3.З. Тамақгану гигиенасының маңызды міндеті
Адам радионының оның өмір сүру қалпына, іс-әрекетіне
есептеліп сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау болып
табылады. Осылай сәйкестік нормативтерді анықтағанда ағзаның
қуат жұмсауын, ақуыз, май, көмірсу, дәрумен, алмасуларды негіз
ету керек. Осы кезде тағамдық қажеттілікті жынысына, жасына,
бойына, дене салмағына, физикалық жүктемеге, психикалық
құбылыстар жүктемесіне, метаболизмге қарай ажырату
(дифференциялануы) қажет.
Ағзаның қуат жұмсауы және оның оптимальды қажеттілігін
анықтауда ауыл шаруашылықты және тағамдық өндірісті
жоспарлаудың үлкен маңызы бар.
Тиімді дұрыс тамақтанудың гигиеналық талабын академик
А. А. Покровский ұсынған теориясы бойынша қарастыру қажет
(тағамның балансталған концепциясы). Мемлекеттік жоспарлау
мен тұтыну осы ұғымның талабына сай болып отыруы шарт. Бұл
шартты жүзеге асыратын орындар қоғамдық тамақтану орындары
мен жеке жанұялар немесе жеке адамдар.
Академик А. А. Покровскийдің ілімі нені үйретеді?
1. Тамақ өзінің мөлшері мен саны жағынан, қуаттылығы
жағынан жеткілікті болып, ағзаның бір тәуліктік ысырап еткен
қуатын толық өтеп отыруы тиіс;
2. Күнделікті тағам түрі жағынан сапалы болып отыруы
қажет, осылай болғанда ғана ағзаға физиологиялық қажетті
мөлшерде амин қышқылдары, дәрумендер, минерал тұздары және
тағы басқа денеде өздігінен қорытыла алмайтын қоректік заттар
жеткізіледі;
3.Қабылданатын тағам түрлері ағзаның ферменттік қасиетіне
сайма-сай болуы керек, өйткені жас баланың немесе қарт
адамдардың, сау адамның немесе ауру адамның ағзасында
ферменттік жүйелері әр түрлі болып отырады;
4. Тамақ бірыңғай қайталана бермей, ол ұдайы
толықтырылып, өзгертіліп және алмастырылып отыруы қажет.
Мал тағамдары мен өсімдік өнімдерінің ара қатынасы дұрыс
мөлшерде араласып пайдаланғаны шарт;
5. Тамақ дәмді және бөгде иіспен зақымданбаған болуы
керек. Оның құрамында микробтардың және басқа ағзаға зиянды
улы заттардың орын алмауы керек, егер олар болған жағдайда
гигиеналық шектеу мөлшерінен аспауы шарт;
6. Тамақтың сырт көрінісі көзге жақсы көрінуі керек,
адамның тәбетін тартатын дәмді, хош иісті болуы керек;
7. Тамақ ағзаға күш түсірмейтіндей тез қорытылатын
жағдайда болып, көлемі қарын тойдыратын сезімді тудыруы
керек;
8. Тамақтану тәуліктік мерзімдерге дұрыс реттелуі керек.
Дұрыс тамақтанудың басты шартының бірі ағзаның ысырап
еткен қуатын толықтыру делік. Сондықтан тәуліктік тағамның
қуаты 10-15 % артық болуы шарт. Артық 10-15% не үшін қажет?
Ол ағзадағы негізгі зат алмасуды (негізгі алмасу) және ақуыз, май,
көмірсулардың қорытылуына қажетті қуатты қамтамасыз етуге
керек (тағамның динамикалық ерекшелік әсері - ТДЕӘ).
Негізгі зат алмасудың арқасында денеде қалыпты
температура сақталынады, ағзадағы мүшелер тиісті қызметтерін
атқарады, кірпік қағылып, ойлау қабілеті реттелінеді.
Әрбір мегакалорияға шектегенде А дәрумені 830 мЕ, Е
дәрумені 6-10 мг болуы керек. Кальцийді, магнийді, фосфорды
және темірді реттілігімен келтірсек олар 270-330, 170, 530 және 5
мг болады.
Тағамды құрамындағы ақуыздар сапасына қарап бағалау
дұрыс тамақтануды көрсетеді, оларды біз тек тағамдармен ғана
қабылдаймыз. Ақуызсыз өмір жоқ, ол айрықша өсімтал ағзаға
ауадай қажет.
Әдетте ағзадан бөлініп тұратын азоттың мөлшері тағаммен
қабылданып отырған азоттың мөлшерімен тепе-тең болып келеді.
Мұндай азоттың тепе-теңдігі ағзада 55-60г ақуызды
пайдаланғанда ересек адамдарға тән. Бұл мөлшер қатерсіз деңгей
деп белгіленген, ал егер одан төмен болса, онда денсаулық
бұзылады, өсу тоқтайды. Бірақ осы деңгейді еске алғанда өмірде
орын алатын неше түрлі қиыншылық пен қорқыныштар, ауру
жағдайлары, еңбек ауыртпашылығы көрсетілмеген.
Сондықтан бұл қатерсіз деңгейді біз 1,5 есе арттыруға
мәжбүр боламыз, олай болса біздің ағзамыздың ақуызға талабы
күніне 85-90г болмақ. Біздің еліміздегі бекітілген ақуыз
көрсеткіші тәулік тағамымызда орташа есеппен 90-100 г, оның
60%-ын мал тағамдарының ақуыздары толықтырады.
Тағам сапасы майлардың мөлшерімен де сипатталады.
Күнделікті асымыздың 50 %-ын мал тағамдарының майы-мен,30
%-ын өсімдік майымен, 20 %-ын маргарин және асхана
майларымен шектесек, біз сапалы тамақтанған боламыз. Ағзаның
майға мұқтаждылығы ауа райының ерекшелігіне айрықша
байланысты болып келеді. Біркүндік қуаттың 33% -н мөлшері ауа
райы орташа шамадағы аудандарға шектеледі, суық жерлерде оны
5-7 %-ға арттыру қажет, ал ыстық аймақта, керісінше, 5-6 %-ға
азайтады.
Сапалы тағамның көмірсуларының құрамының ара қатынасы
мынадай болу керек: крахмал 75%- ға, қант 20%-ға, пектин
заттары 3%-ға , өзек (клетчатка) 2%-ға тең. Ас құрамында пектин
мен өзек ішектің қозғалысын жақсартады, микробтардың өсіп-
өнуіне жағдай жасалынады, ағзадан холестеринді шығарып
отырады.
Бұл жәйтті аз тәуліктік астың мәзірін ұсынғаңда ой еңбегімен
айналысатындарға, қарт кісілерге, семіздікпен қиналып
жүргендерге, қантты диабетпен ауырғандарға қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |