1. Тамақ індеті (антропозооноздар).
2. Тамақ гельминтоздары (био,- гео,- гельминттер).
3. Тамақпен улану (микробты, микробсыз және этиологиясы
белгісіз).
4.4.Жекеағзаныңқасиеттеріменбайланыстыаурулар
1. Тұқым қуалайтын және өмірде қабылданған ферментті
аурулар жатады.
2. Тамақтардан аллергия аурулары жатады.
4.5.Тағамдықазықтардыңзиянсыздығынбағалау
Адам әртүрлі тағамдармен тамақтанады. Тағамдар құнды
және сапалы болуы керек.
Жануарлардан алынатын тағамдарға:
- Ет, балық, сүт, жұмыртқа жатады.
Өсімдіктерден алынатын тағамдарға:
- бұршақтар, көкөністер, жеміс-жидектер жатады.
Барлық тағамдардың құрамы адам ағзасының сұранысын
қамтамасыз ететін құнды заттармен сипатталады. Тағам әртүрлі
компоненттерден тұрады, ол қуат көзі, пластикалық зат, сонымен
бірге оның минералды тұздар, дәрумендік қасиеті бар.
Жануарлардан алынатын тағамдар пластикалық материал
қызметін, нан және наннан жасалған тағамдар май-қуат көзі
қызметін атқарады. Өмдіктерден алынатын тағамдар, жеміс-
жидектер мен өсімдіктер биологиялық белсенді заттардың
қызметін атқарады.