1. Тағамның түсін, иісін, сыртқы көрінісін, консистенциясын,
дәмін анықтайтын органолептикалық тәсіл.
2. Тағам температурасын, тығыздығын, ылғалдылығын
анықтайтын физикалық тәсіл.
3. Тағамның химиялық құрамын, реакциясын,
қосындыларын анықтайтын химиялық тәсіл.
4. Тағамның морфологиялық құрылысын, арам тамақтар
(паразиттер) барын анықтайтын микроскопиялық тәсіл.
5. Микробтармен залалданғанын анықтайтын
бактериологиялық тәсіл.
6. Уланған тағамдарды жануарларға беріп бақылайтын
биологиялық тәсіл.
7. Тағамның радиоактивті заттармен залалданғанын
анықтайтын радиометрикалық тәсіл.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің ішінде органолептикалық,
физикалық тәсілдер жиі қолданылады.
Ал көбінесе ГОСТ көрсеткіштерін қолданады
Сүттіңгигиеналықсараптамасы Барлық адамдар үшін сүт биологиялық және тағамдық
құрамдары жағынан ең құнды тағамдардың бірі. Диеталық
тамақтануда қарттар және жас балалар үшін сүттің маңызы зор.
Сүтті күнделікті пайдалану ағзада ақуыз синтезіне керекті
амин қышқылдар түзілуіне, ағзаға керекті кальций және
фосфордың жеткілікті түсуіне әсер етеді.
Сиыр сүтінің химиялық құрамы: су 88,6%-ға, ақуыз 2,8%-ға,
май 3,2%-ға, көмірсу 4,7%-ға, қосындылар 0,7%-ға тең.
100 гр сүттің энергетикалық құндылығы 272 кДж (65 ккал).
Сүт ағзада жақсы сіңіреледі. Сүт құрамында А, Д, В
тобының дәрумендері бар. С дәрумені аз мөлшерде кездеседі.
Қышқыл сүт тағамдары (айрандар) өте дәмді, ағза қызметіне оң
әсер етеді. Олар В тобының дәруменіне бай. Қышқыл сүттің
балалар үшін маңызы зор, себебі сүт қатысуымен кальций және
фосфор оңай сіңіріледі.
Сүттен істелген қышқыл тағамдар (айрандар) сүтке
қарағанда әлдеқайда жақсы және үш есе тез сіңеді. Егер сүт бір
сағаттан кейін шамамен үштен біріндей сіңсе, кефир мен айран
толық сіңеді. Қышқыл сүт тағамдары асқазан шырынын
шығаруды жақсартады; ішекте газ пайда болуын азайтады және
ішектің жиырылып созылуын реттейді. Сондықтан, түнде жатар
алдында бір стакан кефир немесе қандай да болса бір қышқыл сүт
тағамын ішуге тырысу керек.
Сүттен дайындалған тағамның бірі - сыр. Оның 800-ден
астам түрі бар.
Ірімшік - неғұрлым құнарлы тағамдардың бірі. Оның
құрамындағы тағамдық заттардың барлығын дерлік ағза толық
сіңіреді. Сыр сиыр, қой және ешкі сүттерінен жасалады. Елімізде
сырдың 150-ден астам түрі шығарылады. Сыр бір-бірінен дәмі,
жұмсақтығы және сыртқы көрінісі бойынша ерекшелінеді.