Клиникалық көрінісі. Рахиттің айқын пішініне сүйек және бұлшық ет жүйелерінің өзгерістері тән. Ең ауыр зақымданатын сүйектері бұл ауру барысы кезінде ең көп салмақ түсетін сүйектер. Өмірінің алғашқы жылдарыңда бас, қабырға өзгерістері болса, нәресте еңбектейтін және жүретін кезде жамбас және балтыр сүйектері өзгереді.
Рахиттік бас сүйегіне тән сипаттама: маңдай бөлігінің шығуы немесе төбе бөлігінің шығуы, көз шарасының қабырғасының қалыңдауы, соның салдарынан "бадырақ көз" пайда болады. Бас сүйектерінің жұмсақтығы мидың өсуін тоқтатпайды, сондықтан ми қалыпты жағдайдағыдан тез өседі. Пайда болған вакуумның әсерінен ми қарыншаларының көлемі ұлғаяды, ол ми шеменінің пайда болу себебі болып табылады.
Рахиттің ауыр және орташа ауырлық пішінінде төменгі жақтың түзілуі, тіс құрылысында және олардың шығу ретіңде өзгерістер болады. Қабырғалардың шеміршектен сүйекке өтетін жерінде шеміршектің қаркынды өсуі байқалады, қалыңдайды. Иық сүйектерінің эпифизінің қалыңдауы рахиттік "білезіктер" пайда болады. Көкірек жасушаларының иілуі, яғни жанынан қысылады, ал төс алға қарай шығыңқы болады. Ол көкірек жасушаларында тар көрініс беріп, "тауық көкірек" пайда болады.
Нәресте жүре бастағанда омыртқа кифоз және сколиозы күшейеді, сегізкөз деформациясы пайда болады ("рахиттік жамбас"). Мұндай қаңқа өзгерістері үлкейген соң әйелдерде туу актісінде асқынулар туғызуы мүмкін.
Рахит кезінде аяқ сүйектерінің жұмсаруынан аяқ сүйектерінің О және X тәрізді майысуы пайда болады, остеомелиттік рахит пішіні де болады. D дәруменінің жетіспеуінен ересектерде остеомаляция дамиды. Сүйек ұлпасының физиологиялық регенерация құбылысында ескі сүйек (балкалары) сорылып және жаңа пайда болғандармен толтырылады. Дәрумен тапшылығы жағдайында остеоидты матрикстердің остеобласттармен синтезі бұзылады, ол минерализацияланады. Остеоидтардың көп түзілуі – остеомаляцияның бір белгісі. Осыған байланысты сүйек өзінің беріктік қасиетінен айрылады, сынғыш келеді, көбінесе омыртқа денелері мен ортан жілік мойындарында кездеседі.