Дәрумендер - төменгі молекулалы органикалық қосылыстар,
аз мөлшерде биологиялық белсенді заттар.
Дәрумендер барлық биохимиялық реакциялардың қалыпты
өтуін, тағамдық заттардың игерілуін, ұлпа және жасушалардың
өсуімен, қалпына келуі үшін қажет. Дәрумендер адамның
қолайсыз орта факторына жұқпаларға жоғарғы қарсылығын ұстап
тұруда маңызды роль атқарады. Осы қасиетіне байланысты
оларды иондаушы радиация және жұмыстағы зиянды әсерлерден,
химиялық заттар әсері негізінде алдын-алу зат ретінде
қолданылады.
Жұқпалы ауруларды емдеуде, хирургиялық операциялардан
кейін сульфаниламидті препараттар, дәрі-дәрмекпен емдеуде
пайда болатын қауіптің әсерінен сақтауда кең қолдау тапқан.
Дәруменнің болмауы және дәруменнің жетіспеушілігінің
пайда болу себептері тағамда дәрумендердің аз болуы (1 кесте).
Көп тамақтанумен аскорбин қышқылының жетіспеушілігі ерте
атеросклероздың және ағзаның уақытынан бұрын әлсіреуінің
негізгі себебі болуы мүмкін.
Миға қан құйылуының пайда болуы Р-дәруменнің аз
мөлшеріне байланысты. Ол сонымен бірге гипотензивті әсері бар
және де холин жеткіліксіздігі бауырдың алиментарлы циррозы
патологиясында маңызы зор. Азық варибельді тракте В12-
пайдалануының бұзылуы пернициозды анемияның дамуына себеп
болады.
Ағзаның дәрумендерге мұқтаждылығы жас ерекшеліктеріне,
адамның жынысына, қызметіне байланысты болады (2 кесте).
Дәрумендерге мұқтаждылықты шектеу әрбір мегаколория
есебінен (1000 ккал) жүргізіледі, яғни 1000 ккал-ға 25 мг аскорбин
қышқылы, тиамин-0,6 мг, рибофлавин және пиридоксин-0,7 мг,
никотин қышқылы 6,6 мг-ға сай келеді.