Судағы ең көп кездесетін микроэлементтердің бірі фтор.
Оның концентрациясының өзгеруі эпидемиялық флюороз,
кариестің пайда болуына әкеледі.
Флюороз - элементтің көп болуымен сипатталады. Бұл кезде
тіс эмалінде дақтар пайда болады. Осының нәтижесінде
дистрофияға ұшырап, онда тыртықтар пайда болып, тіс әлсіз бола
бастайды.
Суда фтордың азаюы балалар арасында көп кездесетін тіс
кариесіне әкеп соғады. Мысалы, Түркістан - Кентау аймағындағы
су көздерінің негізі құрамын қарастырғаңда, онда фтордың аз
екендігі анықталған. Осыған байланысты аймақ тұрғындарының
арасында тіс ауруларының көбейіп кеткендігі ғылыми тұрғыда
дәлелденген (Р.К. Қуандыкова). Сонымен бірге фосфор-кальций
алмасуы бұзылып, сүйектердің деформациясы және әлсіздігімен
сипатталатын фторлы кахексия пайда болады. Бұнымен қатар
байламның кальцификациясымен байланысты болатын
остеосклероз және орталық жүйке жүйесінде, бауырда және басқа
кейбір мүшелерде ауытқулар пайда болады. Суда кальций мен
магний тұздарының шамадан тыс артық болуы көрнектілік
қаттылық дәм береді. Мұндай суда тамақтың пісімділігі
төмендейді, шайдың дәмі де қалыптағыдай болмайды, сабын
көпірмейді, адамдардың арасында жүрек ауруы көбейеді, бүйректе
тас пайда болуы ықтимал деген жобалама бар. Көрнекілік шегі 15-
20 мг э/л.
Хлоридтердің суда көбеюі (350 мг/л-ден) суға тұздылау дәм
береді, асқазан сөл бөлуін баяулатуына, диурездің азаюына,
артериялық қан қысымының көтерілуіне және тағы басқа
бұзылыстарға алып келеді. Бүйрек және жүрегі ауыратын
адамдарға зиянды әсер етеді. Сульфат тұзының суда көбеюі
хлоридтердің әсеріне ұқсас болып келеді.
Берилийдің максималды мөлшері хроникалық тәжірибеде
анықталғандай (0,02 мг/л) қызыл сүйек миында эритропоэздің
әлсіреуіне, рефлекторлық қызметінің өзгеруіне, жүйке
жасушаларының дистрофиялық өзгерістеріне алып келуі мүмкін.