Тамақтану - зат алмасу және қоршаған ортамен әсерлесуді,
ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын, ағзаның қалыпты
қызметін атқаруын, гомеостазды қамтамасыз етеді,
Адамның өмірі тамақтанумен байланысты, Оның өсіп
жетілуіне, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына еңбекке қабілетіне,
сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғануға тамақтанудың
әсері мол.
Тамақтанудың арқасында екі үздіксіз қарама-қарсы және бір-
бірімен байланысты құбылыстар ассимиляция және диссимиляция
құбылыстары жүріп жатады.
Тамақтанудың атқаратын үш қызметі бар:
- біріншісі - ағзаның түзіліміне керек (пластикалық);
- екіншісі - жасушаларға қуат береді (қуаттылық);
- үшіншісі - биологиялық әсері, белсенді заттардың
қорытылуына қызмет жасайды (гормон, фермент, ақуыз және т.б),
Ағзаны қуатпен қамтамасыз ететін қоректік заттарға
жататындар: ақуыздар, майлар, көмірсулар. Пластикалық қажетті
заттарға жататындар: ақуыздар, майлар, минералды заттар,
дәрумендер, су.
Адамның денсаулығын және жұмыс қабілетін кездейсоқ
қалай болса солай тамақтану қажетті дәрежеде ұстап тұра
алмайды. Ол үшін тамақтану дұрыс ұйымдастырылуы керек.
3.2.Рационалдытамақтану
Рационалдытамақтану - ағзаның қуаттылық және
пластикалық қажеттілігін қанағаттандыратын тиімді тамақтану.
Тағам түрлері мен құрамы ағзаның жыныс, жас
ерекшеліктеріне, жергілікті жердің география, климат
ерекшеліктеріне сай болып келуі керек. Сол әсердің
биогеохимиялық сипатын ескеруі қажет, әйел ағзасының жүкті
және емізулі кезеңдерінде ағзаның атқаратын жұмысының түріне
лайықталуы дұрыс, ауырған кезде және одан жазылып айыға
бастағанда ағзаның сол кездегі ішкі және сыртқы талаптарына
жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет.
Дұрыс тамақтана білсең, өсіп жетілумен қатар өміріңді де
ұзарта аласың, Тамақтану рационының толық болуы елдің
денсаулық жағдайын, өсу мен физикалық дамуын, жұмысқа
белсенділігін, бейімделу (адаптациялық) қабілетін, өмір сүру
ұзақтығын арттырады. Көптеген патологиялық жағдайларда
диетотерапияның маңызы зор.
Жақсы тамақтану ағзаның ауру тудырушы әсерге
қарсылығын жоғарлатады, адамның ойлау қабілетін, жұмыс
қабілетін күшейтеді және физикалық дамуына оң әсер етеді.
Балансталған тамақтану концепциясы тәжірибелік проблемаларды
жаңа жоғарғы биологиялық тамақтану ресурстарын іздеулерде
маңызды роль атқарады.
Қалыпты жайдайда тамақтану деп ересек адамның барлық
қажеттілігін қамтитын, дене массасының тұрақтылығын ұстайтын,
ағзада қалыпты қызметінің дұрыс жүруін қамтитын тамақтануды
айтамыз.