Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет12/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   167

1.5. Ауаның бактериалды ластануы.


Ауадағы биологиялық объектілер “Аэропланктан” деген


ұғымға біріктірілген. Бұған бактерия, вирус, саңырауқұлақтың
спорасы, қарапайымдылар, т.б. кіреді. Осыған қарамай ауа бұл
микроағзалар үшін қолайсыз орта боп келеді. Негізінен ауа
ластануының көзі боп жер саналады. 1 г. жерде миллиардтаған
микроағзалар бар.
Микроағзалардың ауадағы мөлшері тәулік бойы, сонымен
қатар маусым бойы өзгеріп отырады. Суық кезеңде ауа тазалау, ал
күн ыстық кезеңдерде жердің жақсы кебуімен байланысты ауада
микроағзалар өте көп болады.
Халық көп жерде табиғи зоналармен салыстырғанда ауада
микроағзалар көп болады. Мысалы: қалада 1м3 ауада
микроағзалар саны 30-40 мың, қала сыртындағы табиғи жерде ол 1
м3-де 1000 болады.
Микроағзаның ауадағы мөлшерінің өзгерісі
метеорологиялық фактормен де байланысты. Биіктікке
жоғарылаған сайын микроағза саны бірден азаяды. Мысалы: 500 м
биіктікте орташа 1300, 2500 м-де 240, 4000 м-де 79, 6000 м-де 1
м3-те.
Жұқпалы қоздырғышты бактериалды аэрозольдарды білудің
маңызы зор. Кейбір бактериялар (стафилококктар,
стрептококктар) өте төзімді боп келеді. Оған сібір жарасының
бактериясы, стрептококк, стафилококк, т.б. жатады. Көптеген
жұқпалы аурулардың берілу жолы ауа-тамшы, шаң арқылы
таралады. Мысалы: көкжөтел, күл, қызылша, скарлатина, т.б.
Сонымен қатар сібір жарасы, туляремия т.б. Түшкіргенде 40
мыңдай майда тамшылар түзіледі. Құрамында микробтары бар.
Микроағзалардың бір-бөлігі ауа арқылы тыныс жолына түсіп
ағзаны түршіктіре алады. Осылай өлі микробтардың өзі аллергия
шақыру арқылы ағзаға зиянды бола алады.
Бөлмедегі микроағза саны желдетумен, жалпы санитарлық
жағдаймен байланысты. Атмосфералық ауа таза - деп саналады,
егер оның мөлшері жазда 750, қыста 150 болса 1 м3-те. Лас - деп
саналады, егер 1 м3-те жазда 2500, қыста 400 болса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет