оттегінің 1 атомының қосылысы болып табылады.
Суда барлық кезде көптеген заттар мен элементтер кездеседі,
тек дистиляция арқылы оны басқа қоспалардан ажыратуға болады.
Сонымен қатар суда неорганикалық заттардың ішінде кальций
және магний тұздары кездеседі, олар судың қаттылығын
анықтайды, сонымен бірге хлоридтер мен сульфаттарға жататын
минералды ингридиенті болып темір табылады. Ол жер асты
суларында бикарбонат түрінде кездеседі. Басқа неорганикалық
тұрақты қосылыстарына микроэлементтерді, беримит, марганец,
мыс, молибден, мышьяк, қорғасын, селен, стронций, фтор, цинкті
жатқызуға болады. Сонымен бірге, суда аммиак тұздары, азот
және азот тұздары кездесуі мүмкін. Судың химиялық құрамы
оның физикалық қасиетін анықтау керек. Оның ішінде ең
қызықтыратындары: түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, бұлдырлығы.
Суға әртүрлі химиялық заттар қосылып жатады. Егер оларды
қадағалап тазартып тұрмаса мұндай жағдай денсаулыққа зиян.
Адам судың өзінің табиғи химиялық құрамы арқылы да улануы
мүмкін немесе сыртқы ортаның әсерімен ластану арқылы зиянды
болуы ескеріледі.
Суда көп кездесетін минералды заттардың ағзаға әсері
туралы сұрақ қазіргі кезде ең өзекті болып есептелінеді. Суда
минералдылық деңгейі жоғары болса денсаулыққа тиімді емес,
ағзаны ауруға шалдықтырады. Судағы минерал, тұзының құрғақ
қалдығы 1000 мг/л шамамен шектеледі, одан асып кетсе су ащы
және тұзды дәм тартады. Суда хлор және сульфат тұздары 350-500
мг/л-ден көп болса, судың дәмі кермек және тұзды болып келеді.
Таза ауыз судың құрамында 1000 мг/л құрғақ қалдық болады
дедік. Егер ол 1-25 гр болса, онда су тұздылау дәмге ие, ал егер 2,5
грамнан көп болса - тұзды дәм сезіледі.
Судың минералдылығы өте жоғары болған жағдайда ағзада
мынадай өзгерістер байқалады:
- ағзада сілтілік-қышқылдық тепе-теңдік бұзылады;
- қанда азот қалдығы көбейеді;
- қанда ақуыздың мөлшері көбейіп кетеді;
- қан тамырлары мен жүректің қызметі әлсірейді;
- ағзада су-тұз тепе-теңдігі бұзылады.
Кейінгі кездерде халық минерал тұздарынан тазартылған
сумен қамтамасыз етіліп жүр. Сондықтан судағы минерал
тұздарының ең төменгі деңгейін анықтау жаңа мәселе болып
туындап отыр. Бұл да ағзаға қолайсыз жағдай, өйткені минерал
тұзы аз суды пайдаланғанда жасушалардағы натрий қанға өтіп
кетеді.
Ауыз суды жалпы минералдаудың гигиеналық талабы оның
құрамындағы бөлек ингредиенттердің ара қатынасымен тығыз
байланысты.
Антропогендік химиялық және биологиялық заттардың суға
қосылуынан туындайтын аурулар олардың жалпылама (неспецифический) және арнайы (специфический) әсер етуіне
байланысты.
Жалпылама әсері төмендегіше болып келеді:
- судың дәмі, иісі, түр түсі өзгереді;
- ағзаның иммунологиялық көрсеткіштерін өзгертеді;
- ағзаның биологиялық көрсеткіштерінің қалыпты жағдайын
өзгертеді;
- аурушаңдықтың жалпы деңгейін және жеке түрлерінің
көрсеткішін өзгертеді.
Антропогендік химиялық және биологиялық заттар сумен
бірге арнайы әсер етеді, олардың қатарына:
- судағы сынап минимата ауруын туындатады;
- кадмий итай-итай ауруын туындатады;
- қорғасын қанның құрамына әсер етеді.