Қазақстандағы экологиялық жағдайға әсер ететін мәселелердің бірі- радиоактивті жағдай. Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі үшін ластанудың қаупі жоғары. Мұндай ластанудың көзі төртеу:
- Жұмыс істемейтін уран өндіретін және қайта өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары (уран рудниктерінің орындары, скважиналар, сақтау қоймалары, және т.б.):
- Мұнай құрал-жабдықтары мен мұнай өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары;
- Ядролық реакторлардың жұмысы нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотопты өнімдер( иондалған сәулеленудің істен шыққан көздері).
Қазақстанда табиғи радиоактивтіліктің жоғары болуына алып келетін уранды геологиялық алты ірі, көптеген кішігірім уран өндіруші кәсіпорындардағы жиналған қалдықты орын бар.
Қазақстан кәсіпорындарында істеп шыққан 50 мың иондалған сәулелену көздері бар. Радияциялық зерттеу нәтижесінде 700 көзі жойылды, оның ішінде 16- адамның өліміне алып келетін көздер. Байқоңыр ғарышқа ұшу айлағы да елімізге әлемдік мәртебе әкелумен қатар, Қазақстанның фаунасы мен флорасына зардабын тигізуде. Космодромның радиоактивті, техногенді ластану әсерінен ең алдымен Орталық Қазақстан жері запа шегуде.
Проблемаларды кешенді түрде шешу үшін радиоактивті қалдықтарды көму және қайта өңдеу маұсатымен арнайы ұйым құрылуы керек. Осындай шаралардың нәтижесінде қоршаған орта мен халықтың сәулеленуге ұшырауы төмендейді. Семей әскери полигоны қазіргі таңда жабылғанымен, одан келетін зиянды әсері әлі ұзақ уақыт бойы елдегі экологиялық жағдайға өз зардабын тигізеді. Сынақтар жасалып, соның кесірінен маңайына қауіп төндіретін азғыр, Тайсойған полигондарын да ұмытуға болмайды.
Ядролық жарылыс кезінде сәулеленудің негізгі көздері бөліну өнімдері- нейтрондар, трансурандық элементтер және тритий болып табылады. Табиғи ортаға түскен радионуклидтердің ары қарай қандай күйде болатыны олардың ерігіштігіне, биологиялық мүмкіндігіне байланысты. Олардың топырақ бетінен шайылып кетуі де және тамыр жүйесі арқылы өсімдікке түсуі де баяу жүреді.
Республика аумағанда радиоэкология жағдайына әсер ететін факторлардың әртүрлі болуына қарамастан негізгі радияциялық ластануға әсер ететіндер:
- Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны;
- Халық шаруашылығы мақсатында 1949-1961 жылдары жүргізілген ядролық сынақтар;
- Атом-өнеркәсіптік кешендері кәсіпорындарының әсері;
- Қытайдың «Лоб-Нор» полигонының әсері және т.б.
Семей полигоны аумағында тіршілік үшін қауіпті: цезий-137, стронций-90, европий-152,155, америций-241, плутоний-239,240, кобальт-60 жасанды радиозотоптары таралған.
Республика территорясының ластануына Қытайдағы «Лоб-Нор» полигоны да әсер етті. Мұнда 25 ядролық жарылыс болған. Осы жарылыстың ыдыраған өнімдері екі бағытта тарайтындығы анықталған:
1. Шығыс бағыты бойынша жарылыстан соң 2-3 күннен соң жарылыс өнімдері Ресейдегі Приморск аймағы, камчатка, Сахалин арқылыжер шарын айналып, Европа Орта Азия және Қазақстан үстімен шамамен 40-50° ендіктер бойымен жылжиды.
2. Батыс бағыты бойынша радиоактивті қалдықтар Шығыс Қазақстан мен Орта Азияның солтүсті аумақтарын ластайды.
Радияциялық ластанудың қаупі негізінен қараусыз қалған орындардан болып тұр. Қазақстандағы мұндай орындардың саны-100-ден асады. Олардың ішінде Ақтаудағы тау-металлургия комбинаты, Көкшетау облысындағы рудниктер және т.б. «Қазатомөнеркәсібі» АҚ президентінің айтуы бойынша, қараусыз қалған барлық 100 орыннан бөлінетін радияция мөлшері рұқсат етілген деңгейден 50 еседен аса көп.
Маңғыстан және Атырау облыстарындағы мұнай өндіру нәтижесінде кен орындары мен олардың төңірегінде техногендік радиоактивті ластану орын алып, дағдарысқа әкелуде. Бұл облыстардағы жалпы халық саны 100 мыңға жететін қалалар мен ауылдарда жергілікті тұрғындар радиоактивті қауіпке ұшырап отыр. Ірі мұнай өндіретін кен орындарында радиоактивтілік сәулелену қуаты 100-ден 1700 мкр/сағ.қа жететін радиоактивті ластанған 267 участок тіркелген.
Әлемдегі бүкіл уран қорының 1/4 бөлігі Қазақстанда орналасқан. Радионуклидтердің мөлшері жоғары 700-ден аса табиғи көздер тіркелген. Уранды шахталы және карьерлік әдістермен көпжылдық барлау және өндіру нәтижесінде республикада жалпы белсенділігі 50 мың Кюриден асатын 50млн тонна радиоактивті қалдықтар жинақталып қалды. Маңғыстау облысындағы атышулы Қошқар-Ата қоймасында уран қайта өңдеу өндіріс орындарының улы және радиоактивті қалдықтары жинақталған. Шұңқыр тәрізді қойма тек облыс көлемінде ғана емес, республика масштабында экологиялық қауіп көзі болып табылады.
Маңғыстау облысындаға радиоактивті және улы қалдықтар сақталған Қошқар-Ата көліндегі қойманың әсерінен жер асты сулары радиоактивті ластанған. Мұндағы радияциялық белсенділік сағатына 5000 микрорентгенге жетеді.
Көлде оқшаулайтын арнай құрылғылар болмағандыөтан, радиоактивті ластанған сулардың Каспий теңізіне құйылу қаупі бар. Сарапшылардың айтуынша, біраз жылдардан соң көлдің кебуінен түбінде 30 тоннаға жететін тұздар жинақталады. Қазіргі таңда Қошқар-Атада уран өндіретін кәсіпорындардан бөлінген 400млн тоннадан аса улы және радиоактивті қалдықтар жатыр. Сонымен қатар, ауыр металдардың көп мөлшері бар екені, ал топырақ құрамында радионуклидтердің жоғары концентрациясы бар екені анықталды. Республика территориясында уран өндіретін Солтүстік Қазақстан, Бетпақдала, Іле, Каспий төңірегі сияқты бірнеше ірі орындар бар.
Қоршаған ортаның радияциялық ластануы ядролық энергияны қандай мақсатта қолданса да жүреді. Ластану радиоактивті материялдар өндіретін немесе пайдланатын обьектілердегі авариялар және радиоактивті рудалардағы жұмыс кезінде, радиоактивті қалдықтарды дұрыс сақтамау нәтижесінже сондай-ақ ядролық қаруларды сынау және қолдану кезінде болуы мүмкін.
Республика территориясының 30%-на жуық жерде адам денсаулығына зиянды табиғи радиоактивті газ- радонның бөліну қаупі бар. Радионуклидтермен ластанған суларды шаруашылық мақсатта немесе әшу үшін пайдалану қаіпті болып табылады.
Радон жер қыртысының әр жерінен бөлінеді, бірақ оның концентрациясы жер шарының әр жерінде әрқалай. Үндістан, Иран мемлекеттерінде радон радияциясының жоғары концентрациясы бар жерлер орналасқан.
Қазақстанда жабық ғимараттар ішінде атмосфералық ауаға қарағанда радонның мөлшері орташа 6-8 есе жоғары. Жабық жайларда,ы радонның негізгі өзі-топырақ. Топырақ ерекшелігі, құрылыс материялдарының типтері ғимарат ішіндегі радонның концентрациясына қатты әсер етеді.
Радонмен ластану деңгейі ағаш үйлерде 2 есе, таспен қаланған үйлерде 10 есеге дейін төмендейді. Зерттеулер бойынша адамның сәулеленуге ұшырауы жылына шамамен 100 мбэр-ді немесе әрбір сағат сайын 0,011 мбэр дозаны, ал қалыпты жағдайда тұрғындардың сәулеленуге ұшыраудың рұқсат етілген мөлшері 500мбэр-ді құрайды. Егер сәулелену 400 мбэр-ді құраса, адам сәулелі аурудың ауыр түріне душар болады. Мұндай жағдайда ауруға ұшыраған адамдардың жартысы өлімге ұшырайды. Жылдар бойы аздап сәулеленудің нәтижесінде адам ағзас созылмалы сәулелі ауруға, иммунитеттің төмендеуіне, көз қарашығының қарайып, көрудің нашарлауына, қалқанша безі қызметінің төмендеуіне алып келеді.
Тіпті сәулеленуге ұшыраған соң көп жылдан соң да қатерлі іскке алып келетін мутацияның және басқа да жасуша құрылымдарының зақымдануы пайда болуы мүмкін Сонымен қатар, туа пайда болатын және ұрпақтан ұрпаққа берілетін көптеген кемтарлықтар да осы мутацияға байланысты.
Қазақстан аумағындағы радиоэкологияылқ жағдайды жақсарту үшін мынадай жұмыстар атқарылуы крек:
- Сенімді құқықтық ақпаратты база құру;
- Істен шыққан орынды ұзақ уақыт сақтауға орналастыру;
- Уран өнеркәсібі қалдықтарын көмуді және рекльтивация жасауды іске асыру.