Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет17/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Ауа райы - дегеніміз атмосфераның тиісті жерде және тиісті
уақыттағы күйі, ол температураның, ылғалдылықтың, ауа
қысымының, желдің, бұлттың, ауа шөгіндісінің, тұманның,
найзағайдың, жердің температурасының, қардың қалыңдығының
өзгеріп тұруымен сипатталады.
Климат - дегеніміз ауа райының көпжылдық көрінісі, оған
географиялық ендіктер, атмосфераның қозғалуы, күннің
радиациясы, жер бетінің құрылымы әсер етеді.
Ауа райының өзгеруіне атмосфералық қысымның жер
бетінде жүйесіз тербелуі себеп. Қысым көбейгенде (антициклон)
ауа ашық болады. Әрбір циклонның (ауа қысымы азаяды) алдында
антициклон өтіп отырады.
Жыл мерзімінде ауаның электрленуі өзгеріп тұрады, бұл
жәйт айрықша теріскей аудандарда байқалады. Электрленген
заряд бөлшектері күннен жетеді, нәтижесінде магнитті боран және
найзағай өрісі пайда болады.
Климат факторлары ағзаның физиологиялық реакциясына
айтарлықтай әсер етеді, яғни ағза климат факторларының әсеріне
биологиялық реттілікте жауап беріп отырады. Жарық пен
қараңғылыққа ағза қызметі өзгеріп тұратыны анықталған, мұны
циркадты реттілік деп атайды.
Ағзаның биологиялық реттілігіне ең күшті әсер ететін фактор
күннің жарығы. Тәуліктің жарық кезінде адамның қимылы
артады, зат алмасу ағзада күшейеді, қара өттің бөлінуі көбейеді.
Бауырда гликоген қорының көбеюі таң алдында байқалады,
ал азаюы 15 сағат шамасында болады. Гемоглобиннің қанда
көбеюі 11-13 сағат кезінде, азаюы 16-18 сағат кезінде болып
отырады.
Күндізгі кезде жүйке жүйесінің симпатикус бөлімінің
жұмысы күшейіп қан қысымы артады, тер көп бөлінеді, ішектің
қозғалысы жылдамдайды.
Ағзаның көптеген физиологиялық жүйелерінің қызметі
маусымға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: жазғы кезде зат
алмасу қарқыны төмендейді, қыста жоғарылайды. Жазғы кезде
қан ішкі мүшелерден теріге қарай ығысады, сондықтан қан
қысымы қыстағыдан жазда төмен болады. Жазғы кезде ұлпалар
оттегіне көп мұқтаж. Қыста қанның көмірқышкыл газын
қабылдауы жоғары. Жазда жүректің инфарктпен ауруы жиі,
қанның ұю уақыты ұзарады. Гермагниттік өрістің күшейген
кезінде жүйке жүйесі ауыратын кісілер мазасызданады.
Қорыта айтқанда, мүшелер мен жүйелердің маусым
мезгілдеріне сай өзгеріп отыруы, сыртқы ортаның өзгеруіне
ағзаның беріп отыратын жауабы. Сондықтан маусым аурулары
пайда болып тұрады немесе созылмалы аурулар қайталанып
асқындайды.
Маусым аурулары әдетте көктемде немесе күзде тіркеледі,
себебі климаттық жағдай бұл кездерде кенет құбылмалы болып
келеді. Олардың қатарына жоғарғы тыныс жолдарының аурулары,
баспа, өкпе бұтақтарының аурулары жатады. Бір жасқа дейінгі
балалар өкпесінің қабының ауруы қаңтар мен көкек айларына тура
келеді, өйткені бұл кездерде ауа райы өте құбылмалы.
Күн салқындағанда өлім көбейеді, өкпенің күрт ауруынан
қайту қыста және ерте көктемде, ал жүрек - қан тамырлары
ауруынан - қараша мен желтоқсан айларында байқалады. Күз бен
қыс аралығындағы уақытта жүрек инфарктынан қайту, миға қан
құйылудан кету айрықша жиілейді. Көктем мен күз айларында
асқазан жарасы қозады, қан қысымы көтеріледі, жүрек тамырлары
қысылады.
Қан қысымы жоғары және жүрек тамырлары қысылатын
адамдар үшін атмосфералық қысымның төмендеп жылы және
ылғал ауамен қабаттасуы қолайсыз. Өйткені ауада оттегінің
тығыздығы азаяды. Температура төмендеп, ауа қысымы азайса
буыны ауыратындарға тиімсіз. Ентікпе ауруы барларға
температураның күрт өзгеруі, желдің күшеюі және жаңбыр - қар
жаууы қолайсыз.
Аурулардың көбеюі және асқынуы ауа райы өзгергенде
синоптикалық фронттардың болуына да байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет