Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет16/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Біріншіден, олар фотосинтез құбылысының жүруіне ықпал етеді.
Екіншіден, күн сәулелерінің арқасында біздер көру қабілетіне
және сыртқы ортада бағдарлаушылық мүмкіншілігіне ие боламыз.
Үшіншіден, күн сәулелерінің әсерінен ақуыздар, ферменттер
ағзада ыдырап отырады, тіпті зиянды өзгерістер (мутация)
туындауы мүмкін, ісік пайда болатын тиімсіз жағдайға душар
болуы да ықтимал.
Сонымен қатар фотобиологиялық құбылыстың ағзада
пигменттердің және дәрумендердің қорытылуына әсері бар,
жасушалар құрамын қоздырушы күш болып табылады. Осы
жәйттерді ескере келе лазер сәулесін хирургияда пайдалану орын
тапқан.
Биологиялық қасиеті жағынан ағзаға күннің ультракүлгін
түсті сәулесі пайдалы, ол жер бетіне 290-400 нм толқын ағымымен
келеді. Бірақ ауа бұлтты болса, оның 80%-ті өз қуатын азайтады,
ал ауа шаң-тозаңды кезде - 11-50 % кемиді.
Ультракүлгін сәуле тері бетіне түсіп жасушалар мен
ұлпаларда ақуыздың өзгеруіне себеп болады және рефлекторлы
жолмен терінің сыртқы және ішкі рецепторларына әсер етіп бүкіл
ағзаға қолайлы. Бұл оның жалпы әсері, айталық ақуыздардың,
майлардың, көмірсулардың, минерал заттардың алмасуына
пайдалы, ағзаны сауықтырады және шынықтырады.
Ультракүлгін түсті сәуленің жеке өзіне ғана тән ерекшелік
әсері де бар. “А” айталық, ол 400-320 нм толқында теріге тисе
қызартып - қарақошқылдандырады, 320-275 нм толқыны мешелді
болдырмайтын және бактерияны әлсіздендіретіндей әсер етеді,
мешелге қарсы және бактериоцитті әсерінің нашарлауы, ал ең
қысқа 275-180 нм толқыны биологиялық ұлпаны жарақаттау
күшіне ие.
Күннің ультракүлгін түсті сәулесі ауа шаң-тозаңмен
ластанғанда шашырап жерге жетпей қалады. Сондықтан ірі
өнеркәсіпті қала тұрғындары “ультракүлгін түсті сәуленің
аштығына” ұшырайды.
Мұңдай жағдайға Қиыр Солтүстіктегі адамдар, көмір және
тау-кен өндірісіндегі жұмысшылар да душар болады. Бұл
адамдарды біз ультракүлгін түсті сәуле болып шығаратын
жасанды күн арқылы құтқарамыз, мысалы, арнайы фотариялар
жасаймыз.
Осындай сәуледен өткен адамдардың көңіл-күйінің
жақсарғаны, суыққа және жұқпалы ауруларға төзімділігінің
артқаны, жұмыс қабілетінің көтерілгені дәлелденген.


