Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет9/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Гептан, гексан және басқа көмірсутегінің тотығуы
пероксиацилнитрат (ПАН) және пероксилбензоилнитрат деген
улы (ПБН) қоспаларға өтеді. Осы заттар азот тотығымен бірге
фотохимиялық түтін (фотохимический смог) түзеді.
Ауаның едәуір мөлшерде ластануына өндірістік орындардың,
жол машиналарының, жылу электр станцияларының шығаратын
күлі, қара топырағы (сажа) және басқа газ заттары (27 %) әсер
етеді.
Қара және түсті металлургия өндірістерінің ластануы 10-24%
шамасында. Жол тасымал машиналарының үлесіне қалаларда 60
% келеді. Олардың шығарған көміртегі тотығы, азот тотығы,
көмірсулары, қорғасыны, қара шаңы және басқалары денсаулық
үшін айрықша зиян.


Жол - транспорт комплексі

Ауаға, суға, топыраққа қосылатын зиянды сұйық, газ


түріндегі және қатты қалдықтардың негізгі көзі. Транспорт
құралдарындағы іштен жану двигательдерінде органикалық
отынды жағу салдарынан қоршаған ортаға көмір қышқыл газы
мен зиянды заттардың - қорғасынның, күйенің, көмірсутектердің,
күкірт пен азот оксидтерінің, этилен, бензол, этан, метанның көп
мөлшері бөлініп шығады. Әсіресе, барлық транспорт түрлерінің
ішінде, автомобиль транспортының зиянды қалдықтары 70 %
құрайды және ол антропогенді әсерлер есебінен атмосфераны
ластаушы заттар мөлшерінің 40%-ға дейін жетеді.
Автомобиль транспорты, яғни іштен жану двигательдерінің
жұмысы нәтижесінде түзілген газ, атмосфераны ластаушы
заттардың ең негізгілерінің бірі болып табылады. Жыл сайын,
олар 28 миллион тонна шамасында көміртек тотығын, 56 миллион
тонна көмірсутек, 28 миллион тонна азот тотығын ауаға қосады.
Қазіргі кезде жер шарында, шамамен 200 млн.-дай автомобиль
машиналары бар. Олар іштен жану двигательдерінің жұмыс істеу
барысыңда, ауаға 200-ге тарта әр түрлі заттар шығарады.
Бензинді пайдаланатын әрбір автомобиль машинасы 15 мың
км қашықтықты жүру үшін, 4350 кг оттегін пайдаланып, 3250 кг
СО2, 530 кг СО, 93 кг көмірсутек және 27 кг азот тотықтарын түзіп
ауаға шығарады.
Ауа сапасының құрамына, ірі қалалардағы автомобиль және
темір жол көліктері, өзен және теңіз кемелерінен бөлінетін газдар
мен тозаңдар да теріс әсер етеді (2 кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет