1. Кәдімгі дозамен хлорлау (хлорлау дозасы хлор жұту
мөлшеріне, қалдық хлордың санитарлық нормасына байланысты
белгіленеді).
2. Аммонизациялы хлорлау (суға бір уақытты хлорамин
түзілу үшін хлор мен аммиак NН3 жібереді).
3. Гиперхлорлау (хлор дозасы судың хлор сіңдіруінен
жоғары).
Хлордың қажетті дозасы судың хлорға және судың хлор
сіңдіру мөлшеріне байланысты. Судың хлор сіңдіруі дегеніміз 30
мин ішінде 1 литр суды хлорлауға кеткен хлор мөлшері. Ол
органикалық заттарды тотықтыруға, органикалық емес заттарды
оңай тотықтыруға (II-кі валентті Fе және Mr) бактерия
протоплазмасымен қосылу үшін керек. Судың
залалсызданғандығына сенімді болу үшін суды хлорлап болған
соң суда хлор мөлшері мынадай болу керек, 0,3-0,5 мг/л бос хлор
қалдығы. Кәдімгідей хлорлағанда 0,6-1,0 мг/л байланысқан хлор
(хлорамин түріңде).
Кәдімгі хлорлағандағы керекті хлор мөлшері судың хлор
сіңдіру мөлшерін байқап көру арқылы жасалады. Жазда суды
хлорлағанда судың хлормен жанасуы 30 минуттен аспауы керек.
Қыста, температура төмен жағдайда судың хлормен жанасуы 1
сағатқа созылады.
Алқаптарда, егістіктерде суды залалсыздандыру үшін
гиперхлорлау қолданады. Бұл жағдайда, әсіресе суды басқалай
жолмен залалсыздандыру мүмкіңдігі жоқтығында суды активті
хлордың көп мөлшерімен хлорлайды (10-30 мг/л). Бұл кезде оның
пайдалы жағы болады.
1. Залалданған, лайланған, түстенген, иістенген суды
сенімді залалсыздандыруға мүмкіндік туады.
2. Суды ластануына, зияндылығына, қай жерден шығуына,
жарамсыздығына қарамастан залалсыздандыру оңайға түседі.
3. Залалсыздандыру небәрі 20-15 мин. болады.
Гиперхлорлауға керекті дозалар: жақсы органолептикалық қасиеті
бар құдық суына белсенді хлордың 10 мг/л мөлшері. Құдық
суының тұнықтығы төмендегенде және өзен көлдер суына 15-20
мг/л. Кез келген қатты ластанған суға, ішуге жарамсыз сулар үшін
25-30 мг/л. Ішуге қауіпті болғанда 100 мгл.