Ультракүлгін түсті сәуленің ең қысқа 180-275 нм толқыны
жер бетіне жетпейді, сондықтан ауаны, жерді және суды
бактериялардан тазарту үшін бактерицидті лампылар
қолданылады.
Ультракүлгін түсті сәуленің зияны бар ма? Бар, мысалы:
күнге немесе лампаға шамадан артық қақталса тері күйіп қалады,
көз жарыққа қарай алмай қалады (фотоофтальмия), көзден жас
ағады, т.с.с.
Биік таулы аудандарда және арктикада тұратын халықтар ақ
қарға шағылысқан күн сәулесінен осылайша әсер алады. Ағзаның
ультракүлгін түсті сәулеге сезімталдығы қорғасынмен уланған
адамдарда, қызылшамен ауырған балаларда жоғары болады.
Терінің күн сәулесіне көп қақталған жері ісік (рак) ауруына
ұшырауы анықталған, бұл жәйт оңтүстік аудандарда жиі
кездеседі.
Күн сәулесінің ұзын толқынды бөлігі инфрақызыл сәулесі,
оның 760-1400 нм қысқа толқынды және 1500-2500 нм ұзын
толқыны болады. Инфрақызыл сәуле ағзаға жылылық әсер береді,
оның қысқа толқынды бөлігі теріге терең бойлайды, бірақ ашыту
сезімі білінбейді. Ұзын толқынды бөлігі, керісінше, терінің беткі
қабатына әсер етіп күйдірген сезім тудырады. Ыстық цехта жұмыс
істейтін жұмысшылар, шыны үрлейтіндер үшін оның 1500-1700
нм толқыны көздің ақ қабығына, 1300 нм толқыны қарашыққа аса
қауіпті. Сондықтан көзді қорғау қажет.
Күн сәулесінің көзге көрінетін бөлігі 400-760 нм
толқындарда болады. Күндізгі жарық ашық алаңда ауа райының
өзгеріп тұруына, күннің горизонттан алыс немесе жақын тұруына
байланысты. Әрбір айға тура келетін жарық сәуле орталық
аймаққа тамыз айында 65000 лк, қаңтарда 1000 лк болады.
Ауаның шаң-тозаңмен ластануы табиғи жарықтықты 30-40 % -ға
төмендете алады.
Жарық тек қана көзге әсер етіп қоймай, орталық жүйке
жүйесінің қызметіне және сол арқылы ағзаның барлық жүйесіне
ықпалын тигізеді. Ет пен жүйкенің қозуына қызыл-сары түсті
жарық әсер етеді, ал көк-көгілдір жарық керісінше тежейді.
Күннің шығуына және батуына байланысты жарыққа ағза
үйренеді, оны тәуліктік ритм деп атайды. Орталық ширекте
тұратын халықтар үшін теріскей мен күнгей аумақтағы жарық
өзгерістері сезіле қоймайды.
Ал күнгейден теріскейге барғанда біршама уақыт
қалыптасуға кетеді, немесе керісінше. Бұрынғы ұйықтайтын
уақытында ұйықтай алмай, тәртіп бұзылып, біршама
қолайсыздыққа ұшырайды. Дегенмен біртіндеп ағза басқа
жарыққа үйренеді, сонда 3-5 % адамдар сол қалпында қалып
қояды.
Жарықтың гигиеналық маңызы көзге айрықша қажет. Жарық
аз болса көз шаршайды, жұмысқа қабілет төмендейді. Жарық 30-
50 лк болганда 3 сағат жұмыс істеген соң анық көру қабілетіміз 37
% төмендейді, ал 200 лк болғанда - 10-15%-ға. Сондықтан мұндай
физиологиялық ерекшелікті жарық мөлшерін шектеу үшін
пайдаланады.
Бөлме ішінде жарықты табиғи түрін қажетті мөлшерде ұстау
“жарық аштығын” болдырмауда маңызды. Табиғи жарықты
гигиеналық тұрғыдан бағалау үшін жарықтың табиғи
коэффициенті деген көрсеткіш қолданылады. Бұл үй ішіндегі
жарықтың сыртқы жарыққа пайызды қатынасы. Сондықтан
жарықтың табиғи коэффициенті терезенің қай бағытқа қарай
орналасуына байланысты.
Табиғи жарықтың үй ішіне қажетті мөлшерде түсуіне үй
маңындағы құрылыстар мен қараңғылай алатын ағаштар әсер
етеді. Егер терезеден қарағанда аспан көрінбесе, онда күннің тура
сәулесі үйге кіре алмайды. Бұл жағдайда үй ішіне күннің
шашыранды сәулесі ғана ене алады. Бұл деген бөлменің
санитарлық қасиетін төмендетеді деген сөз. Терезе шынысының
кірлеуі және қабаттап шынылау жарықты 50-70 %-ға төмендетеді.


1.8. Климат және ауа райы








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет