына төмендегі жағдайларға әкеліп соғады.
1. Қарқынды бөлінетін жасушалардың генетикалық тұрақсыздығының болуы, хромосомдық абберациядағы хромосомдық мутациялық құбылыстың болуына себепкер. Бағаналық жасушалар- хромосомалық жарақаттану жасушалық генерацияда туады. Сомалық мутация нейроэндокриндік бқзылыстармен қосылып қартаю.
2. Хромосомалардың мик жарақаттануы үлкен роль атқарады- ол гендік мутацияға ұшыратады. Әсіресе әлсіз маманданған тіндерге жүреді.
3. Геномның тұрақсыздығы онкогендердің активтілігінің артуына жағдай жасайды, қалыпты жасушаларда активсіз формада реттеуші генге репрессиялық түрде әсер береді. Сәулелену әсері ағза тіндерінде ісіктің пайда болуы онкогендік бағдарламаның жүзеге асуын жеңілдетеді. Әдеттегідей сәулеленуден кейінгі салдарлар процесі дамудың ерте сатысында жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |