1.6. Температураның, ылғалдылықтың, атмосфералық қысымның адам ағзасына әсері. Ауаның адамға әсер ететін факторлары.
Физикалық: температура, ылғалдылық, ауа жылдамдығы,
барометриялық қысым, күн радиациясы, электрлік жағдай,
радиобелсенділік.
Химиялық: оттегінің мөлшері, азот көміртегі бөліктері және
басқа да қосындылары.
Механикалық: шаң, түтін және микроағзалар.
Температура
Атмосфералық ауа, топырақ және су арқылы ысыйды, олар
да сіңген күн қуатына байланысты. Ауа температурасы
географиялық жазықта орналасуына байланысты. Жердегі ең
жоғары температура - оңтүстүкте байқалады, Африка елдерінде,
Оңтүстік Америкада, Орта Азияда. Бұл жерлерде күн ысығанда
63°С жетуі мүмкін, ал суығанда 15° С түсуі мүмкін. Жердегі ең
төменгі температура Антарктидада, онда 94° С-ке дейін төмендеуі
мүмкін.
Жоғарғы температура орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) теріс
әсер етеді. Ол кезде назарының төмендеуі, іс-қимылдың баяулауы,
жүру координациясы бұзылады. Күн өтіп кетудің ауыр және жеңіл
түрлері бар.
Жеңіл түріне - гипертермияның көрінісі, температураның
38°С дейін көтерілуі. Бет гиперемиясы, қатты терлеу, әлсіздік, бас
айналу, құсу байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |