Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет97/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   167
В3 ДӘРУМЕНІ
В3 дәрумені (никотин қышқылы, дәрумен РР, ниацин) және оның өнімдері – бұлар биологиялық белсенді заттар.
Коферменттер сияқты никотинамидті ферменттер құрамына кіреді, көптеген дегидрогеназдардың молекула бөлшегі болып табылады.
Адам ағзасына бауыр, бүйрек, үй құстарының еттері арқылы түседі, демек осы тағамдардың құрамында болады. (Әсіресе бауырда көп болады). Одан басқа адам ағзасында триптофан арқылы синтезделуге әсерін тигізеді. Бірінші жағдайда дәруменнің болмауы адам ағзасына тамақ арқылы никотин қышқылы өз дәрежесінде жетпеген жағдайда ағзада никотин қышқылы жетіспейді.

Екінші жағдайда (эңдогенді) – асқазан-ішек жолы ауырған жағдайда, неврит, аллергиялық дерматоз, қорғасынмен уланған жағдайда, бензолмен уланған жағдайда, асқынған маскүнемдікте никотин қышқылы ағзада жетіспейді. Азық-түлікті пайдалануда аминқышқылын түзетін лейцин, никотинамидты коферменттің синтездің бұзылуы дәруменнің жетіспеуіне алып келеді. Никотин қышқылының жетіспеуі пеллаграның дамуына әкеліп соқтырады. Оның үш негізгі белгілері болады: дерматит, диарея, деменция (үш «Д«).
Дерматит – кәдімгі симметриялы түрде дененің ашық жерінде, сирегірек жағдайда көкіректе, иық алдында дамиды. Басында эритема пайда болады, тері қара қызыл болып, ісік, қышу пайда болады. Бірнеше күннен кейін қабыршақтанады. Нәтижесінде тері жарылады, гиперкератоз, гиперпигментация және депигментация бөлімдері пайда болады. Депигменттелген бөлімдер витилигоның үйлесу құблысына беріледі. Аурудың алғашқы кезеңіне микроскопиялық гиперемиямен сипатты ісіну, эпидермистің қампаюы, дерманың лейкоциттермен инфильтрациясы көрсетіледі.
Соңғы кезеңде эпидермис атрофиясында пара және гиперкератоз, дерманың торлы қабатының склерозы пайда болады.
Осыған ұқсас өзгерістер ауыз қуысының және вагинаның шырышты қабатында дамуы мүмкін. Еріннің шырышты қабығында жарылу, ісіну пайда болады.
Ауыздың шырышты қабығы тез қатты қызарады, тістің етінде және тіл астында – ісік білінеді. Тілде өзгерістер пайда болады. Тіл ашық қызыл түске енеді, тілдің ісінуінің әсерінен тілдің жан-жағында тістердің іздері байқалады, тілдің жігі және саңырауқұлақ тәріздес бүртіктері гипертропияланып қызыл нүктелер пайда болады. Ал, ауру басылғанда сілекей бөлінетін жерлердің түсі реңсізденеді, бүртіктер атрофияланады.
Диарея негізінде қабыну нәтижесінде дамыған асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының атрофиясы жатыр. Ондағы ісіктің біліну мүмкіндігі. Без атрофиясы асқазан безінің ішек түрінде құрылуы, бауыр атрофиясы микроскопиялық түрде анықталады.
Деменция (ақыл-парасат кемдігі) – бас мидың нейрондық регрессивті өзгеруінен, жұлынның жанындағы және арқа бағанасындағы артқы ми жүйке талшықтарында дегенерация болған жағдайда дамиды. Никотин қышқылын мөлшерден тыс қабылдағанда одан қандай да маңызды зардаптар пайда болмайды. Шеткі қантамырлардың кеңеюі мүмкін, қышу және құйылу болады, оның барлығы 1 сағат шамасында жоғалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет