Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет96/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

В2 ДӘРУМЕНІ
В2 дәрумен (рибофлавин) қуат алмасуда үлкен рөлін атқарады. Өйткені коферменттің құрамына қатысады (флавин мононуклеотид, флавин-аденин-динуклеотид) тотығу-тотықсыздану ферментінің құрамына кіреді (флавопротеид). Бұл флавин ферменттері май қышқылының тотығуына, пирожүзім (ПЖҚ) және альфа-кетаглутар қышқылының тотығудан декарбоксилдену құбылысына қатысады. Сондықтан бірге рибофлавин құрамына көру пурпуры кіреді.

Ол торлы қабықты ультракүлгін сәулесінен қорғайды. Рибофлавинге бай: бауыр, бүйрек, жұмыртқа, көкөніс, сүт және ет тағамдары. Дәруменінің біріншілік жетіспеушілігі оның тағаммен бірге аз түсуіне байланысты. Екіншілік жетіспеушілігі энтерит, созылмалы маскүнемдік дененің ауқымды зақымдалуында (күйік, жарақаттары) созылмалы ауруларда, психиатропты дәрілерді көп мөлшерде ұзақ уақыт қолданғанда байқалады.
В2 дәруменінің біршама жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісі
Ерте белгілері – ауыз бұрыштарының шырышты қабықтарының зақымдануы, жырылу түрінде жараның эрозия түрінде көрінеді. Одан кейін шырышты қабықтың зақымдануы, еріннің вертикальды жарығымен сол жерде тұтасады (хейлит).
Бірақ бұл өзгерістер ерекше емес және кәрі жастағы адамдарда сілекей бөлінуі көп, еріннің мацерациясы байқалады. Сонымен бірге тілдің зақымдануы глосситпен шырышты қабаттарының атрофиясы және жіп тәрізді бүртіктерінің жоғалуымен көрінеді. Атрофия салдарынан тілдің шырышты қабаттарында қабыну салдарынан ашық қызыл түске боялады.
Дәруменнің болмауы рибофлавин кезінде ерін мұрын қатпарларында және бетте дерматит дамиды, көбелектің пішінін елестететін. Терінің бұл аймақтары қатты жылтырлы көрініс береді. Терінің зақымдануы денеге және қол-аяқтарға таралуы мүмкін. Көздің қасаң қабықтарынын қабынуы интерстициальды кератит, оның жаралануы және бұлдырлауы мүмкін. В2 дәруменінің жетіспеуінен сүйек ми гипоплазиясының гипохромды анемиясы дамуы мүмкін. Рибофлавин дәруменінің жетіспеушілігі жасанды иммунитеттің жағымсыз жағдайын қамтиды. Жүкті әйелдердің ағзасына В2 дәруменінің жетіспеуі әсіресе ұрықтың мүшелері мен ұлпаларының ажырауы кезінде тератогенді әсер көрсетуі мүмкін. Дәруменді көп мөлшерде пайдаланудың улылық эффектісі көрсетілмеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет